Адам болмысы
Автор: OndAsem • Декабрь 10, 2022 • Эссе • 539 Слов (3 Страниц) • 772 Просмотры
Орындаған:Абдуалиева Бибіайша Нұрланқызы
Тобы:Кя-21-3
«Адам болмысы» Эссе
Адам – бұл әлемнің өзгелермен салыстырғанда ең ақылды,ең зерек,еңбекке қабілетті,яғни қолынан тың дүниелер келетін шебер,бір сөзбен айтқанда әмбебап жаратылыс.Дегенменде адам баласы бірден осындай күшке ие болмады.Олар да жер бетіндегі басқа тірі жәндіктер сияқты ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесінде қалыптасты. Алайда,қазіргі адам мен сол ерте замандасы адамның болмысы,рухани құндылықтарды өзгеше сипат алғандай.Қаншама еңбек пен ізденістің арқасында қазіргіден жетістікке жетсе де,бұл адам санасының одан сайын дамып жатқанын белгісі емес тәрізді.Уақыт өткен сайын адамда өзгеріп барады.Яғни көбінесе мінезі,іс-әрекеті бір сөзбен айтқанда санасы.Абай атамыздың «Жетінші қара сөзінде»: «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдайтағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан...» деп адамзат қауымын хайуандар дүниесінен бөлек екенін, оның ерекшеліктерін көрсетеді. Осы ойды әрі қарай жетелей, тереңдете түсіп: «Жас бала да анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, Һәм өзі өспейді, қуат таппайды».Демек бұл жерде бір адам ішсем,жесем десе,біреуі білетіні,үйренейінші,дамиын дейді.Бұл жерде адам баласын екі жағдаятқа бөліп қарадым.Яғни бірі жаман бірі жақсы адам болмаса адам болып қалыптаса алмаймыз.Алла бізді жақсы ,жаман адам болып жаратпады.Адамға сана берді.Адам өзінің санасына қарай жақсы не жаман әрекет жасайды.Міне осы қасиеттер адамның «адам» болып қалыптасып,адамдық болмысты сақталуына себепші.
Жалпы философиялық ғылым бойынша,адам болмысы жайлы көптеген пікір,көзқарас,мәліметтер айтты.Мәселен адам не үшін өмір сүреді,неге? Осы сұраққа Достоевский былай деп жазған: «адамдардың болмыстың құпиялы тек қана өмір сүру үшін емес,не үшін өмір сүруде.Оған өмір сүрудің не үшін,ол өмір сүру керек түсінігін қатты ұстанбайынша адам өмір сүрге келіспейді,жерде қалғанда...тіптен өзін жояды».Сонымен қатар Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп айтады Абай. Сонымен, жетілудің негізі – жанды, жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.Мен осы айтылған Абайдың пікіріне келісемін.Яғни адамның ішкі жан дүниесін,тәрбиесі арқылы,жүрегі арқылы білеміз.Менің ойымша адам өзін қалыптастыру үшін,берілген парызды амалдарды өтеп,өзге адамдарға бір құндылық қалу үшін,Аллаға құлшылық жасау үшін жаратылған деп ойлаймын.
...