Фармакология тарихы. Жалпы рецептура
Автор: zhardem • Май 24, 2019 • Реферат • 2,296 Слов (10 Страниц) • 897 Просмотры
Тәжірибелік сабақтың күнтізбелік нұсқамасы
Тақырыбы: Фармакология тарихы. Жалпы рецептура.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Студенттерге фармакология пәні мен оның міндеттерін, дәрілік заттардың, дәрі-дәрмектердің, препараттардың түрлерін анықтауды, фармакопея, оның мағынасын, дәрі-дәрмектердің А және Б тізімдері туралы түсіндіру. Рецепт, анықтамасы, рецептің құрылымы, рецептура бланкілерінің түрлері және рецепт құрудың жалпы ережелерін оқыту.
тәрбиелік: Болашақ медицина мамандарына науқастарға сауатты кеңес беруге үйрету және дәрілермен жұмыс істегенде жауапкершілігін арттыру. дамытушылық: Студенттердің танымдық ойлау қабілетін, қорытындылау, талдау жасай білу іскерліктерін дамыту.
Сабақтың түрі: тәжірибе.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелесу,пікірлесу, SMART технологиясының элементтерін қолдану.
Сабақтың уақыты: 90 минут
Өткізілетін орын: аудитория
Пәнішілік байланыс: Жалпы рецептура, жалпы фармакология.
Пәнаралық байланыс: Латын тілі, терапия
Сабақтың жабдықталуы: интербелсенді тақта,компьютерлер жүйесі, оқулық,тестілер, рецептуралық бланкілер.
Қолданылған әдебиеттер:
негізгі: 1. Д.А.Харкевич«Фармакология с общей рецептурой»
2. В.В.Майский, В.К.Муратов «Фармакология с рецептурой» оқулығы
3.А.А.Астафьев, В.И.Белоконь «Руководство к практическим занятиям по фармакологии» оқулығы
қосымша: «Лекарственные средства» оқулығы М.Д.Машковский 16-изд. С.У. Байнекешова, Г.Н.Алмабаева Фармакология негіздері пәнінен іс-тәжірбиелік сабақтарына арналған оқу құралы
Білуі тиіс:
дәрі-дәрмектердің, препараттардың түрлерін, енгізу жодарын,рецепте жазылу жолдарын.
дәрілік түрлерге рецепт жазу ерекшеліктерін білу.
Сабақтың хронокартасы құрылымдық- логикалық сызбасы:
І Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин
ІІ Үй тапсырмасын сұрау – 20 мин
ІІІ Кіріспе нұсқау беру – 20 мин
ІҮ Оқушылардың өзіндік жұмысы – 35 мин
Ү Қорытындылау – 7 мин
ҮІ Үйге тапсырма – 5 мин
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқытушы аудитория мен оқушылардың сабаққа даярлығына көңіл бөледі және
сабақта жоқ оқушыларды белгілейді. Оқытушы оқушылардың сұрақтарына жауап
береді. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты олардың мотивацияларымен бірге аталады, сабақтың соңғы нәтижесі қалыптастырылады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Кіріспе нұсқау беру:
Ең алғаш дәріхана 1422ж. Солтүстік Европада ашылған. Ал Ресейде ең алғаш дәріхана 1581ж. ашылған. Мәскеуде 1673ж. 2-ші, 1682ж. 3-ші дәріхана ашылуына жарғы шығарылған.
Қазақстан аймағында ең алғаш дәріхана 1842ж. Орал қаласында Жәңгір ханның тұсында ашылған. Дәріханада дәрі-дәрмектер дайындалып, халыққа қызмет ете бастаған.
1880-1889ж. сібір күйдіргісін жараға ине шаншып, одан оны мүсәтір спиртімен өңдеп, темекі жапырағын қойып емдеген.
1940 ж. Ұлы Отан Соғысы жылдары Қазақстанда дәріхана саны 313-ке жетті. Ұлы Отан Соғысынан кейін фармацевтикалық мамандардың жетіспеушілігіне байланысты, 1951ж. Алматы мемлекеттік медицина институтында (АГМИ) фармацевтикалық факультет, ал Алматы, Қостанай, Орал, Шымкент медицина училищелерінде фармацевтикалық бөлімдер ашыла бастады. 1964 ж. республикада дәріханалар саны 838-ге, дәріханалық бекет 4789-ге, дәріханалық қойма 18-ге және т.с.с. көбейді. Сол жылдары әлем бойынша дәрі-дәрмек ең төмен баға СССР-де болған, сондықтан дәрі-дәрмектің бағасы халыққа тиімді болды.
...