Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Конфликтология. Қақтығыстардың түрлері. Қақтығыстарды шешу тәсілдері

Автор:   •  Ноябрь 10, 2020  •  Реферат  •  1,347 Слов (6 Страниц)  •  5,155 Просмотры

Страница 1 из 6

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

“Астана Медициналық университеті” АҚ

Реферат

Тақырыбы: Конфликтология. Қақтығыстардың түрлері. Қақтығыстарды шешу тәсілдері.

Орындаған: Қыдырбай Е.О.

Тексерген: Хамзина М.Б.

Нұр-Сұлтан қаласы 2020ж


Мазмұны

1.Кіріспе.............................................................................................................3

2.Негізгі бөлім...................................................................................................4

2.1.Конфликт түрлері..............................................................................4

2.2.Конфликт түрлерінің пайда болу себептері....................................5

2.3.Конфликтті шешу жолдары..............................................................6

3.Қорытынды......................................................................................................9

Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................10


Кіріспе

Конфликт  (лат.тіл. conflictus- қақтығыс) –  тұлғааралық немесе адамдар тобы әрекеттесуі мен қатынасуы кезінде, олардың ойлары мен ықпалдарының бір немесе бірнеше сәйкес емес, қарама-қайшы келуі салдарынан, негативтік не эмоцианалдық әсерден екі жақты да уайымға, қобалжуға әкелу [1].

Конфликт диагностикалық және қалыптастырушы тәсіл ретінде – конструктивті және продуктивті қызметті педагогикалық және психологиялық құрылым ретінде қарастырады. Сонымен қатар конфликтінің оқуда жетістікке жетудегі қажеттігін көрсетеді. Конфликт диагностикалық ситуация ретінде – осы контексте ол ерекшеліктер мен заңдылықтарды анықтауда психологияда қолданылатын термин ретінде емес, белгілі бір жетістіктерді тіркеп отыруға мүмкіндік беретін термин ретінде қолданылады.

Конфликт үйрету - оқыту ситуацияларының негізі ретінде – мұның позитивті мәні бала үшін оның өзінің мүмкіндіктерін ашып беруінде. Мінез-құлықтың қалыптасқан формасы «қажеттіліктер және мотивтер-нақты объект» байланысына сәйкестігін жоғалтқан кезде балаларда конфликт пайда болады[2].

Конфликтология қоғамдық өмірдің әр сферасында пайда болатын конфликтілердің себептерін, мәнін, динамикасы мен формаларын зерттеп, алдын-ала ескерту мен шешу жолдарын қарастыратын, қажетті деңгейде дамыған, көпсалалы дисциплинасымен ерекшеленетін ғылым саласы. Оның зерттеу объектісі - конфликт барлық формасында, ал зерттеу пәні - кез-келген әлеуметтік конфликтінің пайда болуы, дамуы мен аяқталуы туралы ой толғау. Конфликтінің негізгі құрылымдық элементтері- конфликтіге түсуші жақтар, конфликтінің пәні, конфликтілі жағдайдың кейпі, конфликтінің мақсаттары, конфликтіге түсуші жақтардың позициялары[3].


Негізгі бөлім

2.1.Конфликт түрлері

Конфликттердің(қақтығыстардың) негігі түрлеріне жатады:

  • тұлғааралық және тұлғаішілік қақтығыстар
  • отбасы ішіндегі қақтығыстар
  • басшы-бағынушылар арасындағы қақтығыстар
  • әлеуметтік топтар арасындағы қақтығыстар
  • ұлтаралық қақтығыстар және т.б.

Тұлғааралық қақтығыс адамның ішкі сезім дүниесінің ұзақ созылған арпалысынан, күресінен пайда болған, тұрмыстық ортаның қайшылықтарын аңғартатын, шешімі әлі табылмаған тұлғаның уайым, ренжуі. Тұлға ішілік конфликт – бұл  тұлғаның мотивтері, қызығушылықтары, арасындағы күресті бейнелейді. Бұл қақтығыс түрінің пайда болу себептері: өзгенің мінез-құлқын, қимыл-әрекетін төзімсіз деп бағалау,  социал-психологиялық қабілет-мүмкіндіктерінің төмен деңгейде болуы; психологиялық тұрақтылықтың жетіспеуі; басқаларды сыйлау, құрметтеу қабілетінің жетіспеуі (эмпатияның нашар дамуы), өзін өзгеден жоғары деңгейде санау.

Отбасы ішіндегі қақтығыстар – отбасы мүшелерінің өзара әрекеттеріне қарай негізделіп, ерлі-зайыптылар арасындағы, ата-аналар мен балалар, ерлі-зайыптылар мен олардың ата-аналары және т.б. болып бөлінеді.

Басшы-бағынушылар арасындағы қақтығыстар басшының абыройы,  өзара сый-құрмет, басқару стилі және ұжымдағы қолайлы климат (әлеуметтік-психологиялық климат) қалыптастыру мәселелерін қамтиды.  Жалпы ғылым саласында да, практикада да кездесетін өзекті мәселе.

Әлеуметтік топтар арасындағы қақтығыстар деп отырғанымыз – әлеуметтік іс-әрекет барысында қарсы жақтардың мүдделерінің, мақсаттарының, жеке тұлғалар мен топтардың қажеттіліктерінің қайшылыққа ұшырауы, күресі.

...

Скачать:   txt (23.1 Kb)   pdf (143.5 Kb)   docx (17.4 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club