Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ә.Кекілбаев «Шыңырау»

Автор:   •  Май 25, 2022  •  Реферат  •  2,541 Слов (11 Страниц)  •  1,307 Просмотры

Страница 1 из 11

Кіріспе

Әбіш Кекілбаев қазақ халқының талантты жазушыларының бірі, көптеген мараппаттарға ие болған қазақ елінің еңбек сіңірген қайраткері деп ауыз толтырып айтуға тұрарлық азамат. Жалпы әдебиетті сүйіп оқитын оқырман үшін бұл өте дарынды және де жаңашыл қаламгер тұлғасының жан-жақты қырларының бірі болып табылады деп айтуымызға болады. Әбіш атамыз өзінің көркем шығармашылығының арқасында күллі қазақ халқының ыстық ықыласына ие бола білді. Оның ғаламның қыр-сырларын тереңінен бейнелеген туындылары бір ұрпақты ғана емес, тіпті бірнеше ұрпаққа тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге бере алды деп айтуымызға болады. Осы орайда, Әбіш Кекілбаев шығармаларында өз заманының айқын көрінісі анық таңбаланып отырды десек, артық айтқандық болмас деп ойлаймын. Жазушының Кеңес дәуірінде ғана емес, қазақ елі егемендік алған кезде де жазған еңбектері халқымыздың рухын асқақтатты, оң жолға бастады. Энциклопедиялық білімі бар сөз шебері Әбіш Кекілбаев сынды қазақтың талантты тұлғасы не жазса да тереңнен толғап, нақтылап, кешегі мен бүгінгі күннің байланысын, келер болашағы жайлы талдап жазған. Оның туындылары тәуелсіздіктің белсенді ұранына айналды деп айтуымызға болады. Бұл тұлғаның сөзі әрбір қазақтың ойына ой қоса білді, кеудесіне сара жол дарыта білді, биіктік пен тереңдіктің қандай болатынына айғақ болды. Сондықтан да, Әбіш Кекілбаев атамыз өз дәуірінің шынайы шежіресін жасап кетті деп білеміз.

Ақын Е.Дүйсенбай: «Құдай берген дарын –қабілеті арқасында ұстазы Әуезовтің ілтипат-ықыласын аударған Кекілбаев суреткердің әп дегеннен-ақ өз шығармаларына ел тағдырын, жер тағдырын, халық бейнесін, алтын арқау, асыл өзек желі еткеніне, тіпті де, таңдануға болмас. Өз түйсінуімше, осы тұрғыда ол ұлттық әдебиеттегі сирек құбылыс ғана емес, әлемдік деңгейдегі Толстой, Шекспир сынды титандармен үндес те, рухтас та деп ойлаймын,»[2]- деп, Ә.Кекілбаевқа өз бағасын беріп өткен болатын. Әлемдік әйгілі классиктерден қалыс қалмайтын қаламгердің қайсібір туындысын алып қарасақ та ел тағдыры мен халық бейнесі шынайы суреттелген. Сөз саптауы мен оқиға сюжетін қиюластырып құрастыруда өзіндік стилі қалыптасқан. Бұл да жазушының қаламына тән ерекшелік деп айтуымызға болады.

Негізгі бөлім. Әбіш Кекілбаевтың қайссыбір туындысын алып қарасақ та, өзіндік жазылу стилімен, көркемдігімен, сөз саптаулығымен, сюжеттік желісімен көзге түседі. Сол туындыларының бірегейлерінің бірі “Шыңырау”, “Құс қанаты”,“Бір шоқ жиде”атты повестеріне талдау жасау мақсат болып отыр.

Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» атты повесі Маңғыстау өңіріндегі әйгілі құдықшылар өмірі жайлы, яғни бұл кәсіптің әртүрлі қырлары жазылған шығармасы болып табылады. Повесть 1982 жылы жазылып шыққан. Повестегі басты көрініске негіз болған Маңғыстау өңірінде өмір сүрген өзінің ұмытылмас қолтаңбасын қалдырған әйгілі құдықшы-Қараш Бейнеубай Құлшарыұлы болып табылады. Ол кісі аты аңызға айналған құдықшы 1864 жылы туылған. Қай жерден су шығатынын тап басып айта алатын нағыз шебер құдықшы, қаншама елдің шөлін басып, мол сауап алған ерекше қабілеті бар адам болған деседі. Маңғыстау өңірінің көптеген жерлерінің жиырмадан астам құдықтардың көзін ашқан. Оның төңкерістен кейінгі «Қараш қазған» аталған құдығы әлі күнге дейін бар дейді мыс.

Оқиғаның басы Байсал деген байдың Үстірттегі ең шұрайлы деген жері шыңырау түбінен Еңсепке құдық қазып беруге қолқа салуынан басталады. Содан сол ауылдағы қариялар Еңсепке құдық қазғанға жарайтын қолайлы жерді көрсетеді. Бірақ Еңсеп қариялардың ақылына құлақ аспай, өзі қолайлы деп көрген жерін іздей бастайды

Ары қарай оқиғаның байланысуы Еңсеп Байсал байдың сұранысы бойынша құдық қазуға білек сыбана кіріседі. Құдықты ақыр соңында ала қырдың үстінде оқшау тұрған тастақ жүлгенің терістігінен қазатын болып бел буып, еңбекке жарамды деген түйелерді таңдап, жанына жора

...

Скачать:   txt (32.7 Kb)   pdf (69.9 Kb)   docx (16.7 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club