Өмір жолы жобасы
Автор: Aiauzhan17 • Сентябрь 19, 2021 • Контрольная работа • 1,220 Слов (5 Страниц) • 3,529 Просмотры
Ақтау-2020
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті.
«ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ»
кафедрасы
СРСП №3
Өмір жолы жобасы
Орындған
1 курс студенті
гр. Физ 20-1
Шәудірбай Аяужан
Тексерген
Жангозиева М. С.
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Өмір жолы
- Өмір жолын талдау
- Қорытынды
I.Кіріспе
Алдымен өмір деген ұғымға тоқталайық:
Өмір - тірі материяның белсенділігінің нысаны, оның ағзасындағы өтіп жатқан физикалық және химиялық т.б. қасиеттерінің жиынтығы. Әрине, бұл ғылыми тұрғыдағы ғана түсіндірме. Ал адамдар бұл туралы не дейді? Өмір- театр дейді емес пе?! Күлесіз, жылайсыз, қуанасыз... Басты кейіпкерде өзің жүргендейсің. Ал кейбіреулер оны пойызбен теңестіреді. Онда кездестірген жолаушылар біздің өмірде кездестірген адамдарымызға ұқсайды. Бірақ олардың да біз сияқты пойыздан түсетін жері бар. Кейбіреулері біздің жол бойғы қуанышымыз бен қайғымызға ортақтасады, олар ата-анамыз, бауырларымыз. Жолдан мінген кей жолаушылар уақыт өте бізге жақын болып кетеді, кейбіреулері келесі станциядан түсіп қалады, ал кейбірі басқа купеге ауысып кетеді. Ал енді біреулер өмірді өзенмен теңейді. Өмірге деген көзқарас әр адамда әрқилы. Бірақ менің ойымша оның мәні болу керек. Бір күндік өмірдің мәні болмайды. Мен әр күн сайын өзімнің өткен бір күніме талдау жасаймын. Бүгін не жасадым? Жақсылық па, жамандық па саралаймын. Дұрыс емес жерлерімді келесі күні жібермеуге тырысамын. Бірақ адам қателіксіз өмір сүруі мүмкін емес. Тек сол қателікті уақытында біліп отыру керек деп ойлаймын.
Негізгі бөлім
Өмір жолы – бұл өмір арқылы мағыналы қозғалыс.
Өмір жолы қисық, бірақ негізгі мәселе оны кім анықтайды. Әдетте, оны анықтамасаңыз, сіздің өмір жолыңызды басқа адамдар анықтайды – басқа адамдар немесе қарапайым жағдайлар. Егер өз таңдауыңызды жасасаңыз, онда бәрі басталады – өмір жолын таңдау арқылы. Қай жерде өмір сүру керек? Сіздің миссияңыз қандай?
Өмір — арпалыс, күрес.
Өмір — теңіз, жүзем онда демеңіз,
Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.
Өмір — бұл үлкен жол. Өмір адамға бір-ақ рет берілген үлкен сый. Өмірдің мәні адалдық, адамдықта. Өмір арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу адамның басты мақсаты. Ал, өз мақсатымызға жету оңай емес, ол үшін қандай да бір қиындықтарға, кедергілерге кездесуіміз мүмкін. Енді біреулерге қиындықтар кездеспеуі де мүмкін. Сондай кездерде біреулерге қызғаншақтық, көре алмаушылық танытпай, өз мақсатымыз үшін күресе білуіміз керек. Өзіміздің күшті жақтарымызды көрсетіп, әлсіздік, шарасыздық танытпауымыз керек. Біз өз өміріміз үшін өмір сүруге тиіспіз. Біреуге ренжіп неге оп-оңай өле салуымыз керек, бақа ғұрлы жоқпыз ба? Бақа да өз өмірі үшін күресіп ақыры жеңіске жетті.
Адам өзін — өзі тәрбиелеп, алдына мақсат қоя білуі керек. Сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып, “өз өмірім өзіме құнды ” деген қағиданы басты назарда ұстауымыз қажет. Біз өмірде өзімізге мақсат қоя білеміз бе? Өмір — арпалыс, күрес. Бұл табиғат заңдылықтары.
Өмір – көпір, от үстіне салынған,
Діңгектері зәндем отқа малынған.
Қорқу білме, аяқтарың таймасын,
Ойнап отпен, шарпу көрме жалыннан!
Бір – ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сыйды бізге сыйлаған кім?…
Әрине бізге осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарымыз, ол біздің ата – анамыз. Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек. Халық аузында мынадай әңгіме бар емес пе? “Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаңда борышыңды өтей алмайсың” - деп. Себебі, біріншіден ол бізге “өмір” сыйлады, бізге жарық дүниені көрсетті, бізді өсірді, біздің ыстығымызға күйді, суығымызға тоңды, түн ұйқысын төрт бөліп бізді аялады, тәрбиелеп өсірді. Егер бізге анамыз осындай баға жетпес сый сыйласа, бізде оған лайықты өмір сүруге тиіспіз. Біреуге ренжіп, біреуді кінәлап, мін тағу дұрыс емес. Өмірдегі қайғыны, қиындықты, сәтсіздікті көтере білу керек. Жаңа, жақсы ойлар ойлау керек.
...