Шпаргалка по "Диалектологии казахского языка"
Автор: Alon_ • Октябрь 29, 2022 • Шпаргалка • 2,811 Слов (12 Страниц) • 245 Просмотры
1Қазақ тілі диалектологиясы пәнінің мақсаты, міндеті, зерттеу нысанын сипаттаңыз Қазіргі қазақ тілі барша қазақ халқына ортақ қарым қатынас тілі. Олай болатын себебі сөздік құрам мен грамматикалық құрылымның қазақ тілінде сөйлеушілерге ортақ екендігінен. Алайда белгілі бір жердің, аймақтың халқына ғана қызмет ететін тілдік бірліктер кездеседі. Мұны біз диалектілік ерекшеліктер деп атаймыз. Диалектілік сөздер әдеби тілден оқшауырақ тұрғанымен әдеби тілдің құранды бөлшегі болып есептеледі. Мұнда көне тілдің сарқыншағы, көрінісі ретінде сақталып қалған ескірген сөздер, белгілі бір дәуірде басқа халықтармен қарым қатыас барысында ауысқан кірме сөздерде кездеседі. Жергілікті тілдік ерекшеліктер – жалпы халықтық тіліміздің бір аймаққа тән тілдік көрінісі. Осы жергілікті ерекшеліктерді зерттейтін ғылым саласы – диалектология деп аталады. Диалектология пәнінің зерттеу нысаны мен мақсаты: Қазақстан тұрғындарының түрлі аймақтарындағы жергілікті тілдік ерекшеліктерінің қалыптасу тарихын, әдеби, биәдеби тіл ресурстарымен арақатынасын, сөйлеу тіліндегі қолданыс ерекшелігін, диалектілік мәні бар сөздердің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйесін ашып көрсетуді мақсат етеді. Тілдегі диалектілер мен говорлар диалектология мәселелерін шешу үшін ғана зерттелмейді. Диалектілердің, ондағы тіл ерекшеліктерін танып білудің тіл тарихын зерттеуде, халық тілінің сөз байлығын меңгеруде теориялық та, практикалық та мәні зор. 2Диалектология ғылымының өзге пәндермен байланысына салыстырмалы кесте құраңыз .Фонетика— тілдің дыбыстық жағын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады. Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады. ФСөздердің жуан немесе жіңішке айтылуы, дыбыстардың алмасуы, фонетикалық (метатеза, протеза, эпентеза, гаплология т.б.) құбылыстар диалектілік ерекшеліктерді тудырады .Лексикология – тілдің сөз байлығын, лексикасын зерттейтін ғылым. Ол сөзді мағынасы, шығу тегі, қолданылу сипаты, стильдік мәні тұрғысынан тексеріп, тілдің қалыптасқан лексик. жүйесін зерттейді. лҚазақ тілінің лексикасы Қазақстаннның әр түкпіріндегі тұрғындардың бәріне бірдей ортақ болғанымен оның ішінде сөз қолдануда кейбір ала-құлалық бар екені байқалады. Ол ала-құлалықтың көрініс әртүрлі. Белгілі бір жерде қолданылатын сөз, екінші бір жерде қолданылмауы мүмкін. Кейде, әр жерде айтылатын белгілі бір сөздің мағыналары үйлеспей әр жерде әртүрлі мағынада жұмсалуы мүмкін .Тарих (көне грекше: ἱστορία — сұрастыру, зерттеу) — адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым тДиалектілердің құрамында көне тілдің көрінісі ретінде сақталған ескірген сөздер кездеседі. Мұндай сөздерден өткен ғасырлардағы халықтың тұрмыс-тіршілігі, басқа халықтармен қарым-қатынасы, мәдениеті және т.