Жаңа жағдайдағы ұлттық психология
Автор: Ainam1997 • Октябрь 22, 2018 • Реферат • 2,303 Слов (10 Страниц) • 817 Просмотры
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жаңа жағдайдағы ұлттық психология
Орындаған:.
Тексерген:
Алматы, 2018 ж.
Орта ғасырларда Ресейде алғаш рет болған шетелдіктер, орыстардың мінез-құл¬қы туралы көптеген деректер жазып қалдырған. Ондағы мәліметтердің кейбірі әлі де өзекті. Мәселен мұндағы «Орыстар бөгде тілді үйренуге бейім емес. Тіпті, өзара әңгімелескенде де ешқашан өзге тілді араластырмайды» де¬ген сөздерден, еліміздегі орыс ағайындардың қазақ тілін неге үйренгісі келмейтінін білуге болатындай. Мүмкін, ана тілін білмейтін немесе үйренуге ұмтылмайтын өз қандастарымыздың қылығын да ұлттың бойындағы осындай мінез ерекшелігінен көру керек шығар? Төмендегі материалда орыстар туралы жазған шетелдіктердің қысқа пікірлері ғана қамтылды. Мұны біз орыс пен қазақтың ұлттық мінезін ажыратып, білу үшін келтіріп отырмыз.
Қазір, біз өмір сүріп отырған қоғамда, Қазақ мүддесіне атүсті қарайтын жаман әдет қалыптасты. «Айғайлай-айғайлай қас¬қырдан да ұят болды» деген екен баяғыда біреу. Тіл, дін мен ділдің қазіргі күйін ашына жазған Қазақтілді ақпарат құралдарының материалдарына бұқара бұрыңғыдай елеңдемейтін болды. Жұртты немқұрайлылық басып барады. Шетелден келетіндердің Қазақстаннан Ре¬сей¬дің әлдебір губерниясына келіп-кет-кендей әсермен қайтатыны осыдан. Ұлтты ұйыстыруы тиіс зиялылар мен шенеуніктерден де жұрт аталы сөз естуді қойды. Себебі, олардың өзі кейінгі жылдары ұлттық мүддеге үрке қарайтын «ау¬ру» тауып алды. Тілге, дінге қатысты дү¬ние¬лерді талап ете қалсаң, «ойбай Қазақ¬станда жүздеген ұлт тұрады. Олар¬дың көңіліне де қарау керек» деген дү¬бәра жауап аласың. Өстіп, ұлттық мүдде десе ат тонын ала қашатын әлемдегі ең көңілшек шенеуніктерді қалыптастырдық. Тіл демекші, кейінгі кездері мемлекеттік тілдің өркендемей жатқанын орыстардан көретіндер көп. Билік бейқам болған соң, орекеңдерді кінәлай беру де жөнсіз. Талап күшейіп, барлығына мемлекеттік тілді білу міндеттелсе ғана республикадағы диаспора атаулы заңның бұйырғанына еріксіз мойынсұнады. Дегенмен, еліміздегі тілдік ахуалды қалыптастыруда орыс тілділердің өзіндік ықпалға ие екені рас. Олардың мемлекеттік тілді үйренбей жатқанын немесе оны меңгеруге талпынбай отыр¬ғанын ұлттық психологиядан да көруге болады. Мәселен, өркениетті Еуропа орыстардың мінез ерекшеліктеріне бая¬ғыда назар аударған. Төмендегі жазбаларда орта ғасырларда, Ресейде алғаш рет болған шетелдіктердің ондағы жергілікті халықтың менталитеті туралы жазып қалдырған қызықты деректері берілді. Оларды бір ұлтты кемсіту, тұқырту мақсатында емес, ескі сана-cезімді қазіргі оймен бағалау, салыстырмалы түрде бағам¬дау үшін жариялауды жөн көрдік.
1549 жылы Ресейде дипломатиялық қызмет атқарған Австриялық Сигизмунд Герберштейн біздің Құдай қосқан көршіміз туралы деп жазыпты:
«Орыс патшасы өзіне қарасты тұрғын¬дарды қалай билесе, дін өкілдеріне де со-лайша әмір жүргізеді. Патша не істесе де, олар оған құдайдың қалауын жет¬кізуші ретінде бойұсынады. Әлде¬бір тұтқынның мәселесі сөз болса, ә묬бет¬те «Құдай қаласа, босайды» деп жауап қайтарылады. Егер, біреу өзі біле бермейтін нәрсе жәйлі сұраса немесе күмәнді жәйтті білгісі келсе, оған көбіне «Ол Құдай мен ұлы патшаға ғана мәлім» деп жауап беріледі. Орыстардың адам түсіне бермейтін мінезі көп. Кейде осындай қотиын, бірбеткей мінезді халық тиран-патшаға шынымен де мұқтаж шығар, я болмаса бұлар патшаның қатігездігінен осындай қатал мінезді болып қалыптасқан болар деген ой келеді. Соғыста да, олар асығып, тобыр болып шабуыл жасайды да, қарсыластарына лайықты тұрыстық бере алмайды. Тұрыстық берген күннің өзінде де тығылып келіп тұтқиылдан тиеді. Жер бетінде осындай қатал өмірге бейімделген халық әсте жоқ шығар. Мен бір орыстың, егер, ұрып-соқпайтын болса, еркіндікке қарағанда түрмедегі өмір әлдеқайда көңілді дегенін естідім. Себебі, түрмеде тамақ дайын. Ал, бостандықта тамақ табу үшін оларға бейнеттенуге тура келеді. Мұнда тұрмыстары адам төзгісіз кедейлер өте көп. Мен олардың тұздалған балық пен балықтың өзге түрлерін қалай қорек еткенін көрдім. Олар иістенген балықты бұдан артық қандай жақсы тамақ болуы мүмкін деп тамсана жейді. Орыстар ырымшылдыққа жақын грек заңымен ғұмыр кешеді. Орыс шіркеулерінде мүсін атаулы кездеспейді. Барлығы сурет түрінде бейнеленген. Орыстар олардың құдіретіне пұтқа табынғандай көзсіз сенеді. Олар бізді жарым-жартылай християн санап, өздерін күнәсіз сәбилердей сезінеді. Орыстар бөгде тілді үйренуге бейім емес. Тіпті, өзара әңгімелескенде де ешқашан өзге тілді араластырмайды. Шіркеулерінде ғибадат орыс тілінде жүреді. Пірәдарлары қасиетті кітапты оқып жатқанда, былайғы жұрт өзара күбірлесумен болады. Оның сөзін ешкім тыңдамайды. Себебі, түсін¬бейді. Ал, құлшылықтың соңында шір¬¬кеу қызметкерлеріне қосыла «Господи помилуй» деп жамырап кетеді». Алғашқы орыс ел¬шілігін Англияға апара жатқан кезде қаза тапқан әрі Солтүстік Двина ар¬қы¬¬лы Ресейге жол ашқан ағылшын ке¬ме флотының басшысы Ричард Ченс¬лер, 1553 жылы ресейліктер туралы:
...