Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекции по "Музыке"

Автор:   •  Май 30, 2022  •  Курс лекций  •  23,349 Слов (94 Страниц)  •  217 Просмотры

Страница 1 из 94

МУЗЫКА

  1. Мектепке дейінгі музыка сабағындағы қызмет түрлері.

Балабақшадаға музыкалық тәрбие – баланың музыкалық мәдениетiн, музыкалық қабiлетiн нысаналы және түбегейлi дамыту, онын бойында музыкаға тебiренiп-толғана бiлудi, оны түсiнудi қалыптастыру.

Музыкалық тәрбие жас өспiрiмдерге әсер ете отырып, олардың рухани жан дүниесiн байытады, адамгершiлiктi өркениеттiлiгiн қалыптастырады, дүнитанымдық көзқарастарын кеңейтедi. Себебi, музыка поэзия сияқты есiту сезiмiн сиқырлап барыпжанда сұлулық толқындарын туғызады. Ал, сұлулық сезімдері адамнын сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз  нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйылуына көп көмегін көрсетеді. Сондай-ақ, музыка адам жанын эмоционалды толғандырып, ойлау, есте сақтау, қиялдау, зейін қою, ерік күші сияқты психологиялық қасиеттерінің дамуына, тіпті дене тәрбиесінін жетілуіне де жан-жақты әсер етеді. Музыканың адам жанына терен әсер етеді. Әртүрлі жағдайдағы баланың көніл күйіне байланысты шығарылған, әрі өмірі мен тұрмыс-тіршілігінен хабар беретін музыка ақпарат құралы ретінде көрінеді. Қарым-қатынас құралы ретінде бірінін тілін білмейтін адамдар музыка арқылы сөйлеспей-ақ,  бір-бірін түсінеді, яғни музыка байланыстырушы құрал ретінде көрінеді.  Тәрбие құралы ретінде  көркем, жарқын, мазмұнды музыкалық шығарма адам бойында эмоциялық сезім тудырып, жанға эстетикалык жағынан ісер етеді. Музыканың өзіндік әсем тілі бар. Осы тілді түсіне білуге үйрету қажет. Музыкалық талғам біртіндеп қалыптасады. Музыканы тындау, оны қажет ету талабы біртіндеп қалыптасады, көркем ойлау жүйесі дамып, жан-жақты дамыған жаны нәзік бола бастайды. Музыка сезімтал әсер ету құралы.  Адамға туылған кезінен бастап әсер етеді. Бала уату әнін, бесік жырын естіген бала жылауын тоқтатып, тынышталады. Серпінді марш ырғағын естігенде бала қозғалысы өзгеріп, қимылы жандана бастайды.  Баланың эмоцианалды елгезек қабілетінің болуы оны музыкаға ерте бастан баулуға байланысты. Музыка өз қызметін атқаруы үшін баланың бойында жалпы  музыкалық  қабілетті дамыту керек. Музыка – баланың адамгершілікті сипатын қалыптастырудың құралы. Сипаты жағынан әр–түрлі болып келген шығармаларды тындату арқылы, музыканытүсініп, күйзеліске түсуіне әсер етіп,патриоттық әндер арқылы Отанға деген  сүйіспеншілігін артыруға, халық әндері, билері, әр халықтың музыкасы арқылы сол халықтың салт-дәстүріне қызығушылығын артыруға мүмкіндік туады.

Музыка тыңдау қызмет түрі.

Программаның мазмұны үш негізгі эленментті қамтиді:

-Музыкалық шығармаларымен таныстыру, оларды сүйе, есте сақтай білуге, музыкалық әсерлерді жинақтай білуге тәрбиелеу :

-Музыканы тыңдау мәдениетінің дағдыларына тәрбиелеу;

-Музыка туралы алғашқы мәліметтер, есту әсерлерін жинақтау процесінде музыкалық талғамға тәрбиелеу;

Музыканы тыңдау бөлімі бойынша мектепке дейінгілерді тәрбиелеу программасының алдына нақты міндеттер қойылған:

-Балаларды қабылдауына жеңіл, осы заманғы классикалық, халықтық музыканың көркем үлгілерімен таныстыру;

-Балалардың музыкалық қабылдаушылығын , музыкада берілге-сезімге әсерлене отырып, жауап беру қабілетін дамыту;

-Музыка жайында бастапқы мағлұматтар беру, музыкалық шығармаларды есте сақтай білуге, олардың мазмұнын, сипатын, мәнерлерін ажырата білуге жеткізу, баға бере білу керек.

-Мектепке дейінгі жаста музыка мәдениетінің қарапайым негізін қалаумен бірге балалардың жас ерекшеліктері мүмкіндіктерінің өте шектеулі екенің ескеру қажет.

Ән салу қызмет түрі.

Музыканы орындау – музықалық шығарманы орындауға бағытталған музыкалық іс-әрекет. Әндету – вокалды шығарманы орындау іс-әрекеті.  Бала бақшадағы балалар әнді жаттау барысында оны бірнеше рет тындайды. Әнді дұрыс орындаудының қажеттілігі оларда дауыс ырғағын жалпы дыбыс шығарудың ықыласпен тындап алуды мәжбүр етеді. Ән салудың тәрбиелік маңызы ән тындаушыға жарасымды музыка мен сөз арқылы әсер ете отырып, айтушының өзіндік сезімін білдіруге мүмкіндік туғызып қоймайды, сонымен қатар өзгерістерді де эмоциялық ұғу, түсіну, сезімдерін оятады. Ұжым болып ән айту негізгі айрықша қуаныш тудырады. Бағдарламаның міндеті баланың өзіне қызықты женіл, өлендерді мәнерлеп айтуға үйрету. Керекті дағдыларды меңгерту үшін, балалардың музыка мазмұнын дұрыс түсінуге үйрету үшін көркемдік педагогикалық мазмұны құнды әнді қолдану керек. Мысалы, бесік жыры өленін айта отырып, қамқорлықты көрсету, еркелетіп әнді орындау.  Бесік жыры әні баланың тыныштанып, тез ұйықтауына көмектесетін ән. Сондықтан осы өлеңді бәсенді дауыспен және жай екпінде, бір қалыпты ырғақпен айту керек. Сонда балаға өленің мағынасы мазмұнды, түсінікті болады. Баланың өлең айту қабілетін қалыптастыруда әнді мәнерлеп айту қабілетін дамытудан басталады. Өлең айту кезінде қатесін түзетуге, өзінің дауысын ести білуге, өленің дұрыс айтылуына, оның ұзақтығын ескеріп, есту қабілетін дамытуға үйрету керек. Өлең айту барысында баланың енкеймей, тік отыруын қадағалау керек. Отыратын орындықтары баланың бойына сай болып, екі қолы тізе үстіне қойылуы керек. Ән салудың әдістері мен тәсілдері:  ән салуды үйрету әдістемесіне педагог алдын-ала дайындалуы керек. Ол әнді талдап, көркемдік сапасын анықтайды. Оқу тапсырмасын жүйелі өткізуде қолданылатын тәсілдерді ойластыру процесі екі кезеңмен сипатталады:  алдымен балаларды әнмен таныстырып, ән салу дағдыларын келістіріп үйрету қажет. Жатталған өлеңді өткінші қайталау барысында әнді мәнерлеп орындауын бекітіп, тәжірибеде өз бетімен қолдануын қадағалайды. Әнді жаттауда әнді мәнерлеп орындату қажетті тәсіл. Оған деген балалардың қызығушылығын арттыру.

...

Скачать:   txt (334 Kb)   pdf (473.4 Kb)   docx (95.8 Kb)  
Продолжить читать еще 93 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club