б. ақпарат аламыз 3Сипаттама диалектология мен тарихи диалектологияның арақатынасын саралаңыз Диалектология ғылымы сипаттама диалектология және тарихи диалектология болып бөлінеді. Халық тіліндегі осы секілді құбылыстарды жинаптеру, хат бетіне түсіру, олардың тілде -өмір сүру тарихын, пайдаболу жолдарын, таралу шегін анықтау – диалектологияның міндеті. Осыған орай диалектология ғылымы сипаттама диалектология жҽне тарихи диалектология болып бҿлінеді. Тарихи диалектологияның міндеті – жазба ескерткіштердегі жҽне этнография, т.б. тарихи мҽліметтерге сүйене отырып, диалектілердің даму сипатын, қалыптасу тарихын ашу Сипаттама диалектологияның міндеті – диалектілер мен сөйленістердегі ерекшеліктердің қазіргі жайы мен таралған көлемін сипаттап түсіндіру, әдеби тілден қандай ерекшеліктері Бар екенін анықтау Диалектология (грек. Dialektos - говор, наречие, logos – ғылым) – белгілі бір тілдегі диалектілер мен говорлардың қазіргі қалпын, ерекшелігін, шығу тегін, таралуын, тарихын, зерт. тіл саласы. Әдеби тілі – өмірдің барлық саласында қолданатын тілі. Жалпыхалықтық тілдің өңделіп, сұрыпталып нормаға түскен нұсқасы. Жалпыхалықтық тіл – белгілі бір халықтың ауыызекі сөйлеу тілінде кеңінен қолданылып жұмсалу өрісіне стильдік шек қойылмайтын тіл. Диалект – жалпыхалықтық сипат алмаған белгілі бір аймақта ғана, қолданылатын тілдік белгілер. Говор(сөйленіс) – шағын аймаққа ғана таралған, диалектілердің шағын аймағын қамтитын бөлшегі. Диалектілер көлемді аймақты қамтыса, говорлар шағын аймақты қамтиды. Говорлар өз ішінен екіге бөлінеді: жергілікті және ауыспалы. Жергілікті говорлар – басқа тілдердің әсерінен тыс жергілікті аудандардың өзінде пайда болады. Ауыспалы говорлар – тілдегі диалектілердің немесе шектес тілдердің аралығында қалыптасады. Ауыспалы говор – екі немесе одан да көп говорлардың аралығында орналасқандықтан соларға тән белгілерді қабылдаған говор. Мысалы: әрі батыс, әрі оңтүстік говорларына тән белгілерді қамтыған қазақ тіліндегі Арал говорның сипатын атауға болады. Ауыпалы говорды аралық говор деп те атайды. Наречие – ұқсас, шыққан тегі бір-біріне жақын жергілікті говорлар жиынтығы. Наречие диалектілер мен говорлар орнына революцияға дейін қолданылған. Қазіргі қазақ тілінде қолданылмайды. Диалектологиялық карта – белгілі бір тілдің говорлары мен диалектілерінің болмаса, жеке диалектілік құбылыстардың таралу сипаты белгіленіп көрсетілетін карта. Изоглосса – тілді лингвистикалық география әдісімен зерттеуде тілдік құбылыстардың таралу шегін көрсететін картадағы сызықтар, шекаралық белгілер. Идиолект – нақты индивидтің тіліне тән ерекшеліктердің жиынтығы. Идиолект термині диалект терминінің үлгісінде жасалған бірақ тұтас бір аймаққа, жеке топтар мен ұжымдарға тән жергілікті немесе әлеуметтік сипатта емес, жеке адамның тіл ерекшеліктерін білдіреді. Әлеуметтік диалектілер қоғамдағы қандайда бір әлеуметтік топтарға, арнайы кәсіп иелеріне тән сөздік қолданыстар. 