Ғали Орманов поэзиясындағы лиризм
Автор: t_nigara • Апрель 11, 2018 • Курсовая работа • 18,055 Слов (73 Страниц) • 1,393 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КІШІ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ
[pic 1]
Тақырыбы: Ғали Орманов поэзиясындағы лиризм
Секция: Әдебиет
Аты-жөні: Турдиева Нигара Адилжановна, 205 топ студенті
Оқу орны: Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі
Жетекші: Хахан Айжан
Жаркент 2016 жыл
Мазмұны
1.Тезис........................................................................................................................................3
2.Жоспар....................................................................................................................................4
3.Түйіндеме...............................................................................................................................5
4.Пікір.......................................................................................................................................6
5.Кіріспе....................................................................................................................................8
6.Негізгі зерттеу бөлімі............................................................................................................9
7.Қорытынды.........................................................................................................................31
8.Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................................32
9.Қосымша деректер.............................................................................................................33
Тезис
Ғали Орманов поэзиясындағы лиризм
І.Гипотеза: Дарынды ақын Ғали Ормановтың поэзиясындағы лирикалық сарын - адамзат пен табиғат арасындағы болмыстың тығыз байланысын үндестіру, сөз саптау, сөз иірімдерін қолданудағы ерекшеліктерін зерделеу.
ІІ.Өзектілігі: Ғали Орманов лирикасының көркемдік сипатын, кейіпкердің толғаныс, тебіреністерінің күйін ашу және адам мен табиғат арасындағы болмысты бірге алып қараған лирикалық өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктерді, ақынның даралығын айқындау
ІІІ.Зерттеліп отырған жұмыстың негізгі мақсаты: Ғали Ормановтың поэзиясы – ақынның халық өмірімен тығыз байланысты сипаттайтын реалистік поэзия. Осы құндылықты зерттеу арқылы ақынның 110 жылдық мерейтойына тарту ретінде ақын мұрасын кең насихаттау, өлеңдерін зерттеу арқылы қазақ әдебитіне өз үлесімді қосу.
ІҮ.Зерттеу әдістері:
1.Ғали Орманов поэзиясы мен орыс жазушыларының поэзиясына ортақ болып келетін сөз-образдары мен сөз-символдарының ұқсастығын үндестіру
2.Ауыз әдебиетіндегі жыр үлгісі ақынның алғашқы сусындаған бұлағы екеніне көз жеткізу
3.Ғ.Ормановтың жаңа дәуір талабына үйлесетін туындыларының қазақ өлеңінің дәстүр жалғастығы мәселесінің ішкі иіріміне үңілу, үндестігін салыстыру, жаңашылдығын жаңғырту
Ү.Зерттеу бөлімі: Ғали Орманов – лирик ақын. Оның лирикасының өзіндік сыры, өзіндік ерекшелігі бар. Аз сөзбен көп мағына беріп, өмір шындығының сурет сипаттарын лирикалық кейіпкердің толғаныс, тебіреністері арқылы бейнелеуі өлеңдеріне үңіле отырып, зерттеп зерделенеді.
ҮІ.Қорытынды: Ғали Орманов қазақ халқы өмірінде болған ірі-ірі қоғамдық өзгерістердің куәсі есебінде өз шығармаларында оны нақтылықпен суреттеп, адамдардың рухани өсуі, ішкі сезім күйін, жанды образдарын терең бейнелейді. Бұған сол тұстағы қоғамдық, саяси-әлеуметтік тұрмыстың көріністері де басты себеп болды. Ақынның үздіксіз ізденісі, ел ішімен үздіксіз байланысы, ауылда жиі-жиі болып, халық тіршілігінен, туған табиғаттан сусындау оның лирикасын оқырманының жан-жүрегіне дәл тигізіп отырады. Осындай ақынның ұлағатты өмірі әлі де зерттеуді талап ететін мұра екені сөзсіз.
3
Ғали Орманов поэзиясындағы лиризм
Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Ғали Орманов поэзиясындағы лирикалық сарындардың ерекшелігі
2.2 Ақынның өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкерлер
2.3 Толқынды қуған толқын-жыр
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қосымша деректер
4
Аннотация
Турдиева Нигара «Ғали Орманов поэзиясындағы лиризм» атты зерттеу жұмысында Ғали Ормановтың сыршыл өлеңдері қазақ поэзиясының деңгейін көтере түсіп, қалыптасып дамуына, өсіп-өркендеуіне үлес қосқан ақын мұраларын нақты деректерге сүйене отырып, ақын мұраларын насихаттау мақсатында ізденіс, зерттеу жұмыстарын жасады.
...