Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инклюзивтік білім берудің нормативтік-құқықтық базасы

Автор:   •  Сентябрь 15, 2021  •  Реферат  •  714 Слов (3 Страниц)  •  3,231 Просмотры

Страница 1 из 3

Тапсырма 1.

Тақырыбы: Инклюзивтік білім берудің нормативтік-құқықтық базасы

Тапсырма: Тақырып бойынша конспект дайындау

   Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы көп уақыт бойы халықаралық қауымдастықтың назарында болып келді. Қазіргі уақытта көтеріліп отырған жалпы проблемаға байланысты біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан Адам құқығы туралы декларация, Мүгедектердің құқығы туралы декларация, Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген тұлғалардың құқығы туралы декларация, Бала құқығы туралы конвенция, Мүгедектердің мүмкіндігі мен ережелерін сақтаудағы тең құқығын сақтаудың стандартты ережелері түріндегі бірқатар нормативтік құжаттар жасақталған. 1989 жылғы 20 қарашадағы Бас Ассамблеяда Бала құқығы туралы конфенция қабылданып, баланың мүмкіндігін әлемдік деңгейде сақтай білу, оны дамытудың қажеттілігі қабылданды. Конвенцияның негізгі мақсаты - максималды түрде баланың қызығушылығын сақтау. Конвенцияның ережелері маңызды төрт талап негізінде (өмір сүруге қабілеттілік, даму, қорғау, қоғамдағы белсенді өмір сүруін қамтамасыз ету) қарастырылды. Конвенцияның 23-ші бабында «мүмкіндігі шектеулі баланың өмір сүруіне жағдай жасау» туралы мәселелер көтеріледі. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы, кәсіби еңбекке дайындығы, оларға медициналық көмек көрсету, денсаулығын нығайтудағы қажеттіліктердің қанағаттандырылуы туралы баса айтылады. Саламандық декларацияда (1994) «инклюзия» - бұл білім беруді дамытудағы басты бағыт деп есептеген. Инклюзивті білім беру жүйесінің ерекшелігі әрбір баланың қажеттілігі мен мүмкіндігіне қарай бейімделуге міндетті, бірақ жалпы білім беру мектептерде біріктіріп оқытумен қатар кейбір балалар арнайы мекемелерде білім алады. Жоғарыда аталған халықаралық құжаттарды жүзеге асыру нәтижесінде тоқсаныншы жылдары білім беру жүйесінде «инклюзия», «инклюзивті білім беру», «инклюзивті амал» бағыттары дами бастады. Қазақстан Республикасының арнайы білім беру жүйесі 90-шы жылдарда мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімделуін жетілдіру мақсатында халықаралық құқықтық актілер қабылданды, олар “Бала құқықтары туралы Конвенция” (1989) және “Мүгедектердің құқықтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету туралы ережелер” (1993), білім алуда ерекшеқажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және жағдайын реттеу үшін “Саламандық декларация” (1994). 2002 жылғы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдау туралы» заңы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, еңбек және кәсіби даярлығына байланысты проблемаларды шешуде тиімді жүйені құруға бағытталған қолдау көрсетудің әдістері мен формасын анықтайды.

Заңда мүмкіндігі шектеулі баланың лайықты өмір сүруін қамтамасыз етудің арнайы жағдаяттары қарастырылған:

жалпы кешенді медициналық, педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік тексеріс пен кәсіби диагностика жасау, оңалтудың жеке бағдарламасын құрастыру, медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік қызмет көрсету мен кәсіби еңбекке үйрету жолдарымен туғаннан бастап кәмелет жасқа келгенше көмек көрсетіледі;

мүміндігі шектеулі балаларды ерте жастан анықтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі мен Республика бойынша балалардың даму мониторингісін құру;

...

Скачать:   txt (11.1 Kb)   pdf (69.4 Kb)   docx (9.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club