Әлеуметтану агенттері
Автор: kuangalieva • Октябрь 5, 2019 • Эссе • 1,360 Слов (6 Страниц) • 7,572 Просмотры
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
Эссе
Тақырыбы: «Әлеуметтану агенттері»
Орындаған: Куангалиева М
Тобы: 206-ФӨТ-ҚБ
Қабылдаған:
Шымкент 2019
Әлеуметтану жалпы француз тілінен аударған кезде қоғам туралы ілім деген мағынаны білдіреді. Ол біртұтас жүйе ғылым ретінде қоғаммен әлеуметтік таптармен, топтармен сонымен қатар тәртіптер мен үрдістермен байланысты ерекше қарастырылған ғылым. Қазіргі таңда әлеуметтану жеке пән ретінде қарастырылған . Әлеуметтану ол біздің мінез-құлқымызды, жүріс тұрысымызды, адамдар мен қарым-қатынасымызды, алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізуге, қиындықтарды ақылмен, оймен шешуге тәрбиелейді. Соның ішінде жеке тұлғаның балалық шағынан өмірінің сонына дейін қалыптасатын әлеуметтану пәнің ерекше қарастырылған тақырып «Әлеуметтендіру агенттері» деп аталады.
Әлеуметтендіру агенттері дегеніміз – латын тілінен аударғанда обьективті түрде жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесіне қатысушы әлеуметтік институттар мен факторлар. Әлеуметтендіру агенттеріне отбасы, оқу орындары, саяси және қоғамдық институттар, дін, мүдделер тобы, оқиғалар және қоғамдық өмір процес құбылыстары жатады. Бұлардың барлығы жалпы жеке тұлғаның әлеуметтік психология жағынан қалыптасуына маңызды ықпал етеді. Жеке тұлға өмірінің әр кезінде яғни, балалық шағына, жасөспірім кезіне, еңбекке дейінгі, ақыл тоқтатқан, зейнетке шыққан соң қарастырылатын өмірінің әр кезеніне сай келетін өз агенттері бар. Әлеуметтену ол білім алудың үздіксіз процесі болып саналады. Өмірден алған қиындықтар мен жаңа сабақтардан соң әрбір адам өз өзіне есеп беріп, яғни қоғамдағы орнын қайта қарастыруы қажет. Бұл проблемалар әрбір жеке тұлғаның басынан өткен, өмірде маңызды өзгерістер болған кезде орын алады. Мысалы, үйден алғаш кеткенде яғни, ата-ананның көмегінсіз жаңа өмір бастаған кезде, әскерге алынғанда, жұмыс орнын өзгерткенде айқын көрінеді. Осы өзгерістердің барлығы сана сезімізді арттыруға, көзқарасымызды түзетуге, жаңа талаптарға бейімделуді қажет етеді.
Отбасы-әлеуметтендірудің аса маңызды агенті, өйткені баланың алғашқы және ең жақын әлеуметтік ортасын құрайды, ол өзі неғұрлым кең әлеуметтік ортаға кіреді, және оның ізін алады.Әрбір ата-ана баланы тамақтандыру мен жаялығын ауыстырған кезде балаға күлімсіреп, сойлейді. Бұл тәрбиелеу шаралары аса маңызды, себебі бұлар болмаған жағдайда баланың әлеуметтік, эмоциялық және физикалық өсуі тежеледі. Отбасы көмегімен бала қоғамға сай келеді. Отбасы оған атау береді және оны өткен бірнеше ұрпақтарға кететін шежіреге қосады. Осылайша, адамның алғашқы әлеуметтік мәні отбасында қалыптасады. Ата-аналардың әлеуметтік жағдайы баланың өмірінің алғашқы 20 жыл ішіндегі әлеуметтік мәртебесін анықтайды.
Отбасында бала қоғамдағы өзін-өзі ұстау және басқа адамдармен қарым-қатынас жасау ережесімен танысады. Сонымен қатар отбасы — әлеуметтену процесіне теріс әсер ететін әлеуметтік институт.
Ата-аналардың төмен әлеуметтік жағдайы, маскүнемдік, жанжалдар, олардың жұмыста бағынышты жағдайы, әлеуметтік иеліктен айыру, отбасының толық болмауы (ата-анасының біреуінің болмауы), ата-аналардың балалармен қатыгез қарауы-осының барлығы баланың мінезіне, дүниетанымына және әлеуметтік мінез-құлқына, сайып келгенде оның әлеуметтік мәртебесіне және оған қазір орындауға тура келетін немесе болашақта орындауға тура келетін әлеуметтік рөлдерге белгі қояды.
...