Әлеуметтанудың классикалық кезеңіндегі әлеуметтанушылар мен негізгі ұғымдар
Автор: sagenura • Сентябрь 29, 2021 • Реферат • 324 Слов (2 Страниц) • 462 Просмотры
Әлеуметтанудың классикалық кезеңіндегі әлеуметтанушылар мен негізгі ұғымдар бойынша кестені толтырыңыз:
Әлеуметтанудың классикалық кезеңі | ||
Негізгі ұғымдар | Ұғымды кім қарастырды | Ұғымның мазмұны |
Позитивизм | О.Конт | Барлық білім кейбіреулерден алынады деген философиялық ағым. |
Әлеуметтік статика | О.Конт | Қоғамдық жүйе жұмысының жағдайлары мен заңдарын меңгереді. |
Әлеуметтік динамика | О.Конт | Қоғамдық прогресс теориясын дамытады.Және оның ойынша мұндағы шешуші фактор адамзаттың рухани және ақыл-ойының дамуы болып табылды. |
Социал-дарвинизм | Г.Спенсер Т.Мальтус Ф.Гальтон Ф.Ницше Э.Геккель | Қоғамдағы адамзат дамуы заңдылықтарын биологиялық эволюциямен байланыстыратын идеялық ағым. |
Органикалық әлеуметтану | Г.Спенсер | Г.Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемелекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Г.Спенсер қоғам мен организм арасында кейбір ерекшеліктер туралы,ой-пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал, организмнің бөліктер мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керісінше, тұтастық өзінің бөліктерінің, игілігі үшін өмір сүреді. |
Қоғамның эволюциялық дамуы | Г.Спенсер | Түрлердің уақыт өте келе өзгеру және бейімделу процесі. Сондай-ақ, жаңа түрлердің бұрын болған түрлерден қалыптасу процесі. |
Құрылымдық-функционалдық | Толкотт Парсонс | Қоғамда өзінің құрылымы мен өзара әрекеттесу механизмдерінің құрылымдық элементтері бар әлеуметтік жүйе ретінде түсіндірілетін әлеуметтанудағы әдістемелік тәсіл. |
Аномия | Э. Дюркгейм | Яғни, қалыпсыздық деген мағынаны береді.Қоғамның өз мүшелеріне қатысты реттеуші күшінен айырылғанын, ал адамдардың қоғам құндылығына сенуден қалғанын және соған орай бағыттан адасып, ненің жақсы ненің жаман екенін түсінуден қалғанын көрсетеді. |
Қоғамдық формациялар | К.Маркс | Тарихи дамудың белгілі сатысында түратын қоғам |
Қоғамдық еңбек бөлінісі | К.Маркс | Еңбек қызметі түрлерінің ара жігін ажырату |
Буржуазия | К.Маркс | Елдегі капиталдың едәуір бөлігін иемденген әлеуметтік топты атайды. |
Пролетариат | К.Маркс | Капиталисттік қоғамда жалдамалы жұмысшы табы. |
Қоғамның революциялық дамуы | К.Маркс | Табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер |
Конфликтті көзқарас, конфликт теориясы | К.Маркс | Күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы. |
Идеалды тип | Макс Вебер | Бейне-схема, зерттеуші – социолог танитын нақты материалды тәртіптеу мен жүйелеу тәсілі |
Бюрократия | М.Вебер | Атқарушы билік орталықтарының қоғам мүшелерінің еркінен тыс қалуына негізделген саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйе |
Харизмалы тұлға | Э.Трельч М.Вебер | Аса дарындылық; қандай да бір тұлғаның қисынмен түсіндіруге келмейтін, айналадағыларға қатты ықпал ету, әсер ету мүмкіндігі. |
Престиж | Зигмунд Фрейд | Адам еңбектерін қоғамның қадірлеу өлшемі және белгілі бір қауымдағы қабылданған құндылықтарымен субъектінің әлеуметтік маңызды сипаттарын салыстыру нәтижесі. |
Әлеуметтік іс-әрекет | М.Вебер | Біріншіден, ол оңтайлы, саналы түрде болуы, ал екіншіден басқа адамдардың мінез-құлқына бағытталуы қажет |
Әлеуметтік мобильдік | П.Сорокин | Жалпы алғанда әлеуметтік субьектінің мәртебесінің өзгеруін айтамыз.Бұл сөздің этимологиясы әлеуметтік иерархияның түрлі қабаттарының арасындағы индивидтердің қозғалысын білдіреді.Бұл сөзді 1920 жылы ғылымға енгізді. |
...