Әлеуметтанулық қиял
Автор: Алдияр Аманжолов • Октябрь 9, 2021 • Реферат • 1,049 Слов (5 Страниц) • 4,974 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
[pic 1]
СТУДЕНТ: Алдияр Аманжолов
Оқытушы: Авсыдыкова Куралай Адылжановна
"Әлеуметтанулық қиял"
Әлеуметтану - адамдардың бір - бірімен өзара әрекетке түсуін, әрекет кезіндегі бір - біріне деген қарым- қатынасын , мінез -құлқын жүйелі түрде зерттейді . Бүл орайда, өзара әрекетке түсу үлгілеріне басты мән беріледі - бүл үлгілердің қалай дамиды, оларды қалай қолдануға болады және қалай өзгереді деген сұрақтар қарастырылады. Әлеуметтану XVIII және XIX ғасырлардағы саяси, экономикалық және интеллектуалдық төңкерістер кезінде зерттеу саласы ретінде пайда болды. Әлеуметтанудың негізін салушылар: Конт, Спенсер, Маркс, Дюркгейм және Вебер. Әлеуметтану көптеген қоғамдық ғылым салаларымен тығыз байланысты . Мысалға : саясаттану,экономика, психология және антропология сияқты коптеген ғылым салаларымен байланысады.Осы салалардың бәрі адамның әлеуметтік мінез-құлқын және белгілі бір дәрежеде қоғамды зерттейді. Бұдан басқа, бұл салалар жаңа білімді қалыптастырудың ең жақсы тәсілі ретінде ғылыми әдіске назар аударады. Ғылымның бұл саласы дәлелдемелерді жүйелі түрде сараптауға негізделген эмпирикалық зерттеулерге сүйенеді, яғни қандай да бір тұжырым жасамай тұрып зерттеушілердің дәлелдерінің объективті түрде бағалануын күтеді. Қоғамдық ғылымдарды журналистикадан және адамды зерттейтін басқа салалардан ерекшелендіретін нақ осы эмпирикалық көзқарас.
Әлеуеттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен салыстырғанда өзіндік айырмашылығы бар . Антропологтер, ең алдымен, адам (немесе адамдық емес) мәдениетіне ден қояды. Мәселен, антропологтар кей мәдениетте зорлық-зомбылықтың басқаларға қарағанда неге көп таралғанын және мектеп бітіру кештері, мейрамдардың қандай мақсаттарда жасалатынын зерттейді. Психологтар адамның жеке мінез-құлқына және ойлау ерекшеліктеріне назар аударады, мысалы, «Неге кей адамдар күйгелек болып келеді?» немесе «Неге кей адамдар басқаларға қарағанда, әлденеге көбірек құмар болады?» деген сұрақтарға жауап іздейді. Саясаттанушылар саяси жүйе мен мінез-құлықты, мысалы, диктаторлықтың өсуі мен құлдырауы сияқты проблемаларды зерттесе, экономистер тауарлардың қалай өндіріліп, қалай таратылатынын және қызмет көрсету түрлерінің қалай пайда болып, қалай қолданылатынын зерттейді, мәселен, «Жұрттың көбі неге камерасы бар ұялы телефон алады?» деген сияқты сұрақтардың жауабын қарастырады. Әлеуметтанушылар мәдениетті, жеке мінез-құлық, саясат пен экономиканы зерттесе де осы және басқа проблемалардың әлеуметтік топтар мен әлеуметтік өзара әрекеттерге қалай эсер ететінін басты назарда ұстайды.
Әлеуметтанудағы ең негізгі ұгымдардың бірі - әлеуметтік құрылым. Әлеуметтік құрылым - белгілі бір қоғамды құрайтын топтық қарым-қатынастардың қайталанып келіп отыратын үлгілері. Ол тек мінез-құлық сияқты жекелеген проблемаларды ғана емес, білім алуды, неке құруды қалай ұйымдастыру керектігі сияқты кеңірек контекстегі проблемаларды да қамтиды.
Әлеуметтік қиял деп жеке адамның проблемасын түсінуді, әлеуметтік құрылымдарды, аз дегенде ішінара түсінуді көрсететін қабілетті айтамыз. Ч. Райт Миллстің пікірінше, әлеуметтік қиял дегеніміз - жеке бастағы қиындықтарды (мысалы, кедейлік, ажырасу немесе сеиімнің жоғалуы), аса маңызды қоғамдық проблема, жалпыға ортақ проблема деп түсіну. Миллстің айтуынша, көп нәрсені біз толықтай бақылай алмаймыз, көптеген қүбылыстар қоғамның түзілуінен келіп шығады да бізден тыс жүзеге асып жатады.
Күнделікті өмірде біз тарихтың, экономикалық ерекшеліктер мен әлеуметтік құрылымдардың өмірге тигізетін әсерін сирек байқаймыз. Егер бала нашақор болса ата-ана өздерін кінәлайды; мектепте нашар оқыса көпшілік оқушының өзін жазғырады. Әлеумегтік қиялды дамыту дегеніміз - осы сияқты мысалдардың қогамдағы жағдайлардың салдары екенін және оны адамның өзі толық бақылай алмауы мүмкін екенін түсіну. Мысалы, кейбір адамдардың мектепте нашар оқуы олардың ақылсыз немесе жалқау болғандығынан емес, отбасыньң қажетті қаржылық немесе психологиялық қолдау көрсете алмауынан. Кейбір оқушылардың іні-қарындастарына көмектесу үшін аптасына сабақтан тыс 30 сағаттай жұмыс істеуіне тура келеді. Енді біреулеріне жақсы оқу қиынға соғады, себебі олардың отбасылары колледждің нені талап ететінін немесе колледждің оқушыларына сабаққа дайындалу үшін тыныштық қажет екенін түсіне бермейді. Керісінше, кейбір студенттердің оқу үлгерімін жақсартуға бар мүмкіндік жасалған: ата-аналары оқу ақысын төлеп, күнделікті шығындарын өтеп, психологиялық қолдау көрсетіп отырады, тіпті ноутбук, iPad және жаңа автокөлікте әпереді. Кім колледжден шығып қалады, ал кім оқуды ойдағыдай бітіреді - бұл жағын ата-аналардың әлеуметтік жағдайы анықтауы мумкін.
...