Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ысқақовтың сөз таптары теориясына қатысты тұжырымдамалары

Автор:   •  Сентябрь 14, 2024  •  Реферат  •  1,565 Слов (7 Страниц)  •  36 Просмотры

Страница 1 из 7

 І  А. Ысқақовтың сөз таптары теориясына қатысты тұжырымдамалары

  1.  А. Ысқақовтың сөздерді таптастыру ұстанымдарына қатысты тұжырымдары

Қандай тілде болмасын, қай кезде де болмасын, морфологияның ең өзекті, ең маңызды тақырыптарының бірі сөздерді әртүрлі мағынасына қарай лексикалық, грамматикалық топтарға бөлу болды. Тіліміздің грамматикалық жүйесін зерттеу өткен ғасырдың екінші жартысынан басталды.  Сөздерді бұлай бөлу жыл санауымыз алдындағы V-IV ғасырдағы көне Үндістан лингвисі Панини грамматикасынан, байырғы Греция ойшылдарынан бері қарай айтылып келе жатқанын да білеміз. Тілдегі сөздерді есім, етістік, шылау деп үш класқа бөлу де сол заманда басталған болатын. Платон мен Аристотельден басталған жоғарғы үш топ құрамына енетін сөздерді ең аз болғанда бес, ең көп болғанда он бір топқа бөлу - тіл білімінде әбден орныққан, тұрақты үлгіге айналған дәстүр. Ғылымда орныққан сол даяр үлгіні түркологтар түркі тілдерін зерттеуде де қолданды. Даяр тұрған үлгіні түркі тілдеріне қолданудың алғашқы тәжірибесі Қазамбектен, Гигановтан, Бетлингтен басталды. Қейін келе қара жолға айналған сол соқпақпен қазақ тілін зерттеушілер де жүрді [1; 95]. Қордабаев, Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары.

H. И. Ильминскийдің XIX ғасырдың 60-жылы жарық көрген «Материалы к изучению киргизского наречия» атты еңбегінен басталып, М. Терентьев, П. М. Мелиоранский, В. В. Катаринский секілді, тағы басқа орыс түркологтарының миссионерлік мақсатта жазылған еңбектерінде жалғасын тапқан қазақ тілі сөздерін түрлі тапқа бөлу ісі ғұлама ғалым, біртуар тұлға А. Байтұрсынұлы есімімен тығыз байланысты болды. Бүкіл саналы ғұмыры ғасырлар тоғысына сәйкес келген А. Байтұрсынұлының ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ халқының саяси-әлеуметтік, қоғамдық өміріндегі орны ерекше еді [2; 18]. Мұхтаров С. Қазақ тіл біліміндегі сөздерді топтастыру мәселесі. Алматы, «Ғылым», 2001 ж, 3 б. А. Байтұрсынұлы «Тіл тағылымында»: «Халық өмірі бір жылдап, он жылдап, хәттә жүз жылдап та емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзақ өмірінің ішінде һәр халықтың дағдылы тұтынып келе жатқан сөздері, ол сөздерінің біріне- бірі жалғасып тізілетін дағдылы жолы, жүйесі, қисыны болады» [4, 10] деп, сөздердің, яғни сөз таптарының да даму, қалыптасу тарихы, олардың белгілі бір мағынасы, морфологиялық түрленуі, мүшелік қызметі бар екендігін көрсетеді. [4] Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. - Алматы: Ана тілі.1993. - 446 б.

Тіл білімінде сөз таптарының табиғаты жайында әртүрлі көзқарастар мен байымдаулар бар. Олардың бірі бойынша, сөз таптары сөздердің лексика-грамматикалық категориялары болып саналса, екіншілері бойынша, сөз таптары сөздердің формальды-грамматикалық категориялары, үшіншілері бойынша, сөздердің таза грамматикалық топтары болып саналады [5, 356]. 5 Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы: Мектеп, 1978. - 498 б.

        Қазақ тіл білімінде сөз таптастыру мәселесіне оң ықпалын тигізген іс – әр сөз табын кандидаттық диссертация ретінде жеке зерттеу нысанына айналдыру ісі 40-жылдары басталды. Сөз таптастырудың семантикалық, морфологиялық, синтаксистік принциптерінің қазақ тіл білімінде сөз таптарын зерттеген Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, С. Жиенбаев, Ә. Хасенов, Ш. Сарыбаев, Ж. Шәкенов Р. Әміров, Б. Кәтенбаева т. б. ғалымдардың еңбектерінде түрлі дәрежеде көрініс тапты [6].

        Жоғарыдағы ғалымдар өз зерттеу жұмыстарында керекті сөз таптарын айқындауда қазақ лингвистикасына 30-жылдары енген сөз таптастырудың семантикалық, морфологиялық, синтаксистік принциптерін негізге алады. Бұл авторлардың зерттеулері барысында басқа да ғалымдардың еңбектерінде сөз таптарының семантика-құрылымдық қырын ашу кезінде бұл ұстанымдарды іске асыру деңгейлерінің сан алуандығы байқалды.

        Сөз таптастыру ілімінің мәселелері өзекті проблема ретінде 1950 жылдары қолға алына бастады. Бұл жылдары қазақ лингвистикасындағы сөз таптастыру мәселесін шешу ісіне белсене кіріскен А. Ысқақов болды. 1950 жылы «Халық мұғалімі» журналында зерттеушінің «Қазақ тіліндегі сөздерді таптастыру туралы» атты мақаласы жарық көрді. Ғалым сөздерді түрлі тапқа бөлудің мәнін, мақсатын «тілдің даму сатысын, грамматикалық құрылысын айқындаумен» байланыстыра отырып, «Сөздерді таптастыру жөніндегі көзқарастар мен бағыттар жалпы тіл ғылымының даму сатысына, қалса әрбір жеке тілдің зерттелуі дәрежесіне сәйкес өзгеріп те, дамып та отырады», - дейді. [7]

...

Скачать:   txt (21.9 Kb)   pdf (99 Kb)   docx (197.4 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club