Әлеуметтанулық қиял
Автор: Тамирис Абай • Октябрь 23, 2022 • Эссе • 416 Слов (2 Страниц) • 234 Просмотры
Әлеуметтанулық қиял
Әлеуметтану – әлеуметтік топтарды, әлеуметтік өзара аэәрекеттесуді және қоғамды жүйелі түрде зерттейтін ғылым.
Ал әлеуметтанулық қиялдың әлеуметтануда маңызы қандай? Ол үшін алдымен Әлеуметтік қиялдың өзіне анықтама беріп кетсем:
Әлеуметтік қиял –жеке адам мәселесін, негізгі әлеуметтік құрылымдарды, кемінде ішінара түсінуді көрсететін қабілет. Әлеуметтік қиялды түсіну үшін Ч.Райт Миллстің пікіріне жүгінеміз. Оның ойынша, әлеуметтік қиял жеке бастағы қиындықтарды аса маңызды қоғамдық проблема, ортақ мәселе ретінде қабылдау. Миллстің айтуынша біз көп нәрсені толықтай бақылай алмаймыз, көптеген құбылыстар қоғамның түзілуінен келіп шығады да, бізден тыс жүзеге асып жатады. Мысалы, Миллс былай деп жазады:
«100мыңға жуық тұрғыны бар қалада тек бір адам жұмыссыз болса, бұл- оның жеке мәселесі, олай болса көмектесу үшін сол адамның мінез-құлқын, оның дағдыларын және мүмкіндіктерін қарастырамыз. Бірақ 50млн халқы бар елде 15млн адам жұмыссыз болса, бұл-қоғамдық проблема, бірақ оны жеке тұлғаның мүмкіндіктері аясында шеше алмаймыз. Проблема дұрыс қойылуы үшін және ықтимал шешімдер ауқымды болу үшін тек жеке басқа қатысты жайттар мен жеке тұлғалардың жағдайын емес, қогамның экономикалық және саяси институттарын қарастыру талап етіледі.»
Әлеуметтанулық қиялды меңгерудің маңызына келсек.
Әлеуметтанулық қиял иесіне үлкен тарихи көріністі әр алуан адамдардың ішкі өмірі мен сыртқы мансабы үшін мәні бойынша түсінуге мүмкіндік береді.
Күнделікті өмірде социологиялық қиял қалай қолданылады?
Әлеуметтанулық қиял өзін күнделікті тәртіптен тыс орналастыру және өз іс-әрекетін немесе өмірін үшінші тарап тұрғысынан қарауға жағдай жасайды. Бұл әлеуметтік нормаларға немесе әрекеттерге басқаша әсер ететін факторларға тәуелді болмай, өзін-өзі түсінуге, көбірек шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
...