Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бесатар. Сол бір шілдеде

Автор:   •  Октябрь 1, 2025  •  Реферат  •  570 Слов (3 Страниц)  •  35 Просмотры

Страница 1 из 3

«Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті»

Филология факультеті

Баяндама

Тақырыбы: Бесатар. Сол бір шілдеде

Орындаған: Ерболған Ұлжан

Тобы: КЯЛ-303

Қабылдаған:Қиықбай Қуат Қазезұлы

Семей 2024

Сол бір шілдеде...

Шығарма басталған бетте «сол бір шілдеде» «бердеңкенің өңменінен балқып шыққан жалғыз оқ кәрілі-жас бұғананы қырқып қана суыды» деген сөйлем арқылы 1916 жылғы қанды қырғынды көз алдымызға елестетеді.

Асқар Сүлейменов – 1917 жылғы революциялық төңкерісті, соның қарсаңындағы, сонан кейінгі өзгерістерді өз бастарынан кешірген Жүсіпбек Айтмауыт­ұлы, Мағжан  Жұмабаев сияқты тұлғалы жазушылардың жалғасы.Асқар Сүлейменовтің «Бесатар» повесі басты мәселені образ арқылы астарлап жеткізетін аллегориялық стильде жазылған. Шығармаға «Бесатар» деген атау беру арқылы автор оқырмандарды бірден соғыс, қару-жарақ жұмсалатын оқиғаға дайындайды. Сондықтан ғалым Ұ.Еркінбай: «Бесатар» – бір авторлық стратегияны практика жүзінде көрсеткен шығарма. Тікелей генетикалық ерекшелігімізді сақтай отырып, осылай да жазуға болатынын нақты көрсеткен. Ерекшелігі бес саусақтың саласындай анық байқалады. Ішкі мәтін энергетикасы көзге ұрып тұр», – дейді.

Асқар Сүлейменовтің «Бесатар» повесі 1968 жылы жазылып, үзінділері «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде жарияланған. Көзі тірісінде «Бесін» деп аталған тұңғыш әңгімелер, повестер жинағы 1970 жылы «Жазушы» баспасынан шығады. Бұл туралы жазушы Ғабит Мүсірепов «Кітап аты – «Бесін», авторы – Асқар» («Қазақ әдебиеті», 1970 жылы 25 сентябрь) деген мақала

жазды: «Менің алдымда Сүлейменұлы Асқардың «Бесін» атты кітабы жатыр. Соған кірген «Бесатар» атты повесі мені көптен қызықтырып жүр. Жас жазушының өзіндік бет алысын, болашақтағы өрісі мен өресін аңдағандай боламын.

«Бесатар» – қарудың түрі, қазақтар маузерді «бесатар» деген.Бұл жерде бесатар – символ, яғни империялық патша өкіметінің қанды саясаты, озбырлығы, аяусыз таптауы, атып-шабуы деген мағынаны жүктеп тұр.

Жанры: повесть

Идеясы: Ұлттық құндылықтарды көрсете отырып, жеке адам трагедиясын көрсету

Тақырыбы 1916 жылғы көтерілі пен Созақ көтерілісі

Оқиға орны: Қазығұрт тауында 1916 жылы 7-8 шілде аралығында орын алған оқиға.

Қазаққа тән мінез: қазақ екеу болса бірі - шоқ, бірі -мұз. Ал үшеу болса цирк.

Басталуы: 1916-1917 жылғы ауыр кезеңде орыс шолақ белсендісі Иноземцевтің қазақ ауылына шабуылдауы.

...

Скачать:   txt (8.5 Kb)   pdf (114.8 Kb)   docx (11.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club