Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Түсіндірме жазба

Автор:   •  Январь 18, 2018  •  Курсовая работа  •  3,533 Слов (15 Страниц)  •  1,957 Просмотры

Страница 1 из 15

            1. Түсіндірме жазба

      Осы үлгілік оқу бағдарламасы  0711000 «Маркшейдер ісі» мамандығы  бойынша  Қазақстан Республикасының   техникалық  және  кәсіби  білімінің  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартымен  сәйкес  дайындалған.

     Үлгілік  оқу  бағдарламасы  «Еңбекті,  қоршаған  ортаны  қорғау және  табиғатты  тиімді пайдалу»  пәнінің   дайындық  деңгейі  мен  мазмұнына  қойылатын  мемлекеттік  талаптарды  іске асыру  үшін  арналған  және  техникалық,  кәсіби  білім  ұйымдарымен  жұмыс  оқу  жоспарын жасау  үшін  негіз  болып  табылады.

    «Еңбекті,  қоршаған  ортаны  қорғау  және  табиғатты  тиімді  пайдалану» пәні  кен  кәсіпорын-дарында  қауіпсіздік техникасының  құқықтық,  көрсеткіштік  және

  ұйымдастырушылық  негізде-рін;  өндірістік  зақымдар  мен  кәсіби  ауруларын; техникалық  жүйелер мен технологиялық процестердің қауіптіліктерінен сақтану тәсілдерін және құралдарын; жер асты өрттерін алдын алу мен сөндіруін; кен жұмыстарын жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғауын және табиғатты тиімді пайдалануын зерделеуді ескереді.

       Жалпы көлімі – 65 сағат, оның ішінде:

  • теориялық сабақтар – 49 сағат;
  • зертханалы-тәжірибелік сабақтар – 16 сағат.

      Бөлімдерді  зерделеуге  сағаттар  саны  ұсыныс  түрінде енгізіледі және пән бойынша білімінің мазмұнын сақтау кезінде өзгеруі тиіс.

     Бөлімдер мен тақырыптар тізімі зерделеу үшін міндетті болып табылады, бірақ кему жағына қарай өзгеріссіз, дайындығы саласымен сәйкес түзетілуі мүмкін. Циклге оқу уақыты  көлемін сақтау кезінде, білім беру ұйымы жеке пәндерге бөлінген сағат санын 15-25% шегінде өзгертуге құқығы бар.

    Осы үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру барысында 0711000 «Маркшейдер ісі» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен сәйкес өткізу ескерілген:

  • сынақ – 1
  • емтихан – 1.

   Сынақ,  пәнді зерделеуге бөлінген жалпы бюджеттік уақыт есебінен, ал емтихан – аралық аттестацияға бөлінген мерзімдерде өткізіледі.

  Осы үлгілік оқу бағдарламасы танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың келесі формалары мен әдістерін пайдалануды ескереді: дәрістерді, зертханалық-тәжірибелік сабақтарды (зертханалық –тәжірибелік жұмыстар тақырыптарды зерделеу процесінде және барлық оқу материалдарының теориялық бөлімдерін зерделегеннен кейін орындалуы мүмкін); кәсіпорындар мен мекемелерге экскурсияны; білім алушылармен  тәжірибелік ептіліктерді, дағдыларды және құзыреттерді қалыптастыру болып табылатын мақсатымен іскерлік ойындар, бірігу сабақтары және т.б. Танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың формалары ұсыныс түрінде енгізіледі.

       Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру кезінде,  бәсекелесуге  қабілетті  мамандардың дайындығы мақсатында, оқытудың дәстүрлі жүйесін, жаңа технологияларды; дидактикалық және көрнекі құралдарды пайдалану ұсынылады: плакаттар, үлгілер, оқулық бейнефильмдер, электронды оқулықтар, оқулық және оқу-әдістемелік құралдар.

   Осы үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны «Құқық негіздері», «Кен ісі», «Маркшейдер ісі», «Сала экономикасы», «Маркшейдерлік жұмыстарды ұйымдастыру» пәндері бойынша білім алушылардың құзыреттерінде базаланады.

   Пәнді зерделеу процесінде әлемдік ғылым мен  техниканың қазіргі күйін ескеру керек.

2 Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер

  Стандартта және білім беру бағдарлама-сында жоспарланған құзыреттер

   Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижелер

 Білім алушылар келесі құзыреттерге ие болулары керек: КҚ 3.9 кеніштік атмосфера құрамын бақылауды жүзеге асыру;

КҚ 3.10 еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғану бойынша әрекеттегі жағдайлар мен ережелерді ұстана отырып жұмыстардың өндірілуін бақылауды жүзеге асыру;

АҚ 3.4 кен жұмыстарын жүргізудің және қоршаған орта мен жер қойнауын қорғаудың дұрыс және қауіпсіз әдістері бойынша шараларды қолдану.

Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушылар: біледі:

  • кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы;
  • қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану бойынша көрсеткішті құжаттарын;
  • қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдаудың сапалы мен сандық әдістерін;

меңгереді:

  • қауіпсіздік техникасын ұстануды және технологиялық карталарға және жобаларға сәйкес наряд бойынша жұмыстарды орындауды;
  • бөлікшедегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулықты өткізуді;
  • кен жабдықтарын техникалық пайдалану, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария ережелерін ұстануды;
  • дербес қорғаныш құралдарын пайдалануды;
  • технологиялық карталарға және жобаларға сәйкес наряд бойынша қауіпсіздік техникасын және жұмыстарды орындауын ұстануды бақылауды;
  • орнатылған үлгі бойынша өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт құруды; дағдыларын қалыптастырады:
  • кен кәсіпорнының өндірістік бөлікшесінде жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыруда;
  • шектес бөлікшелер мамандарының өзара әрекеттестігінде;
  • кен жұмыстарын дұрыс және қауіпсіз жүргізілуін бақылауды;

құзіретті:

  • кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы мәселелерінде;
  • кеніштік атмосфера құрамын бақылауды жүзеге асыруға;
  • еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғану бойынша әрекеттегі жағдайлар мен ережелерді ұстана отырып жұмыстардың өндірілуін бақылауды жүзеге асыруға;
  • кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану мәселелерінде.

3 Пәннің тақырыптық жоспары және мазмұны

...

Скачать:   txt (40.8 Kb)   pdf (254.9 Kb)   docx (24.9 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club