Терминдік норма
Автор: Fati2002 • Октябрь 19, 2022 • Реферат • 255 Слов (2 Страниц) • 353 Просмотры
Терминдік жүйелердің жедел қарқынмен дамуына байланысты шешілуі тиіс мәселенің бірі - терминологияны нормалау болып табылады. Өйткені ғылым мен техниканың тілі танымның басқа құралдары сияқты дәл болуы тиіс. "Тіл еш уақытта түпкілікті қалыптасып болмайтындығын оның үнемі жетілу, даму үстінде болатындығынан көруге болады. Тіл халықтың өмірімен бірге дамиды"(Фуко, 1977).
Тілмен бірге оның нормасы да дамиды. "Норма" сөзі латын тілінен norma -ереже, үлгі деген мағыналарды білдіреді. О.С.Ахманова тілдік норма ұғымын "Адам сөйлеуіндегі тілдік құралдардың қолданылуын реттейтін қабылданған ережелер жиынтығы" деп анықтайды. Қазақ тіл білімінде тілдік норма мәселесін арнайы зерттеген ғалым Р.Сыздық осы саланың терминдерін ғылым тілінде тұрақты қалыптастыруға ықпал еткенін айта кеткен жөн. Профессор өзінің «Тілдік норма және оның қалыптасуы» (2001) деп аталатын еңбегінде норма, нормалану, қалыптандыру (кодификация) тағы басқа ғылыми ұғымдарға түсініктеме береді. Ғалымның сөзімен айтқанда «Норма - негізінен тілдің өзі ұсынған тәртіп, нормалану – сол тәртіптерді тілдің өзінің қалыптастыруы». Лексикалық норма дегеніміз - аталған тілдегі сөздерді қолданудың тәртібі, ал,нормалау үдерісі дегеніміз - норманы қалыптастыру болып шығады.
Лингвистикада "норма" ұғымын анықтауға деген бірін-бірі толықтыратын екі көзқарас қалыптасқан. Алғашқысы норманы тілдік құралдарды қолдануды реттейтін заңдылықтар ретінде қарастырса, екінші көзқарасты жақтаушылар норма деп қоғамдық тілдік тәжірибеде бекітілген және іріктелген, барынша тұрақты тілдік құрылымдардың қолданылуының жиынтығы деп түсінеді. Екі көзқарасты
...