Әлеуметтанулық қиял
Автор: mukhanbetsali • Октябрь 7, 2022 • Эссе • 901 Слов (4 Страниц) • 340 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті «Химия және химиялық технология»
СӨЖ
Тақырыбы: Әлеуметтанулық қиял
Орындаған:Мұханбетсали А.Р.
Тексерген:Авсыдыкова К.А.
Алматы, 2022 ж
«Әлеуметтанулық қиял» түсінігіне анықтама беріңіз Қазіргі адамға неліктен «әлеуметтанулық қиялды» меңгеру мен әлеуметтанулық перспективаны көре алу маңызды екендігін түсіндіріңіз.
Әлеуметтанулық қиял деп жеке адамның проблемасын түсінуді, кең әлеуметтік құрылымдарды, аз дегенде іштей түсінуді көрсететін қабілетті айтады.
Миллс әлеуметтанулық қиялды адамдардың әлеуметтік құрылымдары мен мінез-құлқын түсінуге мүмкіндік беретін зерттеушінің ерекше психикалық күйі ретінде анықтайды. Бұл таныс нәрселерге жаңа көзқараспен қарау, құбылыстардың байланысын және олардың артындағы үрдісті көре білу. Миллстің пікірінше, «Әлеуметтануды зерттеу нәтижелерінің бірі газет оқи білу болуы керек. Өте қиын міндет болып табылатын газет материалдарын түсіну үшін хабарланған оқиғаларды байланыстыруды үйрену, оларды қоғам өмірі туралы жалпылама түсініктермен, сондай-ақ олар болып табылатын тенденциялармен байланыстыра түсіну қажет. бөлігі. Мәселенің түйіні мынада: әлеуметтану – бұл, ең алдымен, газетте оқып жүргенімізден асып түсетін әдіс. Ол бізге мұны істеуге көмектесетін тұжырымдамалар мен сұрақтар жүйесін ұсынады».
Ч. Райт Миллстің пайымдауынша, әлеуметтiк қиял дегеніміз – адам басына түскен қиындықтарды маңызды қоғамдық мәселе, барлығына ортақ мәселе деп түсіну. Миллстің айтуынша, біз барлық нәрсені бақылауымызды ұстай алмаймыз, көптеген нәрселер қоғамның түзілуі барысында жүзеге асады.Мысалы, Миллс былай деп жазады:
«100 мыңға жуық тұрғыны бар қалада тек бір адам ғана жұмыссыз болса, бұл – оның жеке басына қатысты жайт, солай бола тұра көмектесу үшін сол адамның мінез-құлқын, оның дағдыларын және мүмкіндіктерін қарастырамыз. Бірақ 50 миллион адамнан тұратын елде 15 миллион адам жұмыссыз болса, бұл – ортақ (қоғамдық) проблема, бірақ оны жеке тұлғаның мүмкіндіктері аясында шеше алмаймыз. Мүмкіндіктердің құрылымы бұл жерде іске аспайды. Проблема дұрыс қойылуы үшін және ықтимал шешімдер ауқымды болуы үшін тек жеке басқа қатысты жайттар мен жеке тұлғалардың жағдайын емес, қоғамның экономикалық және саяси институттарын қарастыру талап етіледі. Күнделікті өмірде біз тарихтың, экономикалық ерекшеліктер мен әлеуметтік құрылымдардың өмірге тигізетін әсерін сирек байқаймыз. Егер бала нашақор болса ата-ана өздерін кінәлайды; мектепте нашар оқыса көпшілік оқушының өзін жазғырады. Әлеуметтанулық қиялды дамыту дегеніміз – осы сияқты мысалдардың қоғамдағы жағдайлардың салдары екенін және оны адамның өзі толық бақылай алмауы мүмкін екенін түсіну».
Мысалы, кейбір адамдардың мектепте нашар оқуы олардың ақылсыз немесе жалқау болғандығынан емес, отбасының қажетті қаржылық немесе психологиялық қолдау көрсете алмауынан. Мәселені ат үсті қарап оларды кінәлау дұрыс емес.Кейбір оқушылардың оқу үлгеріміне отбасылық жағдайы тікелей байланысты, себебі көптеген ата-аналар оқушыға мектепті жақсы оқу үшін тыныштық пен қаржылай және моральды қолдау қажет екенін түсінбейді. Ал кейбір отбасыларда осының барлығы болғандықтан,тіпті оқуына арнап ноутбук,көлік сияқты алып беріп жатады. Кейбір студенттер оқудың орнына, сол оқудың ақшасын төлеу үшін жұмыс жасайды. Сондықтан проблемаға бір көзбен қарамай, тереңіне үңіліп, түсіністікпен қараған жөн. Көбінесе оқушылар мен студенттердің оқуда артта қалуы сыртқы факторларға тікелей байланысты болады.
...