Психологияның басқа ғылымдармен байланысын ашатын логикалық сызба құрастырыңыз (кесте немесе жіктеу схемасы)
Автор: Ақмаржан Бисенбаева • Март 19, 2026 • Реферат • 951 Слов (4 Страниц) • 14 Просмотры
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті [pic 1]
БОӨЖ 1
Қпбылдаған:Бегалиева Нұргүл
Орындаған: Оңалбай Олжас, 1- топ
Арнайы педагогика
Алматы 2026 ж
№1 тапсырма: Психологияның басқа ғылымдармен байланысын ашатын логикалық сызба құрастырыңыз (кесте немесе жіктеу схемасы).
Кіріспе
– Психология туралы жалпы түсінік
II. Негізгі бөлім
- Физиология және антропологиямен байланысы
- Медицинамен байланысы
- Тарихпен байланысы
- Жалпы психология
- Педагогикамен байланысы
- Философия және әлеуметтанумен байланысы
III. Қорытынды
– Психологияның басқа ғылымдармен байланысының маңызы
№2 тапсырма: Мотивация теорияларына талдау (пайымдау, эссе)
I. Кіріспе
1. Мотивация ұғымы
2. Адам өміріндегі маңызы
II. Негігі бөлім
1. Қажеттіліктер теориясы (Маслоу)
2. Іс-әрекеттік теория
3. Күту теориясы
4. Теориялардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары
5. Қазіргі қоғамдағы маңызы
III. Қорытынды
1. Мотивацияның адам дамуына әсері
2. Әр теорияның өмірдегі қолданылу мәні
№1 тапсырма: Психологияның басқа ғылымдармен байланысын ашатын логикалық сызба құрастырыңыз (кесте немесе жіктеу схемасы).
№2 тапсырма: Мотивация теорияларына талдау жасаңыз (пайымдау, эссе).
Психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай психологиялық деректердің басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және керісінше, психология олардың нәтежелерін өзіне қалай қолданылатынын жете түсінуге болады. Әр түрлі тарихи дәуірлердегі ғылымдар арасындағы психологияның орны жантаным білімдерінің даму деңгейімен сараптау схемасынан шығады. Психология үшін қоғамдық ғылымдармен байланысы үлкен маңызға ие.
Тарих, экономика, этнография, әлуметтану, өнертану, заң және т. б. Зерттеулеріндегі проблеммалар әрдайым психологиямен тікелей байланысты. Психологиялық факторлар өздігінен әлуметтік процестерді бағыттай алмайды, керісінше, олардың өзін осы қоғамдық процестерді талдау арқылы түсіну мүмкін.
Психологияның басқа ғылымдармен байланысы :
1.Физиология Антропология | 2.Медицина ғылымдары | Тарих ғылымдары | Жалпы психология | Педагогика ғылымдары | Философия Әлеуметтану |
Психология адамның жан дүниесін зерттесе, физиология ағзаның, әсіресе жүйке жүйесі мен мидың жұмысын зерттейді. Адамның ойлауы, есте сақтауы, эмоциясы – бәрі ми қызметіне байланысты. Мысалы, қатты қорыққанда жүрек соғысы жиілейді, бұл психикалық күйдің физиологиялық өзгеріске әсері. Ал антропология адамды биологиялық және мәдени тұрғыдан қарастырады. Әр халықтың салт-дәстүрі мен өмір сүру салты адамның психологиясына әсер етеді. | Психология медицинамен тығыз байланысты. Адамның денсаулығы тек дене жағдайына емес, психологиялық күйіне де байланысты. Депрессия, күйзеліс, стресс сияқты жағдайлар медициналық көмекпен қатар психологиялық қолдауды қажет етеді. Психиатрия, неврология, психотерапия салаларында психологтар дәрігерлермен бірге жұмыс істейді. | Тарих белгілі бір кезеңдегі адамдардың өмірін, қоғамын зерттейді. Әр дәуірдің өзіне тән ойлау жүйесі мен мінез-құлқы болады. Мысалы, соғыс кезеңіндегі адамдардың психологиялық жағдайы бейбіт кезеңнен өзгеше болады. Сондықтан психология тарихи жағдайларды ескере отырып зерттеледі. | Жалпы психология – психология ғылымының негізгі саласы. Ол түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял, сөйлеу, эмоция сияқты психикалық процестерді зерттейді. Бұл сала басқа психология бағыттарының теориялық негізін құрайды. | Педагогика оқыту мен тәрбиені зерттейді. Психология оқушының жас ерекшелігін, қабілетін, қызығушылығын ескеруге көмектеседі. Мұғалім оқушылардың психологиялық ерекшелігін білсе, сабақты тиімді ұйымдастыра алады. Сондықтан педагогика мен психология бір-бірімен тығыз байланысты | Философия адам санасы мен ойлау туралы алғашқы теорияларды ұсынған. Психология осы философиялық ойларға сүйене отырып дамыды. Ал әлеуметтану қоғамды зерттейді, психология жеке адамды зерттейді. Қоғамдағы өзгерістер, әлеуметтік орта адамның мінез-құлқына және психологиялық дамуына әсер етеді |
...