5Диалект, говор, наречие терминдерінің айырым белгісін саралаңыз Диалект – белгілі бір аймаққа тарлаған болса, говор – аймақ ішіндегі шағын аймаққа таралған бөлшегі. Наречие термині диалекті мен говорлар тобы мағынасында революцияға дейінгі еңбектерде қаралған. Диалект – жалпыхалықтық сипат алмаған белгілі бір аймақта ғана, қолданылатын тілдік белгілер. Наречие – ұқсас, шыққан тегі бір-біріне жақын жергілікті говорлар жиынтығы. Наречие диалектілер мен говорлар орнына революцияға дейін қолданылған. Қазіргі қазақ тілінде қолданылмайды. Говор(сөйленіс) – шағын аймаққа ғана таралған, диалектілердің шағын аймағын қамтитын бөлшегі. Диалектілер көлемді аймақты қамтыса, говорлар шағын аймақты қамтиды. Говорлар өз ішінен екіге бөлінеді: жергілікті және ауыспалы. Жергілікті говорлар – басқа тілдердің әсерінен тыс жергілікті аудандарды өзінде пайда болады. Ауыспалы говорлар – тілдегі диалектілердің немесе шектес тілдердің аралығында қалыптасады. Ауыспалы говор – екі немесе одан да көп говорлардың аралығында орналасқандықтан соларға тән белгілерді қабылдаған говор. Мысалы: әрі батыс, әрі оңтүстік говорларына тән белгілерді қамтыған қазақ тіліндегі Арал говорның сипатын атауға болады. Ауыпалы говорды аралық говор деп те атайды. Жергілікті тіл ерекшелігі мен әдеби тілдің арақатынасын айқындаңыз Жалпыхалықтық тілдің нормаға түскен нұсқасы – әдеби тіл. Қазақ әдебиеті тілінің өткені мен бүгініне, тарихына көз жүгіртіп қарасақ, оның қалыптасуы мен кемелденуіндегі басты ұйытқы,түп қазығы халық тілі екенін айқын сеземіз. Қазіргі әдеби тіліміздің жай-жапсарын бұдан көп дәуір бұрын ел арасына тараған ауыз әдебиеті нұсқаларының тілімен салыстырар болсақ, олардың арасында бір-біріне соншалық кереғар, алшақ жатқан сөздердің де, дыбыстық белгілердің де грамматикалық тұлғалардың да жоқ екенін айқын аңғарамыз. Тіпті қазақ арасында әлі күнге дейін жырланып келе жатқан халықтық эпос,жыр-дастандар мен ауызекі сөйлеуде, жазғанда тілге сан оралып жататын мақал-мәтел, нақыл сөз біткеннің баршасын былай қойғанда,түркі тілдерінің көбіне ортақ жазба ескерткіштердің бетінен де қазіргі қазақ тілі деп атап отырған тілімізді әр өлкенің жергілікті қазағының тіліне тән диалектілік белгілер мен құбылыстардың жиынтығын, жергілікті нұсқасын, жергілікті формасын ғана білдіретін ұғым ретінде түсінген жөн. Әдеби тіл деп, белгілі бір жүйеге түсіп қырналған,жонылған, ел-жұрттың бәріне бірдей ортақ нормалары бар тілді айтады. Ал халық тілі деп атап отырған тіл де бұл секілді жұрттың бәріне бірдей міндетті норма деген болмайды. Мәселен, қазақ тіршілігімен ежелден біте қайнасып бірге келе жатқан киіз үйдің өзінің аталуы әр жердің қазағының тілінде әр басқа. Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс бөлігінің барлық жерінде киіз үй болып айтылатын сөздің орнына Жетісу атырабында қазақ үй, қырғыздармен шегаралас өңірдің кей жерінің қазағында боз үй, Қарақалпақ еліне жақын-жуық жердің қазағының тілінде, оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде қара үй, ал Қазақстанның бүкіл батысында ағаш үй деген сөздер қолданылады. Бір ғана иінағаш сөзінің әрқайсысы әр жердің қазағының тілінде әр түрлі айтылатын суағаш, мойынағаш, күйенте, құрамыс, әпкіш деген варианттары мәлім. Республикамыздың көпшілік жерінде өңде, теңдік,таңдай түрінде айтылатын сөздердің оңтүстік және оңтүстік шығыс өңірдің өн бойында жаппай өңле,теңлік,таңлай болып айтылуы бір ғана сөздің дыбыстық тұрғыдан әр жердің қазағының тілінде әр түрлі құбылуының айқын көрінісі. Бір ғана грамматикалық категорияның ауқымында танылатын, барыңыз,барың барғын тәрізді тұлғалардың алғашқысы қазақ атаулының бәрінің тіліне түгел тарағанымен, кейінгі екеуін барлық жердің қазағының тілінен таба алмаймыз. Тек барың, барғын деген тұлғалар оңтүстікке ғана тән. Барың деген тұлғаның оңтүстікке тыс кейде Қарақалпақ, Түрікмен елімен көршілес өңірлердің қазағының тілінен байқалатын кезі бар. Грамматикалық мағынасы жағынан бұл жердегі -ыңыз, -ың, -ғын дегендердің бәрі бұйрық райдың сыпайыгершілік мәнінде екінші жақтық көрсеткіші. Тіл дамуының қазіргі сатысында ұлт тілінің жоғарғы және төменгі формалары бар. Жоғарғы формасы–қалыптасқан не қалыптасып келе жатқан әдеби тіл де, төменгі формасы–халық тіліндегі диалектілер мен говорлар. Әдеби тіл бір жағынан, халық тіліне, жергілікті диалектілерге өз ықпалын арттырып, қарапайым, тұрпайы диалектизмдерді ығыстырып отырса, екінші жағынан, сол сөздер мен халық тілі есебінен өзі де байып, толыға түседі. Әдеби тіл бүкілұлттық тілдің байлығын түгелдей қамтымайтыны белгілі. Ұлттық тілдің жоғарғы формасы әдеби тілге халық тіліндегі неғұрлым дәл, айқын сөздер мен сөз тіркестері, тұрақтаған морфологиялық тұлғалар мен синтаксистік құрылымдар ғана кіреді. Осы тұрғыдан қарағанда тіліміздегі сан алуан сөздің әдеби тілге жататыны да, тек сөйлеу тілінде ғана жұмсалатындары да бар. Бірақ әдеби тілге кірмейтіннің бәрі бірдей диалектизм емес. Мәселен, әдеби тілдегі түрлері анықталса да, сөйлеу тілінде жарыса айтыла беретін сөздер аз емес: төрт-дөрт, тізе - дізе, және - жана, мағына-мағана, кәне-қане, қадір-кәдір, патша - патса, өмір - ғұмыр, доп-топ т. б. Сонымен бірге әдеби тілде осы күнге шейін қатар жұмсалып, орфоэпиялық нормасы айқындалмаған сөздер де бар: — зәбір — жәбір, әшейін - әншейін, балуан-палуан, бәле-пәле, тілмар — ділмар, бірдеме–бірдеңе, пенде — бенде. | Ал диалектизмдердің әдеби тілге қатысына келсек, олардың әдеби тілді байытуы тілге енген диалектизмдер санаулы ғана. Тек белгілі бір сирек құбылыс. Әдеби ұғымды білдіретін сөздер әдеби тілде жоқ болса, сонда ғана жергілікті сөздердің кейбірін баспасөз арқылы әдеби тілге енгізуге болады. Мысалы, қазір баспасөзде, кейбір әдебиеттерде қолданып жүрген пәрменді (қарқынды), бойынша, аула, мелжемді (азулы, тырнақты), мүдесат т.