Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Эмоциялық әлем

Автор:   •  Октябрь 17, 2023  •  Реферат  •  340 Слов (2 Страниц)  •  101 Просмотры

Страница 1 из 2

Адамдардың рухани өміріндегі ұят,қуаныш, үрейлену,таң қалу,т.б түрлі уайымдар бір-бірін өзара орын ауыстыруы мен толықсуын эмоция деп атаймыз. Эмоция-бұл ерекше психикалық құбылыс әсерімен бірге адамдардың уайым түрінде өзіне пайдалы әртүрлі құбылыстар мен заттардың субъективті бағалануы мазмұнының көрінісі.

         Эмоциялар ішкі процесс болып табылады.Бірақ олар сырттай жақсы көрінеді:мимикадан, көзқарасынан, әрекеттен, қимылдан,интонациядан және сөйлеудің басқа да ерекшеліктерінен.Эмоциялық әлем тікелей адамның эмоция түрлерін қаншалықты пайдалануын көрсететін және ол арқылы адамның психологиялық жағдайын аңғаруға көмектесетін түсінік.

Қуаныш эмоциясы адамның мүмкіншіліктерін және негізгі тұлғалық қасиеттерін жүзеге асыруда пайда болады.Қоршаған әлеммен және басқа адамдармен, өзімен қанағаттану сезімімен және өмірге қанағаттану күйі. Қоғамда оптимизм және мүмкіншілігін кеңейту, күштің көбею сезімінен байқалады. Қуаныш адам баласына қарапайым жолмен келетін эмоция түрі, негізгі белгісі адам бетіндегі бұлшық еттен күлкі байқалуыннан аңғаруға болады деп ойлаймын. Эмоциялардың ішіндегі ең жағымдысы, адамға физиологиялық, психологиялық пайдалысы да осы қуаныш эмоциясы.

 Ашу-ыза адамның ессіз қимыл жасауы және өзін-өзі ұстау, басқару, реттеу саласынан қаншалықты тәжірибелі екендігін көрсететін және реттелуі жағынан едәуір қиындық тудыратын эмоция түрі . Ызамен қатар жек көру, ұнатпау эмоциаларын қосып айта аламыз. Ол сәйкес объектіні жақсартуды, жетілдіруді, жоюды, өзгертуді немесе алшақ жүруді тудырады. Менің ойымша қоғамдық әлеуметтік адамдар арасындағы көптеген мәселелер осы эмоция, сезім түрінен туындайды.

Ұялу эмоциясы субъектінің өзіне көзқарасына, тұлғалық қасиеттеріне, қатынастарына, сыртқы ерекшеліктеріне сәйкес емес әрекеттерін жасаған кезде туады.Бұл эмоция түрі адам келбетінде қызару формасы арқылы көрінеді, ал мінез құлыққа отбасылық, қоғамдық тәрбие арқылы сіңісіп кетеді.

...

Скачать:   txt (5.1 Kb)   pdf (40.2 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club