Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психологиядағы тұлға мәселесі

Автор:   •  Сентябрь 25, 2021  •  Реферат  •  1,522 Слов (7 Страниц)  •  989 Просмотры

Страница 1 из 7

   ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

                            [pic 1]

         АРАЛЫҚ

        БАҚЫЛАУ

Пәні: Психология.

Тақырыбы: Психологиядағы тұлға мәселесі (эссе).

Орындаған: Мұхтар Мереке.

Тексерген: Ысқақ Гүлнұр Тілеубайқызы.

                                          Алматы 2021ж.

                                Психологиядағы тұлға мәселесі.

Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.

Тұлға деген термин алғашында «бетперде» деген мағынада түсіндіріліп, актерлер оны киіп рөл ойнайды деп есептеген, бірақ кейінірек бұл термин қоғамдық өмірдегі адамның шынайы рөлі деп түсіндірілді. «Тұлға» түсінігі көпжақты.

Тұлғаның әлеуметтiк-психологиялық талдауын жасау үшiн, «индивид», «тұлға», «даралық» деген ұғымдардың шекарасын анықтап алу керек.

Айта кету керек, «адам» деген ұғым жалпылама ұғым болып табылады, яғни, айқын сөйлейтін, саналы, (абстрактiлi - логикалық ойлаумен, логикалық есте сақтаумен) жоғарғы психикалық функциялары бар, құралдарды құру, оны еңбектiң процесiнде пайдалану қабiлетi бар биоәлеуметтік тірі ағза.

Индивид - бұл биологиялық түрдiң ортақ генотиптік тұқым қуалаған қасиеттерiн тасымалдаушы биологиялық ағза. Бұл «Homo sapiens» түрінiң өкiлi. Леонтьев А.Н. ойынша бiрiншiден, индивид ұғымы осы биологиялық түрдiң жеке түрлерінiң бүтiндiгін және бөлiнбейтiндiгiн, екiншiден, осы түрдiң басқа өкiлдерінен ерекшеленетін нақты өкiлiнiң артықшылықтарын бiлдiредi. Генотиптік шартталған даралық қасиеттер, адамның өмiр сүру барысында сантүрлі өзгеруі мүмкін, дегенмен бұдан тұлғалық болмайды. Тұлға, индивидтің алдыңғы тәжiрибесімен байытылған түрі емес. Индивидтің қасиеттерi тұлғаның қасиеттерiне өтпейдi. Өзгеріске ұшырағанымен индивидті қасиеттер болып қалады, яғни қалыптасатын тұлғаны анықтамайды, оның құрылуының алғышарттары мен жағдайын жасайды.

Бiз тұлға болып қоғамдағы өмiрдің ықпалымен қалыптасамыз, оларға тәрбие, оқу, қарым-қатынас, өзара қарым-қатынас жатады. Тұлға – бұл әлеуметтiк ұғым, адамдағы табиғи, тарихи қасиеттерді бiлдiредi. Тұлға туа пайда болмайды, мәдени және әлеуметтiк даму нәтижесінде туындайды.

Тұлға түсінігін, нақты мазмұнымен, құндылықтарымен, әрбір қатысушының мағыналы біріккен әрекеттерімен жанамаланған, тұлғааралық тұрақты қатынастар жүйесінде ғана түсінуге болады. Осы тұлға аралық байланыстар топқа, ұжымға кiретін адамдардың нақты дара қасиеттерінде және амалдарында көрінедi.

Әр адам тұлғасына басқа адамдардан оның өзiндiк ерекшелiгiн, оның айырмашылығын құрайтын адамдардың психологиялық ерекшелiктерiнiң үйлесімін - оның даралығын қалыптастыратын ерекшелiктерi мен қасиеттері ғана тән. Кон И.С. ойынша, даралық бұл әр жеке адамның қайталанбауы ретінде биология айғақ. Биологтар мүмкiн болатын мутациялар мен олардың адами гендерінiң комбинациялану саны әлемдегі атомдар санынан артық емес дейді. Әр адамның ағзасы тиiстi фенотипті (қандай да бір белгінің сыртқы көрінісі) шарттайтын өз тегінде жалғыз генотип (ағзаның генетикалық конституциясы) тасымалдаушысы болып табылады. Ол сонымен қатар, адам өте иілгіш болып келеді деп есептеді. Бірақ, оның даралығында, барлық зигзагтар мен өзара қарама-қайшылықтары бар оның дамуының барлық сатылары диалектикалық түрде сақталған. Адамның даралық ерекшелiктерi оның әлеуметтiк рөлдерiн таңдауына және оларды жүзеге асыруына айтарлықтай әсер етедi.

Даралық танымдық процестердiң қасиеттерiнде, қабiлеттiлiктерінде, дара қызмет ету стилінде, мінезінде, темпераментінде, әдеттерінде, басым болып келетін қызығушылықтарында көрінедi. Сонымен бiрге, ол әр түрлi тәжiрибе, бiлiм, икемділік пен сенiмдеріде байқалады. Бiз өз даралығымызды дәлелдеп, бекiтемiз.

Осыған сәйкес, тұлға және индивид түсініктері барабар емес, ал даралық және тұлға ұғымдары тең емес, бiрлiк құрады.

Демек, даралық - адамның тұлғасының тек бір жағы. Рубинштейн С.Л., зерделенуі адам әрекетінің психикалық мазмұнын талдаудан басталатын барлық психикалық процестер тұлғада өтеді, және олардың әрқайсысы өзінің шынайы өтуі барысында оған тәуелді деп тұжырымдады. Психикалық процестердiң даралық ретінде тұлғаға тәуелдiлiгі, ең бастысы, жеке - дифференциалды айырмашылықтарда байқалады. Даралықтың жалпы құрылуына байланысты адамдар, қабылдау және бақылау, есте сақтау, көңіл бөлу түрлерi, сонымен қатар қабылданатын заттың мазмұны бойынша бөлінеді. Өз кезегiнде есте сақтау және ұмыту таңдау сипатына ие.

...

Скачать:   txt (20 Kb)   pdf (172.6 Kb)   docx (95.5 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club