Мен таңдаған мамандық
Автор: AidosovaShapagat • Декабрь 20, 2021 • Эссе • 322 Слов (2 Страниц) • 2,854 Просмотры
Мен таңдаған мамандық
Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана атқаратын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын адам болмайды. Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Мен таңдаған мамандық – педагог-тәрбиеші. Маған балалармен жұмыс жасаған ұнайды. Балалар өте таза шынайы ақ парақ сияқты сол таза балаларға бар біліміммен тәрбиені беруде өз тәжірбиемдегі барлық білік білімімді балаларға бергім келеді.Ұлтымыздың келешек ұрпақтары заманымызға сай тәрбиелі ұрпақ болып өсуіне өз үлесімді қосқым келеді. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды.Қазіргі таңда осы сала бойынша оқып жатырмын. Келешекте білімді одан әрмен жетілдіре түсіп, мамандығым бойынша жұмыс жасағым келеді. Мұғалім, тәрбиеші – болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық иесіне дәл мұғалімге қойылатындай талаптар қойылмайды.Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мен мамандығымды мақтан тұтамын!
Айдосова Шапағат
...