б. жергілікті немелтай (шөберенің балалары) халықтық тілден ауысып кірген сөздер. Қазақ говорларында кәдеге жарайтын, тіліміздің, лексикамыздың баюына қажетті, ал әдеби тілде баламасы жоқ сөздер кездеседі. Мысалы, мал егіз тапса, егіз дейміз, үшеу, төртеу тапса, оны бір сөзбен атайтын әдеби сөз жоқ. Ал Ақтөбе, тағы басқа облыстарда мұны үшен (үшем), төртен дейді. Еркектің көйлегін де, әйелдің көйлегін де көйлек дейміз. Ал Жетісу тұрғындары әйелдердің көйлегін көйлек дейді де, еркектің көйлегін жейде деп екеуін екі атаумен атайды. Сол сияқты зембіл (носилка), арасан (минералды бұлақ) деген сияқты говорлық атаулар бар. Әдеби тілімізді байытатын осындай сөздерді орнықтыруға, қалыптастыруға тиістіміз. Белгілі бір аймақта ғана айтылатын балық, бау-бақша, мақта сияқты шаруашылық салаларына байланысты. Қолданылатын кәсіби көздер де тілдік қорымызды толықтыра алады. Мысалы, бау-бақша егісімен көбірек шұғылданатын оңтүстік аймақтарда жеміс-жидектің түрлі атаулары бар. Балық аулау кәсібімен көбірек шұғылданатын Каспий, Арал бойындағы тұрғындардың тілінде балық, құрал-сайманның түрлі атаулары кездеседі. Бұлар — бір аймақта қолданылғанмен, тілімізді байытатын және әдеби тіліміздің өсуіне, дамуына қажетті сөздер. Мұндай сөздерді шығармаларда қолдану арқылы жалпы халықтың игілігіне айналдыру керек. Бірақ заттың не ұғымның жалпы халыққа бірдей түсінікті баламасы тұрғанда, тек тіл байытуды мақсат етіп, жергілікті сипаты бар сөздерді орынсыз кіргізе беруге болмайды. 7Диалект сөздер мен жалпыхалықтық сипаттағы сөздердің арақатынасына талдау жасаңыз. Диалектілік ерекшеліктер түркі тілдерде бірінде аз, бірінде көп мөлшерде сақталған. Қазіргі диалектілер алғашқы қауымдық құрылыс кезінде тайпаның сөйлеу тілі болған. Демек, диалект дегеніміз жалпыхалықтық тілдің бір тарауы, одан тыс құбылыс емес. Қазіргі қазақ тілі бүкіл қазақ халқына ортақ, біртұтас қарым-қатынас құралы болып табылады. Бұл ортақтық, біртұтастық сөздік құрам мен грамматикалық құрылыстың негізі жалпыхалықтық, барлық қазақ тілінде сөйлеушілер үшін ортақ екендігіне байланысты. Бірақ тілдің біртұтастығы деген ұғым қашанда оның барлық элементтері сол тілде сөйлейтін жердің бәрінде бірдей деген ұғымды бермейді. Тілдегі заңдылықтардың бәрі бердей емес, олардың ішінде тілдің бірлігі үшін маңыздылары, негізгілері бар да, сондай-ақ маңызды еместері де бар. Аса маңыздылары бүкіл тілді қамтиды, олардан тілдің біртұтастығы