Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі саяси имидж

Автор:   •  Ноябрь 2, 2018  •  Реферат  •  1,299 Слов (6 Страниц)  •  1,817 Просмотры

Страница 1 из 6

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Саясаттану мамандығы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазіргі саяси имидж

Орындаған: Букурубова А., С-41

Оқытушы: Примбетов Д.С.

Қазіргі қоғам белсенді түрде жалпыға ортақ ақпараттандыру бағытымен алға қарай жылжуда. БАҚ минут сайын адам үлгеріп, түсініп және бақылап үлгермейтін кең көлемде ақпаратты таратуда. Осындай кең көлемдегі ақпаратты оңай қабылдау үшін «виртуалды алмастырғыш» материалдық әлемнің «виртуалдық алмастырғыш» объектілері құрылады. Ол ең алдымен түрлі объектілерді жүйелеу мен стандарттау мақсатында қолданылатын жәшік имидж болып табылады.

Имидж экономикада тауар және қызмет көрсету нарығында нәтижелі жетістікке жетуде, банк сферасында клиенттерді көбейту саяси сферада партия, лидер, мемлекеттік және жергілікті биліктің халықпен жағымды қатынас қалыптастыруы үшін қажет. Мемлекеттің көрікті имиджі туризмнің дамуына және инвестиция тартуға жағдай жасайды.

Имидж бұқаралық коммуникация құралдарының терең де ауқымды дамуына байланысты пайда болған, ХХ ғасырдың 90 жылдарының басында қолданыла бастады.

Қазіргі таңда кез келген мемлекеттің сыртқы саясатында өзіндік оң және басқара алатын имидж қалыптастыру негізгі мақсат. Қоғамдық санада мемлекеттің оң имидж қалыптасуы ұлттық қызығушылықтарды жүзеге асыру мен дамытуда өте маңызды.

Дұрыс басқарылатын ұлттық имидж - халықаралық қатынас орнату және бәсекелестікке қабілетті болатындай орнықтыру шешімі табылу керек негізгі мәселелердің бірі. Ұлттық брендті қызығушылық тудырып отырған жақты өзіңе қарату, инвесторларды тарту, дүниежүзілік мәдени алмасу қозғалтқышы ретінде, экспорттардың бәсекелестікке қабілеттілігі жағынан артықшылығы және жергілікті тұрғындарға деген шабыт көзі іспетті пайдалану керек.

Мемлекет имиджінің мәні, қабылдауға деген оң әсер беретін факторлар мен бағыттар, имиджді басқару үрдісі, мемлекеттің мақсатымен сәйкес келуі мәселелері Й.Фаняның еңбегінде тереңірек талқыланған. Олардың ішінде: ұлттық сананы өзгерту, ұлттық бәсекелестікті көтеру, саяси, мәдени, бизнес және спорттық саланы үйлестіру, мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси, экономикалық қызығушылықтарын дамыту, ел имиджі мен беделін өзгерте отырып, алға жылжыту. Соған байланысты «бедел», «имидж» және «сәйкестілік» ұғымдарын ажырата отырып, келесідей факторлардың тізімін келтіреді: аумақ – география, туристтік ресурстар; табиғат ресурстар, жергілікті өнімдер; халық – ұлты, этникалық топтар; тарих, мәдениет, тіл; саяси және экономикалық жүйе; әлеуметтік институттар; инфрақұрылым; атақты тұлғалар; көрнекі нәрселер (картинка,суреттер). Алайда, мемлекеттің бренді ретінде жоғарыда айтылған барлық бағыттың қамтылуы, дамып брендке айналуы мүмкін емес, басым жақтары мен сол елге тән көрсеткіштерді негізге ала отырып бренд қалыптастыру, түзету, дамыту.

Мемлекет дамуы дүниежүзілік кеңістіктің өзгеруімен тығыз байланыста болады. Қазіргі таңда мемлекеттің «тынысы» үздіксіз халықаралық үрдістермен қолма-қол жүргендіктен, билік басындағылардың шешімдері оларды ескерумен жүзеге асырылады. Яғни, жаһандық халықаралық саяси және экономикалық қатынастар жағдайында, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, суверенитет пен территориалдық тұтастығын сақтау, халықаралық аренада экономикалық және саяси позицияларын нығайту, тең құқылы және өзара пайдалы ынтамақтастықты дамыту міндеттері қазіргі дүниежүзілік қатынастардың даму ерекшелігіне орай, экономикалық, саяси, әлеуметтік және т.б үрдістердің трансформациялануы нәтижесінде мемлекеттер позициясына әсер етуіне байланысты көңіл бөлуді қажетсінеді. Инвестициялық сенімсіздіктің пайда болуы, мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыздың өсуі, әлемде алдыңғы қатардан қалуы, жоғары даярланған мамандардың шетелден шығуы, ғылыми зерттеулерді қажет ететін өндірістердің дағдарысы, сыртқы тәуелділіктің өсуі – бұның бәрі мемлекет ішіндегі жүйенің дағдарысы мен ұлттық даму моделінің жүзеге аспауынан орын алатын үрдістер. Осының бәрі мемлекеттің имиджіне әсер етіп, ал ол өз алдына оның ішкі және сыртқы дамуына кері әсерін тигізеді. Осы себептен мемлекет имиджін қалыптастырудың маңызы өте зор. Мемлекет имиджін қалыптастыруда ең маңызды рөлді билік органдары атқарады. Қазақстан Республикасында бұл процесте аймақтық мемлекеттік органдарынан бастап, Сыртқы Істер министрлігіне дейін барлық органдар қатысады. Себебі, мемлекет имиджін Елтаңба, мәдени ерекшеліктер, экономикалық даму, саясат жүргізу стилі, тіпті біздің өмір салтымыз да айқындайды. Сондықтан, мемлекет имиджі - ол бір ғана орган немесе бөлім жұмысының нәтижесі емес, тұтастай мемлекеттің «ағза» ретінде дамуының көрсеткіші.

...

Скачать:   txt (19.8 Kb)   pdf (135.2 Kb)   docx (18.2 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club