Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тұлға дамуын диагностикалау мен коррекциялаудың зерттеу пәні мен міндеттері

Автор:   •  Октябрь 29, 2022  •  Лекция  •  3,012 Слов (13 Страниц)  •  280 Просмотры

Страница 1 из 13

№ 1 дәріс. Тұлға дамуын диагностикалау мен коррекциялаудың зерттеу пәні мен міндеттері  

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1.        Психологиялық диагностика түсінігі, мақсаты мен міндеті.

2.        Психологиялық коррекцияның мақсаты мен міндеті.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Әдетте баланың оқуы, тәрбиесі, әлеуметтену процесі, оның мүмкіндігі мен даму ерекшеліктерін дұрыс бағалауға байланысты болады. Бұл міндетті кешенді жүргізілетін психологиялық-педагогикалық диагностика ғана шешеді. Бұл пән баланың өзіне тән ерекшеліктерін, даму бұзылыстарын, қолайлы педагогикалық ықпал етуді, оқыту бағытын анықтауға көмектесіп, оны жеке дара педагогикалық және психологиялық сүйемелдеудің жолдарын көрсетеді. Бірақ бұл баланың даму типіне тікелей байланысты.

Психологиялық-педагогикалық диагностика пәнінің зерттеу пәні тұлғаның индивидуалды психологиялық ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.

Ал мақсаты тұлғаның индивидуалды ерекшеліктерін өлшеу мен бағалау.

Психодиагностика адамның индивидуалды психологиялық ерекшеліктерін әртүрлі әдістерді пайдаланып тану мен оның әдістерін жасаумен айналысатын психология ғылымының бір саласы және онымен байланысты психологиялық практиканың маңызды түрі. Бұл пәннің негізгі мақсаты тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қазіргі кездегі жағдайы жөнінде қорытынды шығарумен байланысты психологиялық диагноз қою және оның одан әрі дамуын болжап беру.

Егер біз оқыту жүйесін алып қарайтын болсақ, онда психодиагностика оқыту процесіндегі «кері байланысты» қамтамасыз ететін маңызды құрал болып табылады. Басқаша айтқанда ол педагогикалық процестің ақпараттық құралы.

Бұл кез келген педагогикалық бағыттың психодиагностикалық ақпараттарын жинау деген сөз (балаға дұрыс әсер ету үшін оған жеткілікті негіз таңдап алу қажет және оны қайталап психодиагностикалау арқылы сол әсердің нәтижесін білуге болады).

Психологиялық-педагогикалық диагностика – баланың дұрыс дамуына тиімді әрі қолайлы жағдай жасау үшін оқыту мен тәрбиелеудің, индивидуалды және жеке-дара ықпал етудің дұрыс жолдарын жүзеге асыру мақсатында жүргізілетін бала тұлғасын зерттеумен айналысады.

Психологиялық-педагогикалық диагностиканың зерттеу объектісіне педагоикалық процестің барлық құрамдас бөліктері: педагогтар, оқушылар, қолданылатын құралдар, педагогикалық процесті ұйымдастырудың түрлері және т.б. кіреді.

Психокоррекция дегеніміз - адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын іздеп табу.

Психологиялық коррекцияны ұйымдастыруға және психотерапия жүргізуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер өте көп. Қазіргі кезде жеке тұлғалық қасиеттерді коррекциялау тренинг топтарында жүргізіледі. Тренингке қатысушылардың алдында тұрған, шешуін талап етіп отырған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекциялық топтар әртүрде болады. Оларды іріктеп алу және пайдалану клиенттің алдында тұрған проблемаларға және психологтың қай ғылыми ағымды қолдайтынына байланысты. Ол ағымдарды қысқаша келесі топтарға сыныптастыруға болады.Психолог Курт Левин және оның әріптестері бірінші психокоррекциялық тренинг топтарының (Т-топтары) жұмысын 1946 жылы ұйымдастырды. Олар топтың тәжірибесін, онда ұйымдастырылған іс-шаралар нәтижесін қатынасушылармен қосылып талдау барысында клиенттер алдында тұрған психологиялық проблемалардың мән-жайына терең түсініп, оларды шешу жолдарын анықады. Мұндай топтардың адамдарға қарым-қатынас мәдениетін және коммуникация жасау жолдарын үйретуге мүмкіншілігі өте мол екендігі анық байқалды. Кейбір Т-топтар қатынасушылардың сана-сезіміне әсері үлкен болғандықтан оларды сензитивтік топ деп атады.

...

Скачать:   txt (48.4 Kb)   pdf (115.3 Kb)   docx (18.7 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club