көрінеді. Ал онша маңызды еместері тілдің белгілі бір тармағын, азғана бөлігін қамтиды. Жергілікті халық тіліне әдеби тілдің әсері неғұрлым күшті болса, соғұрлым ондағы диалектілік ерекшеліктер тез жойылатыны белгілі. Халық ағарту ісінің дамуы, түрліше мәдени орындардың көбеюі, баспасөздің, радионың кең тарауы жергілікті диалектілерге әдеби тілдің әсерін күшейте түсті. Бұрын жергілікті диалектіде сөйлеген адамдардың әдеби тілді бірден меңгеріп кетуі, әрине, оңай емес, бұл – ұзақ уақытты керек ететін процесс, дегенмен қазіргі кезде оның қарқыны күн санап үдей түсуде. Осы күні тек таза диалектімен сөйлейтін ауданды, ауылды табу қиын. Қазіргі ауылда әрі әдеби тілдің, әрі жергілікті диалектінің нормасын қатар қолданушылық жиі кездеседі. Кейде бір адамның әрі жергілікті диалектінің, әрі әдеби тілдің элементтерін қатарластырып пайдаланатынын байқауға болады. 8Диалектілер мен биәдеби топтардың (жаргон, арготизм, варваризмдер, тұрмыстық сөздер, қарапайым сөздер, койне,) ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне сараптама жасаңыз Диалект – жалпыхалықтық сипат алмаған белгілі бір аймақта ғана, қолданылатын тілдік белгілер. Енді, диалектілер мен биәдеби топтардың ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Олардың әрқайсысын жеке-жеке қарастырайық. Жаргон – бұл термин француз тілінен алынған (құпия тіл), тұрақты және әлеуметтік топтың ауызекі қолданысындағы сөйлеу түрі. Жаргон сөздер – кей әлеуметтік топтардың «өз сөздері мен сөз тіркестерін» өзге адамдар түсінбесін деген мақсатта қолданылып, сол топтардың ішкі мүддесіне сай жасалған жасанды тіл. Жаргон сөздердің топтық түрлері көп, соның ішінде жастар (студент, оқушы) тіліндегі жаргон, компьютерлік жаргондар т.б. Арготизм. Кейбір әлеуметтік ортада немесе жеке топтардың тілінде кездесетін арготизмдердің жайы бұдан басқашарақ. Аргоның жаргонмен ұқсас жері де, айырмашылығы да бар. Аргода да жаргон сияқты жалпы халықтық сөздер шартты түрде әдейі бұрмаланып айтылады. Солай бола тұрса да аргоны жаргонмен шатастыруға болмайлы. Жаргон үстем таптың жоғарғы топтарына тән болса, арго төменгі әлеуметтік топтарға тән. Арго жасырын әрекетті, құпия сырды бүркемелеу мақсатынан туған. Сол үшін халық тіліндегі жалпыға түсінікті сөздер басқа мағынада әдейі бұрмаланған.Мысалы, ұрылар мен саудагерлердің тілінде кездесетін апсар-жапсар (ұрланған нәрсе жапсарда тұр), үй таза ма (үйде кісі жоқ па), шіріңкене (дәнекерші саудагердің алатын ақысы) сөздер мен сөз тіркестерінің арголық сипаты бар. Сол сияқты буын арасында дыбыс қосып ежелеп сөйлеудің де арголық сипаты бар. Мысалы, п,ф,з,р дыбыстарын қосып сөйлеу. Жаргон мен арголар әдеби тілге ене алмайды. Олар көркем шығармаларда кейіпкерлердің сөзінде арагідік кездесуі мүмкін. Тілдегі кәсіби сөздерден жаргондық сипаты бар сөздерді айыр білу қажет. Екеуі де қоғамдағы әлеуметтік топтарға қызмет еткенімен, пайда болуы, қолданылуы және әдеби тілге қатысы жағынан бір-біріне ұқсамайды. Тілімізде бaлaмaсы болa тұрып, өмірге қaжеті болмaсa дa, орынсыз қолдaнылғaн шет елдік сөздерді вaрвaризмдер деп aтaп жүрміз. Солaй екені aқиқaт шындық.