Дәрігердің кәсіби қызметінде коммуникативтік дағдылардың маңыздылығы
Автор: Динара Мауленова • Октябрь 24, 2021 • Доклад • 274 Слов (2 Страниц) • 477 Просмотры
Дәрігердің кәсіби қызметінде коммуникативтік дағдылардың маңыздылығы
Коммуникативтік дағдылар біздің қоғам менбірқатарда өмір сүрүіміз үшін ең қажетті қарулардың бірі болып саналады.Әлеуметтік ортада адамдармен дұрыс қарым қатынасқа түсе білу,біздің сол ортадағы дәрежемізді көрсетуге ықпалын тигізеді.Сонымен қатар коммуникативтік дағдыларды меңгерген адам кез-келген салада өзінің тәжірибелі маман екенін көрсете алады.
Дәрігерлер күндіз түні адамдармен қарым қатынас жасағандықтан, коммуникативтік дағдылар олардың кәсібінде үлкен маңызға ие екені айдан анық. Емхана дәрігері коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алса, бұл емхананың да, дәрігердің де беделін асырады. Сол себепті, дәрігер басқа дәрігердің де, өзінің де коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалай алуы тиіс. Коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау арқылы, дәрежені одан ары арттыруға мүмкіндік аламыз.
Дәрігер ең бірінші науқас және оның туыстарымен бір біріне сенім тудыратын қарым-қатынасты ұстануы керек,яғни бұл орайда екі тараптанда шынайылық талап етіледі.Жақын қарым қатынас ұсталмаған жағдайда,науқас өзінің емделіп кетуіне деген сенімділікті жоғалтып алады.Және басқа дәрігерге жүгінгенді жөн санайды. Сондықтан, әр дәрігер және де басқада медицина қызметкерлері науқаспен және оның жақын туыстарымен дұрыс, тиісті дәрежеде олардың сенімділігін тудыратын қарым-қатынас құруы керек.
Сонымен қатар ара арада науқас жақындарымен немесе науқастың өзімен дау дамайлар ұшырап тұрады. Ол емделушіге тікелей кері әсерін тигіізеді.Мұндай мәселе туындаған жағдайда дәрігер психиологиялық тұрғыдан науқаспен оның туыстарын тынышталдыру қажет.Бұл жердеде олардың арасында ұсталған қарым қатынас ортаға түсіп мәселенің әрі қарай қандай шешімге алып келетінін көрсетеді.Қарым қатынас дұрыс ұсталған жағадайда,дәрігер науқас және оның туыстары бойындағы сенімділікті оятып ,оң нәтиже көрсетеділеді.
...