Тау-кен өндіру кәсіпорны мысалында карьерлік автосамосвалдарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесін жетілдіру
Автор: zhar_nursultan • Май 1, 2024 • Лекция • 887 Слов (4 Страниц) • 105 Просмотры
Н.Б. Жаркеновтің
«Тау-кен өндіру кәсіпорны мысалында карьерлік автосамосвалдарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесін жетілдіру» монографиясына
КЕҢЕЙТІЛГЕН АННОТАЦИЯ
Нарықтық экономика жағдайында, әр кәсіпорын тәуелсіз және дербес өндірістік бірлік болған кезде, тау-кен кәсіпорнының негізгі міндетін орындаумен қатар, арнайы техника паркін, ең алдымен ауыр жүкті карьерлік автосамосвалдарды жарамды күйде ұстау бойынша өзіне тән емес қызметтерді орындауға тура келеді.
Ол үшін әрбір тау-кен өндіру кәсіпорны жанынан тау-кен-көлік бөлімшелері құрылды. Бұл көлік бөлімшелерінің негізгі мақсаты – пайдалы қазбаларды немесе тау-кен массасын ақаусыз техникамен шығару жөніндегі көлік үрдісін қамтамасыз ету үшін профилактикалық қызмет көрсетулерді және қалпына келтіру жөндеулерін уақтылы жүргізу. Бұл айтарлықтай қаржылық, материалдық және еңбек шығындарын талап етеді. Монография тақырыбының өзектілігі тау кен кәсіпорындарында карьерлік автосамосвалдардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету жүйесін уақтылы құру қажеттілігінде жатыр.
Монографияда карьерлік автосамосвалдар жұмысының тиімділігін орнықты арттыру техникалық қызметті дамытудың тиімді бағытын айқындау мақсатында техникалық пайдалану параметрлерінің өзгеру заңдылықтарын есепке алу негізінде карьерлік автосамосвалдарды тиісті техникалық қолдаумен қамтамасыз етілуі тиіс екендігі баяндалған.
Автор монографияда келесі тараулар мен тақырыпшаларға зерттеу жүргізген:
- ҚР ауыр жүкті карьерлік көлігін пайдалану мәселесінің жай-күйін талдау,
негізгі мәселелер және оларды шешу жолдары.
- ҚР аумағы бойынша жоғары жүк көтергіштігі бар карьерлік автосамос-
валдарды пайдаланатын кәсіпорындарға техникаға сапалы қызмет көрсету және жөндеу үшін қажетті өндірістік технологиялық жабдықтың және жарақтандырудың бөлінуін және жарақтандырылуын талдау.
- «Шұбаркөл-Көмір» АҚ тау-кен көлік цехының үлгісінде автосамосвалы
агрегаттары мен тораптарының пайдалану сенімділігі бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және талдау әдістемесін әзірлеу.
- Кәсіпорындардың іркілісіне және экономикалық көрсеткіштеріне әсер
ететін автосамосвалдардың агрегаттарының, тораптарының және жүйелерінің сенімділігі бойынша қауіптілігін айқындау.
- Жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі
техникалық орталықтарды құруға негізделген ауыр жүкті карьерлік автосамосвалдардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу.
- Карьерлік автосамосвалдардың істен шығуы мен ақауларын жедел
қалпына келтіру және жұмыстарды орындаудың еңбек сыйымдылығын уақтылы және жедел бағалауға негізделген технологиялық үрдісті ұйымдастыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу.
- Аумақтық белгісі бойынша карьерлік автосамосвалдарға техникалық
қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі техникалық орталықтың ұтымды орналасуын айқындаудың экономикалық-математикалық моделін әзірлеу.
- «Шұбаркөл көмір» АҚ-да БелАЗ карьерлік автосамосвалдардың жұмысқа
қабілеттілігін қамтамасыз етудің сандық сипаттамаларын есептеу әдістемесін әзірлеу (автоматтандырылған электр жетегі үлгісінде).
- «Шұбаркөл көмір» АҚ және «Карьертау» ЖШС тау-кен өндіру
кәсіпорындары үлгісінде карьерлік автосамосвалдардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі жүйенің негізгі ережелерін практикалық іске асыру.
Монография қазіргі заманғы оқыту технологияларын қарқынды қолданатын мамандарға, ғылыми ұйымдар мен оқу орындарының қызметкерлеріне, магистранттарға, студенттерге арналған.
...