Уақытты үнемдей біл
Автор: EEFSESF • Ноябрь 22, 2021 • Доклад • 290 Слов (2 Страниц) • 699 Просмотры
Уақытты үнемдей біл
Уақыт алтыннан да қымбат, баға жетпес байлық. Оны үнемді пайдалану керек.Уақытты үнемді пайдалану дегеніміз уақытты босқа өткізбей, тиімді пайдалану, пайдалы істермен шұғылдану.
Менің ойымша, уақытты үнемдей білу арқылы көптеген жетістіктерге жетуге болады, өмірін түбегейлі өзгертуге болады. Ол үшін уақытты жоспарлап үйрену қажет.
Біріншіден, уақытты босқа алатын теледидар көру, әлеуметтік желіде отыру сияқты әдеттерден бас тарту керек.
Екіншіден, уақытты жоспарлап үйрену керек.Әр күні ойға алған істердің тізімін жасап отыру керек.
Үшіншіден, бір уақытта тек бір нәрсені ғана жүзеге асыруға тырысу керек.
Қорыта келе, адам уақыттың баға жетпес байлық екенін түсінгенде ғана өмірін түбегейлі өзгерте алады. (94 сөз)
«Айтыс өнері-жастарды тәрбиелеу құралы»
Әрбір халықтың өзіне тән салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, халық ауыз әдебиеті, мәдениеті, тәрбиелік ұстанымдары бар. Осы ретте қазақ халқының айтыс өнерінің алар орны ерекше. Айтыс – қазақ халқының ертеден қалыптасқан жыр жарысының бір түрі. Айтысқа суырып салма ақындар мен көркем сөз шеберлері қатысады.
Менің ойымша, айтыс өнері-жастарды тәрбиелеу құралдарының бірі болып табылады.Себебі айтыс жақсылыққа сүйіндіріп, келеңсіз көріністерден жиіркендіретін тәрбие құралы
Біріншіден, айтыста қай заманда, қай қоғамда болмасын, сол кезеңдегі өзгерістер ашық айтылады. Сонысымен жас ұрпақты шыншылдыққа тәрбиелейді.
Екіншіден, жастарды ізгілкке, патриоттыққа және тағы басқа қасиеттреге баулиды, жан дүниесін байытып, ой-өрісін өсіреді.
Қорыта келе, айтыс бүгінгі күнге дейін жетіп, тәрбиелік мәнін жоғалтпаған жыр жарысы. «Атамұра – асыл қазына» демекші, осындай ұлттық дәстүр, ғұрыптарымызды сақтап, қастерлеуіміз қажет. (113 сөз)
...