XX ғасырдағы қазақ әдебиеті
Автор: aknur96580 • Февраль 25, 2018 • Реферат • 10,844 Слов (44 Страниц) • 5,034 Просмотры
Жоспар:
1. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті
2. Ғ.Мүсірепов шығармашылығы
3. «Ұлпан» романына талдау
4. Қорытынды
XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің шынайылық сипаты, халықтығы, танымдық, тәрбиелік маңызы, өмірмен байланыстығы басты ерекшеліктері болды. Қазақ әдебиеті тарихының әлемдік әдебиет процесіндегі орны қалыптасып, мазмұндық және көркемдік жетістіктері айшықтала түсті.
XX ғ. екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихын жүйелей оқыту мен зерттеудің басты принциптері қарастырылды. Қазақ әдебиетінің алпысыншы жылдардан кейінгі даму сипаты туралы әдеби-эстетикалық, қоғамдық-саяси ойлардың маңызы мен мәні анықталды. С.Сейфуллин, Б.Майлин, Қ.Жансүгіров сықылды қазақ әдебиетінің негізін салушы жазушылардың шығармаларының әдеби айналымға оралды.
Қазақ прозасының жанрлық байлығы мен стильдік көп қырлылығы айшықталды.
Прозаның гуманистік мазмұнының тереңдеп, адамның адамгершілік және іскерлік қабілеттерінің суреттелді. Ауыл мен қала, өндіріс пен шаруашылық мәселелерінің көріністері, тоқырау белгілері, жұмысшы, шаруа образын жасаудағы ізденістер, жетістіктер прозада ерекше орын алған.
Белгілі қаламгер, көркем сөздің зергері Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің қазақ әдебиеті тарихында алатын орны ерекше. Оның шығармашылығы келелі де мазмұнды әдеби қорымызды байыта түскен әдебиетіміздің қазынасына қосылды. Шеберлік шыңына Ғ.Мүсірепов бүкіл қазақ әдебиетінің өрге ұмтылған үлкен керуенімен бірге адымдай отырып, көптеген жетістіктерге жетті. Туған әдебиетімен бірге түлеген жазушы шығармалары өмір шындығымен, замандастың даңқты істерімен тыныстаған. Ол бүкіл қазақ әдебиетімен бірге қанаттанып, қияға бірге құлаш ұрды. Шағын әңгіме, новелладан бастап, салалы роман мен кесек драмаға дейін жазушы жүріп өткен үлкен жол − алғашқы шағын әңгімелерден көп томдық эпопеяға, фольклорлық эпостан XX ғасырдың биік өнеріне шырқап шыққан қазақ әдебиеті дамуының бір дерегі мен дәлелі. Туған әдебиетіміздің осынау гүлдену, өсу жолында, оның әрбір кезең, белестерінде Ғ.Мүсіреповтің сіңірген еңбегі айрықша.
Ұлттық жаңа әдебиеттің қалыптасуында белгілі роль атқарған Ғ.Мүсірепов әңгімелері мен пъесалары, романдары мен повестері халық өмірінің елеулі кезеңдерін қазақ қоғамындағы әлеуметтік өзектерді, қазақ кедейлерінің мінез-құлқындағы құбылыстарды, ұлт болып қайта туу, жаңғырып, жасару жолымызды бейнелейді
Ана туралы новеллалар шоғыры алғаш рет 1934 жылы «Ана» атты кітапта топталып берілді. Онда «Адамның анасы», «Өлімді жеңген ана», «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы» новеллалары бар.
Отызыншы жылдары бастаған «Ана» циклын жетпісінші жылдары «Ұлпан» романымен түйіндеді. ХІХ ғасырдағы қазақ әйелінің трагедиялы ащы тағдырын суреттеген бұл романын жазушы 1974 жылы жазып аяқтаған болатын. Романда автор сол қара түнек феодалдық заманда өз ортасынан суырылып шығып жарық жұлдыздай ағып өткен айрықша адамды суреттеп берді.
