Кәсіби денсаулықты сақтау
Автор: Nurainurai • Февраль 10, 2022 • Творческая работа • 652 Слов (3 Страниц) • 4,537 Просмотры
Кейс
Кәсіби денсаулықты сақтау
Жоспар:
- Кіріспе: «Кәсіби денсаулықты сақтау» ұғымы нені білдіреді?
- Кейс: Жұмыс орнында кәсіби денсаулықты сақтау істерінің сақталмауы әсерінен тиген зардабтар
- Кейс сұрақтары
- Кейс шешімі
[pic 1]
Кіріспе: «Кәсіби денсаулықты сақтау» ұғымы нені білдіреді?
Кәсіби денсаулықты сақтау – аурудың алдын алу және емдеу арқылы өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Бұл денсаулық көрсеткіштерін бақылау арқылы, сондай-ақ салауатты өмір салтын ынталандыру арқылы жүзеге асырылады. Осы саладағы заманауи тәжірибе, ең алдымен, денсаулықты қорғауға байланысты кәсіптер бойынша жұмысшылар мен мамандардың пәнаралық топтарының болуын талап етеді. Дамушы елдерде денсаулық сақтау қызметтері мен денсаулық сақтау бастамаларына қол жеткізу қиын. Негізгі проблема - халықтың өмір сүруіне санитарлық-гигиеналық жағдайлардың болмауы. Бұл елдерде денсаулық сақтаудың инфрақұрылымдары енді ғана қалыптасуда. Бұл ғылымның бағыты аурулардың, жарақаттардың және басқа денсаулық жағдайларының алдын-алу, сондай-ақ жағдайларды бақылау және оларды сау мінез-құлықты насихаттау арқылы басқару болып табылады. Қарапайым, қол жетімді әдістермен көптеген аурулардың алдын алуға болады. Мысалы, зерттеулер көрсеткендей, қолыңызды сабынмен жуудың қарапайым әрекеті көптеген жұқпалы аурулардың таралуына жол бермейді. Ауруды емдеу немесе патогенді бақылау оның аймақтағы таралуының алдын алуда маңызды болуы мүмкін. Осындай шаралар халықтың денсаулығын нығайтуға және өмір сүру ұзақтығын арттыруға үлкен жол ашады.
[pic 2]
Кейс: Жұмыс орнында кәсіби денсаулықты сақтау істерінің сақталмауы әсерінен тиген зардабтар
Медициналық мекемеде донерлікке қан тапсыру мәселесі орындалып жатты. Көпшілік адамдар секілді Алма есімді қыз да өзінің көмегін көрсетпекші болып қан тапсыруға барады. Барлығы сәтті өткеніне қуанған Алма өзінің берген көмегі көп адамның өмірін сақтап қалады деген ойда болады. Ертеңінде ақ, Алманың көмегі бір апта ішінде 50- ге жуық балаларға көрсетіледі. Алайда, жұмыс барысында Алманың берген қан құрамында вич инффекциясының табылғаны байқалады. Бірақ, бәрі кеш болатын. Сол күні ақ жас балалардың ата-анасына бұл жайт ескертілік қана айтылады. Медицина қызметкерлерінің, сонымен қатар Алманың да кесірінен бір күн ішінде 50-ге жуық бала вич инффекциясын жұқтырып алады. Бұл жайтта бір ғана қуантарлығы медицина қызметкерлерінің жасырып қалмай бала ата-аналарына ескертілуі болатын. Осының арқасында 40 бала бұл аурудың алдын алып үлгереді. Ал, 10 шақты бала ата-анасының салғырттығынан ба әлде уақытында ескертіліп үлгермегендіктен бе, аурудың алдын алып үлгермей, әлі күнге дейін осының зардабын көруде. [pic 3][pic 4][pic 5]
...