Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Салыстырмалы-тарихи әдіс

Автор:   •  Июнь 19, 2023  •  Реферат  •  1,443 Слов (6 Страниц)  •  195 Просмотры

Страница 1 из 6

          Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

         Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті

                                      Филология факультеті

     

                                                                         Қазақ тіл білімі кафедрасы

                                                                                   

               

           

  БАЯНДАМА

                       Тақырыбы: Салыстырмалы-тарихи әдіс.

                                               Орындаған: КО-32 тобының студенті Серікбол С.

                                               Тексерген: Хасенов Б.Р.

                                       

                                        Қарағанды 2023

Тіл білімі ХІХ ғасырдың І жартысында философия, тарих, филология ғылымдарының ішінен бөлініп, өз алдына дербес ғылым болды. Үндіеуропа тілдерін салыстырып зерттеудің тарихы 4 кезенге бөлінеді:

Салыстырмалы-тарихи әдістің негізі қаланғаннан жас грам- матистерге дейін.

Жас грамматистер.

Жас грамматистерден Ф. де Соссюрге дейін.

Ф. де Соссюрден осы уакытка дейінгі кез.

Сонымен, жоғарыдағы ғалымдардың еңбектерінің тіл білім тарихындағы зерттеулерін төмендегідей топтарға жіктеуге болады.

Бұл ғалымдар өз еңбектері аркылы салыстырмалы әдістін тілдер және тілдік элементтер тарихын зерттеуде тиімді тәсі екендігін дәлелдеді. Осыған байланысты ХІХ ғасыр тіл білімі ось әдістің атымен тарихи-салыстырмалы тіл білімі деп аталды.

Тілдердін өзара туыстас болатындығын нақты деректер аркылы дәлелдеді.

Тілдер туыстығының дәлелі олардың грамматикалы құрылысындағы, сөз өзгерту жүйесіндегі ұқсастық, жақынды екенін ашты.

Тілдердің бір қалыпта қалып қоймайтынын, заман өткен сайын дамып отыратын тарихи құбылыс екенін баса айтып, тіл тарихын, оның  заңдылықтарын зерттеуге ерекше мән берді.

Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бет бұрыс XIX ғасырдың алғашқы он жылдығында орныға бастайды. Жаңа әдістің қалыптасуы - ежелгі заманнан басталатын лингвистикалық ой-пікір дамуының заңды, табиғи нәтижесі. ХҮІІІ ғ. соңғы жартысы мен XIX ғ. алғашқы жылдарында тіл ғылымының даму қарқыны, бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін айқын көрсетті. Осы уақыттарда әр елде салыстырмалы-тарихи әдіс негізінде жазылған бірнеше еңбектер жарық көрді. Осының негізінде салыстырмалы-тарихи тіл білімі қалыптасты. Өткен ғасырдың бас кезінде әр елде салыстырмалы тарихи әдіс негізінде жазылған бірнеше еңбек жарық көрді.

ХІХ ғасырдың ерекшелігі тілдер салыстырылып зерттеле бастады. Салыстырмалы-тарихи тәсіл - тіл тарихын білудегі негізгі құрал. Осы тәсіл көмегімен туысқан тілдердің шығу тегін аныктап, олардың диахрондық дамуын зерттей аламыз. Оның мақсаты ежелгі тілдерді қайта жасап, олардың грамматикасы мен сөздіктерін қайта жаңғырту болып табылады.

 Салыстырмалы-тарихи тіл білімін  қалыптастырған ғалымдар

Тіл білімі тарихында неміс ғалымы Ф. Бопп салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы деп саналады. 1816 жылы Ф. Бопп санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, герман, парсы тілдерімен салыстыра зерттеген еңбегі аркылы аталған тілдердің туыстығын дәлелдеді. Кейін бұл тілдерден жинақтаған материалдарын иран, славян, балтық, армян тілдері фактілерімен толықтыра келіп, 1833-1849 жж. «Үндіеуропа тілдерінің салыстырмалы грамматикасын» жазды.

Салыстырмалы-тарихи әдісті калыптастырушылардын бірі-дат ғалымы Р. Раск өзінің 1817 жылы шыққан исланд тілінін шығу тарихы жөніндегі еңбегінде «тілдердің сөздік жағынан бір- біріне ұксастығы тіл туыстығының кепілі бола алмайды, бір тілден екінші тілге сөз ауыса береді; тіл туыстығының белгісі - олардын грамматикалық жағынан ұксас болуында» деп дұрыс қорытынды шығарады.

Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің көрнекті өкілдерінің бірі-Я.Гримм. Оның 4 томнан тұратын «Неміс тілі грамматикасы» еңбегінде тілдің даму тарихын зерттеуге баса көңіл бөлініп, тілді хронологиялық жолмен салыстыруды қалыптастырды. Я. Гримм, әсіресе, тіл тірихының қоғам тарихымен байланыстылығына назар аударды. Тілдік құбылыстарды зерттейтін тіл тіл тарихы деген ғылымның лингвистика құрамында болу қажеттілігіне көз жеткізді.

...

Скачать:   txt (15.7 Kb)   pdf (101.8 Kb)   docx (11.7 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club