Психологияның басқа ғылымдармен байланысы
Автор: iradaaa • Октябрь 13, 2023 • Реферат • 826 Слов (4 Страниц) • 250 Просмотры
РЕФЕРАТ
Тақырып: Психологияның басқа ғылымдармен байланысы.
Дайындаған: Ембергенова И.П.
«Психологияның басқа ғылымдармен байланысы»
- Психология туралы түсінік
- Оның даму тарихы
- Психологияға сабақтас ғылымдар
- Психологияның басқа ғылымдармен байланысы
- Қорытынды
Адам танымының жеке бір саласы ретінде кез-келген ғылымның өзі зерттейтін ерекше пән болады. Психиеа миға тән қасиет.Ми көптеген қасиетке ие, бірақ психиканың ерекше қасиеті – айнала қоршаған ақиқатты бейнелендіретін қасиет. Психология ғылым ретінде психиканың әр түрлі құбылыстарын зерттеу және түсіндірумен ғана емес, сондай-ақ олардың мәнін қорыта талдау және ашып көрсету, яғни солардың негізінде психологиялық құбылыстар мен процестердің себептерін әрі олардың болашақта көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір заңдылыұтарды ашып анықтаумен шұғылданады.
Сонымен, психология – жалпы алғанда психиканың және ерекшелеп алғанда адамның нақты тарихы жеке адам ретіндегі санасының пайда болу, даму және көрініс беру заңдылықтары туралы ғылым.
«Психология» туралы алғашұы трактат 1590 жылы жарық көрді. Ғылым аты оның философиядан бөлініп шығуынан 300 жыл бұрын да болған. Педагогикалық психологияның пайда болып, дамуына балаларға білім берудің өзектілігі мен оны ұйымдастыру шарттары; қоғамда оқыту тәрбиелеу және дамыту процестерін байланыстырып, қарастыру; балаларда білім алуға деген оңды қатынастың болуы; педагогтің рөлі сияқты күні бүгінге дейін көкейкесті мәселелерді шешуге деген талпыныстар себеп болды. Сан ғасырларды қамтитын бұл кезеңге әр жылдары өмір сүрген ғалымдардың, атап айтқанда, Герофил, Эразистарт,
Гиппократ, Демокрит, Гален, Гераклит, Декарт, Гоббс, Спиноза, Лейбниц,
Руссо, Дидро, Кант, Гегель, т.б. зерттеу жұмыстары кіреді. Аталмыш ғұлама ғалымдар адамның жан дүниесінің сыры мен қыры туралы небір сындарлы пікірлер айтқан.
Яғни, психология жайлы жалпы түсінік ол зерттеулер мен зерттеушілер еңбегін айқындайды
Дамудың қазіргі кезеңінде психологиялық ғылым – ғылыми пәндердің күрделі де, тармақталған жүйесі болып табылады. Психологияның жеке салалары(немесе тармақтары) өзара тығыз байланысты.
Қазіргі кезде психологияның мына салаларын бөліп көрсетуге болады: жалпы психология, жас ерекшелік психологиясы, педагогикалық психология, еңбек психологиясы, инженерлік психология, космостық психология, әскери психология, спорт психологиясы, өнер психологиясы, әлеуметтік психология, медициналық психология, патологиялық психология, заң психологиясы және т.б. Әр сала өз алдына жеке дара бір ғылым болып табылады. Психологияны ғылым ретінде сипаттағанда психологиялық білімге тән кейбір ерекшелікті атап өту керек.
Біріншіден, ол біздің әрқайсымызға тікелей тән құбылыстар туралы білім. Әр адамда түйсік бар, оның есінде әр түрлә елестер үзіліссіз сақталады, әр адамды ұдайы белгілі бір сезім тебірентеді тағысы тағы бар. Психология ғылымында осы құбылыстар жөніндегі талданып қорытылған және дерексіз білімдер жинақталған.
Екіншіден, психологиялық білім олардың күнделікті тұрмыстағы және ғылыми мағыналарының сәйкес келмейтіндігімен сипатталады. Күнделікті тұрмыста адамдар психологиялық терминдер мен ұғымдарды кеңінен қолданады. Олардың жіктері айқын ажыратылмағандықтан әр адам бір терминге немесе ұғымға әртүрлі мазмұн береді. Ғылыми ұғымдардың айырмашылығы олар белгілі бір мағынаға қатаң түрде сәйкестендіріледі. Ғылыми негізделген білімжі жеткілікті мөлшерде терең игермеген жағдайда, күнделікті тұрмыстық білім өзгеріске ұшырағанымен, кейде көп дегенде біршама психикалық құбылыстардың кейбір қырлары туралы әйтеуір жалпы, әдетте, бір жүйеге түсірілмеген, үзік-үзік мағлұмат болғанымен психологияны шын меңгергендік жөнінде жалған пікір туады.
...