Отбасы татулығы
Автор: botakoz2000 • Сентябрь 22, 2022 • Лекция • 8,424 Слов (34 Страниц) • 255 Просмотры
Өзін-өзі тану сабақ жоспары
Күні 21. 01.2020 ж
Тақырып: Отбасы татулығы
Құндылық:Сүіспеншілік
Қасиеттер: Жақсы көру,сыйлау,құрметтеу, қызмет ету
Сынып 5 «а,ә»б,в»
Мұғалім Утепова Молдир
Сабақтың мақсаты: Отбасы ынтымағы, бірлігі, оның отбасындағы жақсы қасиет- терден екендігін түсіндіру. Міндеттері: Білімділік: - басқалар туралы жамандық ойламау отбасы берекесін кіргізетінін түсіндіріп, үйрету; Дамытушылық: - отбасы үлкендерін құрметтеу, ардақтау өз-өзіне сенімді сезімдерін дамыту, Тәрбиелік: - отбасында әділетті болуға тәрбиелеу. | Ресурстар: дәйексөз, стикер қағазы |
Сабақтың барысы:
Балалармен амандасу,көңіл күйлерін сұрау Құралдарын түгендеу (5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талапсақтауға шақыру. Жағымды көңіл-күйге ену. Тыныштық сәтті: «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар ,денелеріңізді түзу ұстаңыздар .Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыздар .Қолыңызды тізеңізге немесе үстел үстіне қоюуға болады .Көзіңізді жұмуыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз .Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады .Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан .Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді ,эмоциянызбен бен тілек қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде .Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп ,сәуле шашуда .Қолымыз тек жақсы ,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады .Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда .Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұрмен махаббат құралына айналды . Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға ,тіліңізге тарады .Тіліңіз тек шындықты және жақсы ,ізгі сөздер ғана айтады .Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз ,құлақтарыңыз тек жақсы сөзбен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздеріңізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп ,басыңызға тек ізгі , сәулелі ой келеді . Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып , жан-жағыңызға сәуле шашады .Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға ,мұғалімдерге, достарыңызға ,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей ,реніжісіп жүрген адамдарғада бағыттаңыз,олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға ,жан-жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын ...Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұрды бағытаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын». Осындай нұр , махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз .Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде .Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаимен көзіңізді ашуға болады Рахмет Үй тапсырмасын сұрау. «Қарындаштың бес сапасы» оқып келу
| Хрусталь-ный грусть |
Дәйексөз Ана алдында құрмет Ата алдында қызмет Халық нақылы | |
Әңгімелеу «Әжесін қайсысы жақсы көреді» 1)Дәрігер Болаттың іс –әрекетіне неліктен риза болды? 2)Болатың әжесіне деген сүйіспеншілігі қандай әрекеттер арқылы көрінеді? 3) Отбасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізуге болады? 4) Отбасындағы татулықты қалай сақтауға болады? Шығармашылық жұмыс
| |
Топпен ән айту «Ана туралы жыр» Әлемнің жарығын сыйладың сен маған. | |
Үйге тапсырма «Ағаның хаты» 74 бет оқу мазмұндау | |
Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып, барлығымыз бірге Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде. Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде |
...