«Ұлпан» романы бірінші рет «Жұлдыз» журналының 1974 жылғы 6, 7, 12 – сандарында жарияланды. 1975 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан осы шығармасын әуелікде повесть деп атаған. Автор кейіннен көп өңдеп, роман жасады. Оны үш бөлімге жіктеп, әр бөлімнің тарауларының қатар санын өзгертті, жаңа тарау қосты. Жазушының бас томдық шығармалар жинағының бесінші томына (1976) және таңдамалысының үшінші томына (1980) енді. Роман «Ұлпан ее имя» деген атпен орыс тілінде (аударған А. Белянинов) «Жазушы» баспасының 1976 жылы кітап болып шықты.
«Ұлпан» романына жазушы қайта-қайта оралып, әрқилы жөндеулер, толықтырулар жасаумен келеді. Сол жөнделген, түзетілген, толықтырылған нұсқасын жазушы таңдамалысының үшінші томында (1980) жарияланады.
Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» атты романында қазақ әйелінің әншейін қиялдан тумаған, жалған дәріптелмеген, өмірде нақты прототипі бар көркем бейнесін жасады. Шығарманың оқиғасы—XIX ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтарға негізделген. Жазушы бұларды шын болған күйінде емес, бұзып, бұрмалап көрсетіпті деген хаттар да басты образдардың болғанын растай түседі. Бір ғана өлкеде болмаса, басқаға беймәлім жандар себепті, осы адамдар туралы керағар пікірлердің орын алуы да дәлелді. "Ұлпан" романының жазушының тарихи материалдарды өзінің идеялық тұрғысынан қарап, өз ырқына бағындырып пайдаланған тарихи әлеуметтік шығармасы деп түсінеді. Романның соңында автордың "Сөз соңы" делінген түсініктемесі—осынау сөздің айғағы. Мұнда ол өз туындысын документті деректерге емес, ел аузындағы мәліметтерге сүйеніп жазғандығын ашық айтады. Бәрі де, Ұлпанның бейітін көргенде, Исахмет қария: "Ғабит, сен бұл кімнің бейіті екенін білетін шығарсың"—деп сұрады. Бұған ол: "Білемін, тастағы жазуын да оқып отырмын. Ұлпан шешеміздің бейіті,"—деп жауап қайырады. Сонда Исахмет: «Шешеміздің дегенін бүкіл Сибанның құлағына жағатын сөз. Ұлпан шешеміз аты жоққа ат берген, асы жоққа ас берген. Кедейлерге пана боған. Өзі Есенейдің ен байлығынан түк қызық көрмей өткен адам,"—дейді [6, 239]. Нұрғожа қарт күрсініп қойып: "Ондай адам қайда! Адалдығына қарап әулие ме дерсің, ерлігіне қарап еркек пе деп қаларсың дейді екен бұрынғылар,"—дейді. Нұрғожаны қолдаған Тайжан: "Есенейдей адамды көзі тірісінде ойлап алып, осы елді ел қылған сол шешең,"—десе, басқалары: "Аяғында сол Керейдің болыс-билері күндесе күңірене жүріп Торсан жалмауыздың дозағына апарып құлатты ғой,"—дейді. Бұдан әрі қарттар Ұлпанның бейітіне ақ тасты Торсан емес, Сибан елі орнатқанын әңгімелейді. Ғ.Мүсірепов романына негіз салған осы әңгіме. Шығарманың сюжеттік желісі де осы ізден шыққан. Кенесары тобына қосылудан бас тартып. Керей-Уаққа қарасты бес болыс елге ықпалы жүріп тұрған шондар Есенейге жастай күйеуге шығып, оны ақыл-ойымен, көркімен, ер мінезімін билеп-төстеп кеткен Ұлпанның айналасындағы дүйім жұртқа қалайша беделі өткенін, әділдік, қайырымдылық еткенін, ақырында Торсан жалмауыздың тұзағына түсіп, опат болғанын Ғ.Мүсірепов ел аузынан естіген күйде кітаптың мазмұны етіп алған. Мұнда дәуір танытқыш, өмір танытқыш құнды мағлұматтар мен құнарлы образдар, психологиялық суреттер мен көркем детальдар молшылық.
...