Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Биоэтика туралы түсінік және ғылыми зерттеулер этикасының эволюциясы

Автор:   •  Октябрь 14, 2020  •  Реферат  •  4,768 Слов (20 Страниц)  •  764 Просмотры

Страница 1 из 20

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КЕАҚ

«Келісілді»  

ФИО

«___» _____________ 2019г.    

«Бекітілді»

ФИО_______________

«_____» ____________ 2019 г.

Тажиева А.Е., Байменова А.Е.

БИОЭТИКА

(Әдістемелік құрал)

        

Алматы

2019

УДК

ББК

ISBN

Тажиева А.Е., Байменова А.Е. Биоэтика. Әдістемелік құрал / С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті КЕАҚ, - Алматы, 2019, 17с.

Авторлар:

Тажиева А.Е. – «Биостатистика және ғылыми негіздер» кафедрасының оқытушысы (a.tazhieva@kaznmu.kz )

Байменова А.Е.– «Биостатистика және ғылыми негіздер» кафедрасының оқытушысы (baimenova-91@mail.ru )

Рецензенттер:

  1. ФИО
  2. ФИО

Әдістемелік құрал биоэтика түсініктемесі, басты мақсаттары мен қағидадалары көрсетілген және талаптары мен міндеті, ақпараттандырылған келісім құрастыру ережелері берілген.

        Әдістемелік құрал медициналық жоғары оқу орнының 3 курс студенттеріне арналған.

        Әдістемелік құрал  С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде  талқыланып бекітілген    (хаттама  №  айы, күні, жылы)

© 

ISBN

Мазмұны

Қысқартулар

4

Кіріспе

5

  1. Биоэтика туралы түсінік және ғылыми зерттеулер этикасының эволюциясы

5

  1. Биомедициналық зерттеулерді этикалық және құқықтық қамтамасыз ету

7

  1. Ғылыми зерттеулер этикасы бойынша Комитет

13

  1. Әлсіз топтар қатысуымен жүргізілетін биомедициналық зерттеулер. Қызығушылықтар қақтығысы, ғылыми алаяқтық, авторлық

16

Қорытынды

23

Қолданылған әдебиеттер тізімі

24

Қосымшалар

25

Негізгі қысқартулар мен ұғымдар тізімі

ЭК – Этика бойынша комитет

АҚ – Ақпараттандырылған келісім

АҚШ – Америка құрама штаттары

АИТВ – Адамның иммуннды тапшылығы вирусы

ДДҰ – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

ДМА – Дүниежүзілік медициналық ассоциясы

ЖИТС – Жүре пайда болған иммунитет тапшылығының синдромы

Кіріспе

1. Биоэтика туралы түсінік және ғылыми зерттеулер этикасының эволюциясы

Биоэтика XX ғ. 60-70 ж.ж. АҚШ мемлекетінде дамып, қазіргі таңда бұл терминді медициналық этикамен байланыстырады. Гиппократ этикасының дәстүрін жалғастыра отырып, медицинадағы жаңа этика кейбір мәселелерде дәрігерлік этикадан өзгешеленеді. Себебі, Гиппократ этикасы жасанды түсік және эвтаназия мәселеріне қарсылық білдірсе, ал биоэтикада бұл мәселелер ғылыми-бейтарап ретінде қарастырылады, яғни «қолдаймын» және «қарсымын» деген салыстырмалы дәлелдемелер анықталынады.

Биоэтика туралы түсінік 60 жылдардың екінші жартыжылдығында қалыптасты. Адамзаттың өмір сүруіне потенциальды қауіптілікпен байланысты этикалық мәселелерді айқындау үшін «биоэтика» терминін алғаш рет 1969 жылы американдық биохимик және онколог Ван Ронселлер Поттер (1911-2001) өзінің 1970 ж. «Биоэтика – өмір сүру ғылымы» атты мақаласында және 1971ж. «Биоэтика – болашаққа көпір» атты кітабында ұсынды [1].

Биоэтика тар мағынада және кең ұғымда қолданылады. Тар мағынада биоэтика дәрігер мен науқас арасында туындайтын қарым-қатынастың  этикалық мәселелерін қамтиды. Кең мағынада – әлеуметтік, құқықтық, медициналық және философиялық мәселелер кешенін медицинада және биологияда жаңа технологиялардың даму нәтижелерімен байланыстырылады. Қазіргі таңда биоэтика этикалық, философиялық және антропологиялық мәселелерді қарастыратын пәнаралық зерттеулер саласы мен денсаулық сақтау тәжірибесіндегі жаңа технологияларды енгізу мен биомедициналық ғылым үрдісімен тығыз байланысты [2].

...

Скачать:   txt (72.7 Kb)   pdf (286.4 Kb)   docx (40.3 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club