Құлжабасы шоқысы
Автор: elamanov • Апрель 12, 2024 • Практическая работа • 1,976 Слов (8 Страниц) • 81 Просмотры
12
Құлжабасы шоқысы (қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, сынып жетекшім Бейсенова А.А әңгімесінен)
Құлжабасы шоқысы – 1729-1730 ж. 40-45 күндік Аңырақай шайқасы болған жерлердің бірі. Ол Қордай ауданының Отар станциясы мен Шоқпар станциясының аралығында орналасқан.
Құлжабасы Аңырақай шайқасы кезінде қазақ сардарлары мен сарбаздарына тірек болған, әрі осы жерде маңызды биік шоқыны иемдену үшін екі арада кескілескен ұрыс болған жер.Құлжабасы биіктен ұрыс даласын бақылауға өте ыңғайлы шоқы болғандықтан, Төле би мен Қазыбек би кеңесе келе қазақ қолын басқаруға ержүрек, жас сарбаздардың бірін қойған, ал қарама-қарсы бағытта Сарбастаудағы «Доржы» биігінде қалмақтың адамы отырады.
Тарихи деректерге қарағанда екі жақтың әскері екі күн аңдысады. Үшінші күн таңертең қазақтың сарбазы сардарына жүгініп: «Осы шоқының басынан өгіздің терісін ағашқа керіп, қанат жасап төмен қарай ұшайын, алыстан көрген жоңғарлар мені көріп зәре-құты кетіп, алды-арттарына қарамай қашсын» деп өтініш айтады. Сардар: «Құласаң мерт боласың, райыңнан қайт» дейді. Ол алып қарақұстың қанатындай өгіздің терісінен қанат жасап, қолына бір қарын айранды қоса алып Қарашоқының биігінен төмен қарай ұшады да қолындағы қарынды жарып ішіндегі айранды төгіп жібереді. Көп ұзамай құзға соқтығысып қазақ сарбазы мерт болады. Қарама-қарсы «Доржы» биігінде жан-жағына қарап шолу жасап отырған қалмақ сарбазы қайта-қайта көзін уқалап: «Екі күн бойы адам деп отырғаным, алып қара құс болды-ау, саңғыт жасап кетті ғой, әттеген-ай, қазақтардың аруағы басым болды, жеткен жеріміз осы болды» деп өкінген екен. Сөйтіп, соғыста қазақ қолы жеңіске жетеді.
«Құлжабасы» шоқысында кезінде арқар көп болған. Аңға шыққан мергенге шығып келе жатқан күнмен сұлу, сымбатты болып әдейі орнатқан тұғырдай көрінген арқардың құлжасы өте әдемі көрінеді. «Бұл арқардың киелісі-ау» деп құралайды көзге атқан садақшы кезеген жебесін қайтадан қорамсағына салып кері қайтқан екен деседі.
Аңырақай шайқасы өткен жер ауқымды. Шығысы Алматы облысынан бастап, батысы Шу ауданынан ары асады. Көптеген дерек көздеріне сүйенсек, ұлт-азаттық соғыс қырық төрт күнге созылады. «Құлжабасы» шоқысы Аңырақай шайқасының темірқазығы деуге болады.
«Аңырақай»
1729 жылы жоңғар басқыншыларымен шайқас Қордайдың терістігіндегі қазіргі «Аңырақай» даласында болды. Қазақ жасақтарын ұрысқа Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек батырлар бастап кіреді. Бұл өзі қазақ халқының күш-жігерін, саяси тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтап қалудағы қабілетін көрсеткен даңқты шайқас еді. Осыдан кейін жоңғар едәуір әлсіреп, олармен текетірестің бәсеңдеуіне мүмкіндік берді.
13
Кебекбай Байторыұлы
Шыңғыс ханның бас уәзірі болған Майқы биден бері қарай ғұмыр кешкен қазақтың мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік елуден астам би-шешендері қатарында Қордай жерінде туып, өмір сүрген Кебекбай шешен аталады. Кебекбай Ноғайбай шешен екеуі Дулат, оның ішінде Жаныс, Қасқарау еліне би болған.
Кебекбай Байторыұлы 1800 жылы Мәтібұлақ деген жерде туып, 1887 жылы дүниеден озған. Кенен Әзірбаев: «Менің ақын болып өсуіме Керекбай шешеннің әсер, ықпалы көп болды», деп бағалаған. Кебекбай ел арасындағы небір күрделі, даулы мәселелерді бір ауыз сөзбен түйіндеп шешетін болған. Ол ақиқат жолында ешкімнің шені мен шекпенінен ықпай, небір ақиық төрелер мен батыр, билерге жөн сілтеген.
Кебекбай шешеннің Ноғайбайға ұстаздық рөлі (Құрманғали Уәлиұлы әңгімесінен)
Кебекбай шешеннің Ноғайбайға ұстаздық рөлі өз алдына әңгіме. Бір күні Кебекең Малдыбай жерін аралай жүріп атқосшыларымен Дәулетбақтың үйіне келіп түседі. Әңгіме үстінде Дәкеңнің баласы қонақтардың жанынан кетпей, әңгімелерін тыңдап, қолдарына су құйып, алдарына ас қойып жүріп, осы мінезімен шешенге қатты ұнайды. Кебекең Ноғайбайдың болар бала екенін танып, Дәулетбаққа: "Осы балаңды менің жаныма қосып бер" деп өз нөкерлерімен бірге ертіп алады. Ноқаңды тәрбиелейді, баулиды. Атасы Малдыбай да, әкесі Дәулетбақ та би болған тумысынан текті Ноғайбайдың ел ісіне ерте араласуына Кебекбай шешеннің ықпалы зор болған. Тәлім-тәрбиесін көп көрген ұстазы Кебекбай шешен қартайғанда билікті түгел Ноғайбай қолына алады. Кебекең 87 жасында дүниеден өтеді. Оның Жетісуға аса қадірлі тұлға болғаны қазасына қазақ-қырғыздағы атақты ақын-жыршылар даналығын, ғибратты істерін дәріптеп жоқтау айта келгенінен де көрінеді. Саналы ғұмыры шешеннің қасында өткен атақты Сарыбас ақын:
...