Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Литературе"

Автор:   •  Апрель 5, 2018  •  Шпаргалка  •  5,393 Слов (22 Страниц)  •  659 Просмотры

Страница 1 из 22

22. Ұлттық қалыптасу дәуірінде қазақша ғылыми – көпшілік стильдің пайда болу ерекшеліктері қандай

Өткен ғасырдың II жартысында қазақ тілінде көпшілікке (ең болмағанда сауатты оқырманға) арналып, жалпы ғылым- білімнен де, кейбір ғылым салаларынан да мəлімет беретін, баяндайтын, түсіндіретін, насихаттайтын сипаттағы əдебиет жанры пайда болады. Зерттеуші Б. Əбілқасымов мұндай əдебиеттің тұңғыш үлгісі деп Н.И. Ильминскийдің “Самоучитель русской грамоты для киргизов” деген кітабының соңында берілген қазақша үлгілерді атайды. Ол текстер география, тарих, табиғаттану салаларынан мағлұматтар береді. Бұл стиль үлгілерін шағын мақалалар түрінде сол кезеңдегі қазақша мерзімді баспасөз беттерінен де табамыз. Медицина, ветеринария, шаруашылық мəселелеріне арналған жеке кітапшалар да жанры жағынан көрсетілген əдебиетке жатады. Бұлардың дені орыс тілінен аударылған дүниелер болғанымен, осы күнгідей дəл аударма ретінде қарастыруға келмейді, өйткені өткен ғасырдағы аударма ісінің принциптері қазіргіден бөлек болатын. Түпнұсқа текстің мазмұны ғана беріліп, сөздігі мен синтаксистік құрылысы жағынан дəлме- дəлдік сақталмайтын. Бұл əдебиеттің алдында хат танитындар арқылы қалың көпшілікке білім- ғылымның əр саласынан хабар беру жəне оны сол кездегі жұрттың сауаттылығы, білім дəрежесімен санасып, түсінікті, жеңіл, “жалпақ” тілмен білдіру мақсаты тұрды. “Оқұмұстардың (ғалымдардың – Р.С.) айтқан сөздері (жазғандары – Р.С.) қандай анық, қандай түсүнүкті, көптүрмей, семдірмей, дүрүсүн түсүндүреді де қойады, оқудың байдасы бұ” деп жанр авторларының бірі жазғанындай, өздері де ғылыми шындықты біршама дəл (“көптірмей”, “семдірмей”) беруді жəне түсінікті етіп баяндауды көздейді.

Қазақ тіліндегі алғашқы ғылыми көпшілік қолды əдебиеттің осы мақсаты оның тілі мен стиліне мейлінше əсер етті: мұнда баяндаумен қатар, түсіндіру сипаты кең орын алады. Мұны осы үлгідегі əдебиеттің стилъдік белгісінің бірі деп тануға болады. Түсініктеме текстің өз ішінде түпнұсқада болуы мүмкін, сонымен қатар, кейбір зат, ұғым, құбылыстардың не мəнін ашып немесе қазақша баламасын келтіріп түсіндіру де орын алады. Мысалы, 1897 жылғы қазақ үшін шығарылған календарьдағы планета туралы материалда: Осы күннен айналып жүретүн томалақтарды планета деп атайды. Оныңмəні жүретүн жүлдүз дегені. Мұнда соңғы сөйлем түсіндірме ретінде келтірілген. Осы календарьдан тағы мысалдар келтірейік: Көзге қойып қарағанда алыс нəрсені жақындатып, үлкейтіп көрсететін телескоп деген құрал бар... Бұл жарқыраған жұлдызды комета дійді, құйрықты жұлдыз дегені, бұлар бөтен күннің қауымынан келеді... Мəскеуде кəзір күндіз болса, Америкада (бір Америка деген жер бар) түн... Бұл мысалдарда білім-ғылымнан таным дəрежесі ғлі төмен көпшілік оқырманға сол білім-ғылымның əр саласынан хабар (информация) берумен қатар, сол хабарды түсіндіріп отыру принципі көзге түседі. Ол түсіндіру əр түрлі жолмен жүзеге асырылған. Көбінесе “деген құрал бар, деген жер бар” деген сияқты қосалқы баяндау амалы пайдаланылған. Айталық, Америка сөзі көпшілік қазаққа түсініксіз: ол заттың аты ма, адамның аты ма, іс- əрекеттің атауы ма, сондықтан жақша ішіне оның материктің аты екенін қазақтың “жалпақ тілімен” бір Америка деген жер бар деп түсіндермені қыстырады. Бұл стильге тəн белгілердің басты-бастылары мыналар:

1. Жартылай ғылыми мазмұнды болғандықтан, мұнда алғашқы ғылыми- техникалық терминдер қолданыла бастайды. Сөз жоқ, қазіргідей əр ұғымға сай орныққан, əр ғылым саласына қарай сараланған терминдердің жүйесі əлі жоқ. Бұл кезең – қазақ тілінде терминдерді жасаудың (немесе қабылдаудың) принциптері мен жолдары айқындалмаған, тіпті ол жөнінде сөз болмаған дəуір. Дегенмен білім- ғылымға қатысты терминологияның алғашқы нышандары осы кезде, аталған стильде көріне бастады деуге болады. Ол терминдер екі түрлі: көбі – түпнұсқадан – орыс тілінен – дайын түрде алынғандар: планета, комета, компас, телескоп, трахома, календарь, адрес, почта, миллион, спирт т.б.; бірсыпырасы қазақша баламасымен берілгендер: дəрігершілік (медицина), құрғақ жер, қара жер (суша), домалақ жер (земной шар), ойпат (впадина), жел (воздух), арал (остров), ауру (болезнь), науқас (больной), Жер (Земля), оқымыс (ученый), күннің тұтылуы (затмение солнца), айдың тұтылуы (затмение луны), Таң жұлдызы (Венера), Құс жолы (Млечный путь), ереже (положение), көшпелі халық (кочевой народ), күннің қауымы (солнечная система), ем (лечение). Ғылыми-техникалық терминдерді калька жолымен жасау нышандары XIX ғасырдың II жартысында сөз етіп отырған стильде басталады. Мысалы, бұрын қазақ ұғымында Айды планета – Жердің серігі ретінде тану жоқ болатын, сондықтан “жердің серігі немесе жолдасы” деген тіркес те қолданылмайтын, енді “спутник земли” деген ғылыми термин (ұғым) орысшадан калькаланып, “жердің жолдасы”деген тіркес түрінде берілген. Күн ату (солнечный удар), үй иесі (кибитковладелец), темір жол (железная дорога), жандық (живое, животное) дегендер де осы іспеттес.

...

Скачать:   txt (75 Kb)   pdf (151.2 Kb)   docx (30.3 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club