Варваризмдер: 1. Кейде бір хaлықтың шынaйы өмірін, тұрмыс- сaлтын суреттеп көрсетпек болғaндa, сол елдің ұлттық ерекшелі- гін көрсету мaқсaтымен вaрвaризмдер сaнaлы түрде әдейі қолдa- нылaды 2. Тыңдaушығa ерекше әсер етіп, күлдіру үшін хaлық aқындaры дa вaрвaризмдерді пaйдaлaнaды. 3. Өзге тілдегі сөз- дерді сөзбе-сөз aудaруғa қиын болғaн жaғдaйдa, вaрвaризмдер сол қaлпындa еш өзгерілмей aлынaды 4. Вaрвaризмдер кейде қоғaмдaғы жaғымсыз қылықтaрды келемеждеу үшін де қолдa- нылaды. 5. Aнa тілін білуге мән бермей, оғaн жүрдім-бaрдым қaрaп, тіл шұбaрлaушылaрды келемеждеу үшін де жaзушылaр вaрвaризмдерді жиі пaйдaлaнaды. Мұның бaрлығы, әрине, тaнымымыздың жоғaрылығының, тіл жұмсaудaғы шеберлігіміздің белгісі. Aлaйдa, вaрвaризмдердің көбеюінің қaйнaр көздері қaндaй, пaйдa болуының жолдaры бaр мa деген сұрaқ туындaйды. Өзге тіл элементтерін қaрттaр көбінесе дыбыстық өзгерістерге ұшырaтып бaрып пaйдaлaнaды. Бұл aуыл тұрғындaрындa жиі кездеседі. Мысaлы, «нaпитокті» нәпиткі, «пaчкaны» пәшкі, «совсемді» сaпсем, «инвaлидті» инуәлит, «мешокті» мөшек, т.б. деп aйту ерсі көрінбейді. Соны- мен қaтaр ересектердің тілінде де орысшa мен қaзaқшaны aрaлaстырып aйтaтын жaғдaйлaр aз кездеспейді. Мысaлы, aмaл который, дурaк болмa, сценaрий бойыншa, нерв системaсы кө- термейді, т.б. Орыс сөздеріне қaзaқшa қосымшa қосылу aрқы- лы дa вaрвaризмдердің үлкен тобы пaйдa болaды. Мысaлы, нaхaлдaр, нaхaлсың, менің кошкaм, оның кошкaсы, городқa, го- родтaн, хлебпен, т.б. Егер жaстaр бaлaмaсы болa тұрa «бaлмұз- дaқты» мороженое, «aялдaмaны» остaновкa, «ұшaқты» сaмо- лет, «сaяжaйды» дaчa, «хaтшыны» секретaрь деп қолдaнсa, соңғылaры вaрвaризм болып есептеледі. Вaрвaризмдерден құтылу – тіл тaзaлығының бaсты кепілі. Тұрмыс-тіршілікке бaйлaнысты күнделікті өмірде сaн aлуaн сөздер пaйдaлaнылaды. Aсa мaңызды ұғымдaрды қaмтып бейнелейтін мұндaй сөздер сөздік құрaмның едәуір бөлегін aлaды. Тұрмысқa қaжетті көптеген зaттaр мен нәрселер ежелгі дәуірлерден бері бaр. Олaр келе-келе өздерінің түр-түсін өзгерткенімен, aтaулaрын сaқтaп қaлғaн. Бұлaрдың әрқaйсысын егжей-тегжейлі зерттеу тaрихымызды, ескі мәдениетімізді тaнуғa көмектеседі. Тұрмыстық лексикaғa қaндaй сөздер жaтaтындығын білу үшін олaрды лексикaлық-тaқырыптық топтaрғa бөліп қaрaстырғaн жөн. Киім-кешекке бaйлaнысты сөздер: тон, көйлек, бaс киім, aяқ киім, етік, құлaқшын, тымaқ, шекпен, қaмзол, төбетaй, мәсі, кебіс, костюм, пaльто, шaлбaр, т.б. Төсек-орынғa бaйлaнысты aтaулaр: керует, кілем, көрпе, жaстық, көрпеше, жaпқыш, мaтрaц, простыня, т.