Шпаргалка по "Литературе"
Автор: aysulu00000 • Июнь 10, 2018 • Шпаргалка • 11,113 Слов (45 Страниц) • 857 Просмотры
1. ҚАЗ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ – ғылымның бір саласы. Қазақ тілі әдістемесі ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді. Қазақ тілі әдістемесі – тарихи жағынан дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, ең алдымен, оқушыға қандай тілдік категорияларды үйрету керек, қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйретуге болады деген мәселелерді қарастырады. Бүгінде кенінен тараған қазақ тілін оқытуда құрылымдық лингвистиканың теориялық мәліметтері ең бірінші қажеттілік болып саналады. Тілдің құрылымдық жүйесін толық меңгерту арқылы тілдік модельдер бойынша оқыту жүзеге асырылады. Функционалды лингвистика ғылымы тілдің коммуникативтік, яғни қарым-қатынас құралы ретіндегі қызыметін талдай келе, сөйлеудің грам аспектілерін қарастырады. Прагмалингвистика – тілді әсер ету интеракция құралы ретінде зертейтін ғылым. Қазақ тілін оқытудың прагмалингвистикалық негізі тіл үйренушінің қазақ тіл арқылы қазақ халқының мәдениетімен, тілді тұтынушылармен тікелей байланысқа түсу барысында басқа мәдениет өкілінің мінез-құлқын, астарлы ойын түсіне алу мүмкіндіктерін саралайды. Лингвистиканың жаңа саласы мәтін лингвистикасы тұрғысынан кәдімгі мәтін және күрделі фразалық тұтастық сөйлесім әрекетінде қолданылады. Психолингвистика адамның сөйлей алу қабілеті мен шет тілдерді меңгерудегі ерекшеліктерін зерттейді. Сол себепті неврология мен лингвистика ғылымдарының тоғысында пайда болған нейролингвистика ғылымның бүгінгі жеткен жетістіктері мен ашқан жаналықтары әдістемеде жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Паралингвистика – тілдік қатынас кезінде ақпарат мәнің жеткізу үшін вербалды құралдармен қатар айтылым ішіне енгізілген вербалды емес құралдарды зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Лингвомәдениеттану – бүгінгі күнде этнолингвистиканың ең жас тармағы, осы ғылыми пәннің мақсат – міндеттеріне тіл мен мәдениеттің, тіл мен этностын, тіл мен халықтық ділдің өзара байланыстарын зерттеу мен сипаттау жатады. Лингвомәдениеттану тіл арқылы ұлт мәдениетін танытуды көздейді.
2. ҚАЗ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТАРИХИ ДАМУЫ. Қаз т методикасының ғылыми негізі Қазан революциясына дейінгі дәуірден басталады. Қазақстанда педагогика тарихы және қаз тілін оқыту мәселелері Ы.Алтынсарин есімімен байланысты. Тіл мамандарының Кеңес одағы тұсындағы ең алғашқы зерттеулері мектепке керекті оқулықтар мен оқу құралдарын жасаудан басталды. М: 20-30 ж-рда мамандар тек алфавит, орфография, пунктуация, ана тілі оқулықтары, сөздіктер және басқа құралдар жасаудың айналасында еңбек етті. 1935ж. «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдісі» деген атпен жинақ шықты. 1936ж орта мектептің 1-4 сыныптарына арналған Сейіл Жиенбаевтің «Грамматика талдауыш», «Үлкендерге хат танудың методикасы», «Бастауыш мектепте кітап оқытудың методикасы», 1941ж «Қазақ тілі методикасы», 1942ж «Грамматикалық таблицалар», 1944ж «Жаттығу емле мен тіл дамыту», 1946ж «Қазақ тілі методикасы» деген еңбектер жарық көрді. 1940ж Ғали Бегалиевтің «Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасы», 1950ж «Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері» деген кітабы шықты. 1956ж Шамғали Сарыбаевтың «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» кітабы шықты. И.Ұйқыбаевтың 1957ж «Орта мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері», «Қазақ тілінде сөз таптарын оқытуға көмекші материалдар», 1962ж «Қазақ тілі методикасының очерктері». Бұл аталған методикалық еңбектерде морфологияны оқытуға талдау жасалынды. Әмеди Хасенов 1957ж «Жай сөйлем синтаксисін оқытудың кейбір мәселелері», «Пунктуацияны оқыту жолдары». Көшен Жолымбетов 1958ж «5-6 кл оқушыларында кездесетін орфографиялық қателерді түзету және болдырмау жолдары», «5-7 кл оқушыларының ана тілінен өз бетімен жұмыс жүргізу үшін қосымша тапсырмалар»(1961), «Қазақ орфографиясын оқытудың негізі»(1962). Шәріп Әуелбаевтің «Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясын оқытуға арналған құрылымдық схемалар»(1971), «Пунктуацияның қиын мәселелері»(1977), «Қаз т сабақтарының мазмұны мен жоспарлау үлгілері». Дәулет Әлімжанов пен Ыбырайым Маманов 1965ж «Қаз тілін оқыту методикасы» атты еңбегінде тілді оқытудың негізгі міндеттері, тәрбиелік мәні, оның ғылыми негіздері, басқа пәндермен байланысы, білім берудің методтары мен жолдары деген мәселеге тоқталды. Лексика саласында А.Айғабылов. Құрмалас сөйлем синтаксисін Халел Арғынов. Фонетика саласын М.Дүйсенбаева, А.Исабаевтар зерттеді. Қаз т методикасының ғылыми-теориялық мәселелері тіл білімімен қатар, мектеп тәжірибесіне де сүйенеді. Сондықтан озат тәжірибені мектеп тәжірибесіне ендіру – аса қажет. Себебі о.т. арқылы сабақтың методикасын жетілдіру, оқушылардың ақыл-ой дербестігін, танымдық қабілеті мен қоғамдық белсенділігін дамыту, білімге ынтасын арттыру, педагогикалық оқулар өткізу сияқты проблемалар іске асырылады.
...