Дос жүрегі
Автор: Алғазы Асанов • Апрель 14, 2023 • Статья • 898 Слов (4 Страниц) • 322 Просмотры
Аңдатпа
Қазіргі заманда нағыз досты табу өте қиын. Ия, бізбен бірге кафеге немесе киноға баратын адамдар көп, бірақ, қиын кезде қол ұшын соза алатын достарымыз аз. Менің құрдастарым, бір апта бұрын ғана танысқан адамдарды, досым немесе бауырым деп атап жатады. Менің ойымша бұл дұрыс емес, оларды дос ретінде қабылдау үшін, өмірдің сынақтарынан бірге өту керек. Ал, егер сенің жанында, уақытын, ақшасын немесе өмірін құрбан етуге дайын адамын бар болса, шынайы достық деген осы. Бұл өмірдегі өте құнды нәрсе, сондықтан оны қадірлеу керек.
Бұл мақалада Нағашыбек Қапалбекұлының «Дос жүрегі» атты шығармасы бойынша достық, бауырмалдық, жақсылық пен жамандық, көмек қолын созу, адамгершілік қасиеттер туралы баяндалады.
Бұл мақала тақырыбының өзектілігі: Қай заманды алып қарасаңызда, кез – келген уақытта адал дос табу ең үлкен мәселе болып табылады. Мен осы мақала арқылы қазіргі заманда адал дос табу және адал дос болудың өзектілігін жеткізгім келіп отыр.
Бұл мақала мектеп оқушыларына, студенттерге, жалпы жасөспірімдер аудиториясына арналған.
Кілт сөздер: достық, көмек қолын созу, бауырмалдық, адамгершілік.
Кіріспе
Біздің өміріміздегі болып жатқан барлық құбылыстар, ақша, жұмыс, заттар, материалдық құндылықтар және де т.б. барлық нәрселер келеді және кетеді. Бізбен бірге тек бізді қымбат деп санаған адамдар және бізге қымбат адамдар ғана қалады. Көбінісе біздің достарымыз туыстарымыздан да, тіпті, өзімізге жақын санаған бауырларымыздан да жақынырақ болады. Достықтың негізгі сапалық көрсеткіштері - сенім, толеранттылық, өзара түсіністік, өзара сыйластық, кездесуге және көмектесуге, қиын жағдайда қасында болуға қабілеттілік. Достық адамның ішкі күйін, оның қасиеттерін көрсетеді.
Достық - бұл адамдардың бір - біріне қаншалықты қызықты, маңызды және құнды екендігінің көрсеткіші. Достықтың негізгі сапалық көрсеткіштері-сенім, толеранттылық, өзара түсіністік, өзара сыйластық, кездесуге және көмектесуге, қиын жағдайда қасында болуға қабілеттілік. Нағыз достық – бұл көңілді компанияда жағымды қарым - қатынастан әлдеқайда көп нәрсе. Бұл тіпті адамдар арасындағы қасиетті рәсім.
Негізгі бөлім
Дос - адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
Адам баласынан досының қандай болғанын қалайтынын сұрасаң, талап-тілектерін тізіп сала береді. Алайда дәл осы талаптарға өзі жауап бере ме? Дәл өзі ондай мінсіз, адал досқа лайық па? Өкініштісі сол, оны ойлай бермейді. Досыңа талап қоярдан бұрын, ең алдымен өзіңнің қандай дос бола алатыныңды ойлау керек. Досқа қояр талаптарды алдымен өзіне қоя білген адам өзі де біреуге шынайы дос бола алмақ.
Міне, жоғарыда аталып достық ұғымына қатысты барлық критерийлер Нағашыбек Қапалбекұлының «Дос жүрегі» атты достық жайлы сыр шерткен әңгімесіндегі басты кейіпкер Қайыркеннің бойынан табылғаны, бұл әңгімені оқыған барша оқырман жандарға мәлім. Әңгіме авторы Нағашыбек Қапалбекұлы бұл әңгімесінде Қайыркеннің бойындағы досқа деген бауырмалдық, жанашырлық, еңбекқорлық, табандылық, адамгершілік қасиеттерін әсерлі түрде жеткізген. Қайыркеннің Таңатпен бала кезден бастап бірге өскендігін, бірге ер жеткендігін баяндаған. Тіпті Қайыркен адал досым деген Таңаттың қарыздары үшін өзінің бір айлық еңбек ақысы 200 сомын өзінің отбасы, әкесі, қарындастары аш отырсада берген болатын.
...