Әлеуметтанулық қиял
Автор: kulmaganbetnuur • Апрель 15, 2022 • Эссе • 617 Слов (3 Страниц) • 600 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
ЭССЕ
Тақырыбы: Әлеуметтанулық қиял
Орындаған: Кулмаганбетова Нурай
Тексерген:Омарова Асем Турдыбековна
Алматы, 2021ж
Жалпы әлеуметтанулық қиялдың бастауы – “әлеуметтану” ұғымын тұжырымдаумен бастар болсам, ол осы қоғамдағы барлық адамдардың бірімен - бірінің араласу жайтын, тұлғалық қасиеттері мен мінездерін тереңірек назарға ала түйіндейді. Әлеуметтану сан алуан ғылыммен тығыз байланысты, мәселен, экономика, саясаттану мен психология және т.б.
Дегенмен әлеуметтанудың сол барлық ғылымдардан ерекшелігі зор. Себебі, бұл сала сол саясатты, психология мен мәдениетті қамти тұжырымдаса да, оған қатысты барлық мәселелердің адамдарға қандай дәрежелі әсер беретінін алға тартады.
Одан бөлек әлеуметтанулық қиял ұғымына шолу жасамас алдын тағы бір түсінік мәнін ашқан жөн. Ол - әлеуметтік құрылым. Ол бұл саладағы өте маңызы бар тұжырым. Бұл топтық ара-қатынастардың қайталанатын жүйелі түрлері саналады.
Ал енді әлеуметтанулық қиял түсінігіне келер болсам, ол жалпы осы әлеуметтік топ өкілдерінің жеке бас мәселелерін талдай отыра, зерттеп, оны түсінуге ынталандырушылық. Осы тұста, мен әйгілі зерттеушінің тұжырымын да сөзге тиек етуді жөн көремін. Мысалы, неміс ғалымы Брайт Лериннің ойлауынша, әлеуметтанулық қиял ол тек жеке адам басындағы мәселе деп қарастырылмауы керек, керісінше жалпы мемлекет не ұлтқа қарасты етсе, оның шешілу жолдары да ортақ іздестіріліп, мейлінше жылдам жойылары сөзсіз деген пікірде.
Одан бөлек, Энтони Гидденс түсіндірмесіне келер болсам,осы әлеуметтанулық қиялдың үш әлеуметтік сезімталдық формасы бар екендігін алға тартады,олар: тарихи, антропологиялық және сыншылдық. Осы тұста оның бастапқы екі формасын тереңірек зерттеу сыншылдық формасына алып келетіндігін айта өтеді. Бұл формалар кез-келген мәселеге бір жақты ғана қарамауға, және әр саланы ортақ идеяда ұйымдастыруға жетелейді.
Иә, менің ойымша қоғамда туындайтын мәселе жеке адам өмірінде орын алғанымен, ол туындаған ортада ортақ шешіліп, өрбісе ғана нәтижеге жетері сөзсіз. Әлбетте бұл жайында қоғамда сан алуан түсінік бар. Мысалы, белгілі бір отбасында баласы тіл алмай, үйден кетіп, жаман әдетке бейім болса, оның отбасы өздерін сол үшін кінәлі сезініп, ұяла қарайды.Немесе, мектеп не жоғарғы оқу орындарының білім алушылары үлгерімі тым төмен болып жатса, менің тұжырымдауымша оған өзі емес, тағы да қоғамдық не әлеуметтік проблемалар ғана себеп деп санаймын.
...