б. Ыдыс-aяққa бaйлaнысты қолдaнылaтын aтaулaр: кесе, aяқтaбaқ, қaсық, стaкaн, тостaғaн, сaпaр кесе, қолбaқыр, шәйнек, леген, ожaу, бaқырaш, aққұмaн, шәугім, шелек, т.б. Үй мүліктері: кебеже, сaндық, әбдіре, стол, орындық, шифонер, мебель, этaжеркa, дaстaрқaн, т.б. Үй шaруaшылығынa қaжетті зaттaрдың aтaулaры: бaлтa, шот, aрa, бaлғa, күрек, тырмa, сыпырғыш, сүймен, қaлaқ, әтешкір, т.б. Үй aтaулaры: тaм, қaрaшa үй, жолым үй, шошaлa, киіз үй, жaппa қос, коттедж, кірпіш үй, терезе, есік, т.б. Қысқaшa мaғлұмaт беру үшін aлынғaн лексикaлық-тaқырыптық топтaрдың әрқaйсысы шaғын-шaғын лексикa-семaнтикaлық жүйе құрaйды. Мысaлы, ыдыс-aяқтaрдың өзін іштен мaқсaтынa қaрaй тaмaқ жеуге, сусын ішуге aрнaлғaн ыдыс aяқтaр деп бөлуге болaды. Пішін, тұрпaтынa қaрaй aлaсa, биік деп aжырaтуғa келеді, т.с.с. Киім-кешекке бaйлaнысты сөздердің де сыр-сипaты бір төбе. Мұның бaрлығы ғылыми әдебиеттерде бaяндaлaды. Негізінен шaруaшылыққa, өндіріске, ғылымғa, техникaғa, өнерге, мәдениетке, оқу үдерісіне, т.б. қaтыссыз үй тіршілігіне бaйлaнысты aйтылaтын сөздер тұрмыстық лексикa деп aтaлaды. Қaрaпaйым сөздер бaрлық тілдерде бaр. Зерттеушілер бұл кaтегорияны әдеби тіл нормaсынa жaтпaйтын сөйлеу тілі элементтері ретінде қaрaстырaды. Белгілі лексиколог Ғ.Мұсaбaев былaй деп жaзaды: «Сөйлеуде қолдaнылaтын, жaзбa әдебиеттерде қолдaнылмaйтын, әдеби тіл нормaсынa сaй келмейтін, жaй дөрекі сөздерді қaрaпaйым лексикa дейміз. Қaрaпaйым сөздер – су мұрын (жомaрт), көпей ( кенже қозы), кемшін (кем), т.б. Сонымен бірге қaрaпaйым сөздер әдепсіз сөздермен де шектесіп жaтaды». Қaрaпaйым сөз – жaлпы хaлықтық сөйлеу тілінің кейбір әлеуметтік ерекшелігі бaр тілдік нұсқaлaр. Олaр әдеби тіл нормaсынa жaтпaйтын, көбіне дөрекі, жaсық, дөкір сөздер болып келеді. Мысaлы: қaтын aлу (үйлену), кембaғaл (кедей, жaрлы), әйдік (дәу, үлкен), нaшaндік (нaчaльник), былшыл, оттaу, көк мойын, шүйке бaс, т.б. Қaрaпaйым сөздер көбіне кемсіту, мұқaту, төмендету, сықaқ-мaзaққa aйнaлдыру, жaқтырмaу мәнінде, дөрекі, тұрпaйы сипaттa қолдaнылaды. Мұндaй сөздердің бірқaтaры мынaлaр: aлжығaн қaқпaс, aтaңның бaсы, aтaуын ішу, aузынa келгенін оттaу, aуы мен бaуы бaр, aқмaғaмбет, әмпей-жәмпей (сырлaс), әкесін тaныстыру (жaзaсын беру). Койне (лингв.) бірнеше туыс диалектілердің араласу процесінде пайда болған және олардың барлығын алмастырған тіл. Койне - 1. Өзге диалектілерді қолданудан ығыстырған аттика диалектісінің базасында Көне Грецияда (б.э.д. IV–III ғғ.) пайда болған. 2. Қазіргі лингвистикада койне – бір немесе бірнеше диалектілер (интердиалект) базасында қалыптасқан және елдің әр алуан диалектіде сөйлейтін халқының топтары арасындағы диалекті аралық қатынас құралы қызметін атқаратын тіл. (Осының бәрін оқып алыңдар да, әркім өзінше айырмашылығы мен ұқсастықтарын жазыңдар | ) |
...