Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтанулық зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу

Автор:   •  Февраль 5, 2021  •  Практическая работа  •  450 Слов (2 Страниц)  •  2,304 Просмотры

Страница 1 из 2

Үшінші апта

№3 Практикалық сабақтың тақырыбы: Әлеуметтанулық зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу.

Тапсырма:

  1. Әлеуметтік зерттеу дизайны.

Әлеуметтік зерттеулер - әлеуметтік, қоғамтанулық зерттеулердің бір түрі, қоғамды жекелеген ғылымдардағы арнайы және нақтылы-әлеуметтік зерттеулерде жалпытеориялық және әдістемелік негіз, "өзегі" ретінде қарастырады. Әлеуметтік зерттеулерді бір жағынан, жалпылама, абстрактылы, қоғамды өзіне тән әмбебап белгілеріне, мәніне, бүкіл әлем заңдылықтарына сай зерттейтін әлеуметтік-философиялық зерттеулерден ажыра- тып қарау керек; екінші жағынан, қоғам¬дағы нақтылы, арнайы ғылымдардағы - саясаттану, экономикалық теория, мәдениеттану, әлеуметтік психология, құқықтану, этнология және т.б. - әлеуметтік зерттеулерден бөліп қарау керек. Бұнда қоғам әлеуметтік біртұтас түрінде зерттелмей, оның кейбір жекеле¬ген құрылымдары, бөлігі, саласы қарас- тырылады. Әлеуметтік зерттеулерге сай белгілер: әлеу- меттік шынайылықты зерттеуге жүйелі көзқарас; әлеуметтік дәйектерге сүйену; эмпирикалық материалдар қолдану. Әлеуметтану құрылымына сай Әлеуметтік зерттеулер теориялық және эмпирикалық; негізгі және қолданбалы; макро, микро және орта деңгейдегі болып бөлінеді. Маңызы жағынан көпшілік Әлеуметтік зерттеулер бір әлеуметтік құбылыстың немесе процестің екіншісінен тәуелділігін анықтаудан тұрады.

  1. Мәліметтерді талдау.

Әлеуметтанудағы Деректерді талдаудың негізгі мақсаты — статистикалық заңдарды зерттеушілерді қызықтыратын кейбір мәліметтерді анықтау (растау, түзету); немесе, басқаша айтқанда, осы мәліметтердегі ақпаратты белгілі бір түрде қысу, орташалау. Деректерді талдау әдіснамасында әлеуметтанулық зерттеулер әдіснамасының салалары ретінде құрылымдық жағынан, кем дегенде, келесі өзара байланысты бөліктерді бөліп көрсету керек:

Әлеуметтанушының осы типтермен жұмыс істеуінің мынадай міндеттері, тәсілдері, тәсілдері, әдістері контекстіндегі деректер түрлері ("мемлекеттік статистика" түріндегі деректер; "қарапайым" құрылымдағы сұрақтар құралдары арқылы алынған деректер; "күрделі" құрылымдағы сұрақтар құралдары арқылы алынған деректер; уақыт бюджетін пайдалану туралы деректер, әртүрлі түрдегі мәтіндік деректер).

...

Скачать:   txt (7.8 Kb)   pdf (71.6 Kb)   docx (9.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club