Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Казахскому языку"

Автор:   •  Декабрь 23, 2021  •  Шпаргалка  •  24,951 Слов (100 Страниц)  •  333 Просмотры

Страница 1 из 100
  1. Қазақ тілі методикасы ғылымы. Методиканың зерттеу объектісі, мақсаты  мен міндеттері.

Аталған пән – қазақ филологиясы мамандығының типтік оқу жоспарына енгізілген міндетті пән.

Ол – қазақ тіл ғылымын теориялық, практикалық тұрғыда оқытудың іскерлігін қалыптастыруды үйрететін пән.

Қазақ тілін оқыту методикасы – қазақ тілінің  ғылыми жүйесі мен ішкі заңдылықтарын оқушыларға творчестволық тұрғыда оқытып үйрететін дербес әдістері бар пән.

Ол гректің “metodike” деген сөзінен алынған, мағынасы – белгілі бір пәнді оқыту. Ол үнемі қалыптасып даму үстінде болады.

 Қазақ тілін оқыту методикасы ғылымы өзінің даму барысында үкіметтің негізгі құжаттарына сүйенеді. Педагогика, психология, лингвистика ғылымында болып жатқан жаңалықтарды үнемі негізге алып отырады.

Сонда қазақ тілін оқыту методикасы дегеніміз – қазақ тілін оқыту тәжірибелерінің қорытындыларына негізделген оқыту әдістері жайындағы ғылым.

Алайда, қазақ тілін оқыту методикасы ғылымы тілдің әртүрлі грамматикалық белгілерін ғана танытатын оқыту әдістерінің жиынтығы емес. Ол- туған тіліміздің тілдік қасиетін, оның өзіне ғана тән әртүрлі ерекшелігін танытатын, оқушының ой-өрісін дамытатын қазақ әдеби тілінің нормасына сай ойын сауатты, мазмұнды жеткізудің жолдарын көрсететін пән.

 Біз білеміз, кез-келген ғылыми пәннің алдына қойылған мақсаты, жүзеге асыратын міндеттері болады. Осы тұрғыдан келгенде қазақ тілін оқыту методикасы ғылымының да, өзінің зерттеу объектісіне сай міндеттері бар.

1.Мектепте пән ретінде оқытылатын қазақ тілінің әлеуметтік мәніне болашақ ұстаздың азаматтық борышын қалыптастыру;

2. Болашақ мұғалімді қазақ тілін оқыту методикасынан берілетін біліммен қаруландырып, олардың бойына оқушыларға бағдарламалық-тілдік материалды шығармашылық тұрғыда меңгерте  алатындай іскерлік қалыптастыру;

3. Болашақ мұғалімді мектепте оқытылатын материалдың көлемін белгілеп, соған арналған типтік бағдарламаны, оқулықты сауатты пайдаланудың жолдарын үйрету;

4. Болашақ мұғалімнің методикалық іскерлігін өз бетінше шыңдауға үйрету;

5. Болашақ мұғалімді оқыту процесінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді зерттеп, жүйелеуге, тиімдісін таңдап алуға үйрету;

6. Болашақ мұғалімге оқулық пен басқа да оқу құралдарын тиімді пайдаланудың жолдарын үйрету;

7. Болашақ мұғалімге қазақ тілінен ұйымдастырылатын сабақ түрлерімен, олардың дидактикалық құрылымымен таныстырып, ұйымдастырудың жолдарын үйрету;

8. Болашақ мұғалімді ғылыми методикалық еңбектермен өз бетінше оқып ізденуге үйрету.

Бұл жөнінде философ Е.О.Патон:

«Басқаларды оқытып — үйретуді нәтижелі болсын десе, ең әуелі педагогтің өзі оқуы керек. Оқығанда да әбден қартайғанша оқуы тиіс.» , - дейді.

  1. Қазақ тілі оқытудың дидактикалық принциптері. Жүйелілік принципі бойынша  орналасқан тілдік тақырыптар

Бұл тақырып педагогикамен оның ішінде дидактикамен байланысын аңғартып тұр. Біз білеміз, дидактика барлық ғылымды оқыту жолындағы әдістер теориясының жиынтығы немесе педагогика ғылымының оқыту әдістері жөніндегі бір бөлімі. Осы тұрғыдан келгенде де, қ.т.о.м ғылымы педагогика ғылымымен байланысты. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, қ.т.о.м сы оның ұстанымдары қазақ тілін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер педагогика ғылымының оқу тәрбие жөніндегі барлық теориясына негізделеді. Ғалымдар Д. Әлімжанов пен Ы. Маманов “ҚТОМ” деп аталатын еңбегінде мынадай принциптерді атап көрсетеді:

  1. Саналы білім беру және оқушының белсенділігін арттыру принципі

Бұл принцип бойынша қазақ тілінен өтілетін кез-келген тілдік тақырыпты оқушының саналы меңгеруі негізге алынады. Себебі, оқушы кез-келген тақырыпты қажетті сезінбесе, мұғалім оның қажеттілігі жеткізе алмаса саналы меңгеру болмайды. Сондықтан, оқушылардың белсенділігі де болмайды. Осы тұрғыдан келгенде үйретілген тілдік ережені құрғақ жаттамай саналы меңгеруі қажет.

Осы тұрғыдан келгенде, аталған принцип бойынша

а) біріншіден, тілдік қағида ережелерді оқушы өз бетінше түсініп, өз сөздерімен айтып беруге дағдыландырылуы тиіс.

...

Скачать:   txt (350.6 Kb)   pdf (448.1 Kb)   docx (112.7 Kb)  
Продолжить читать еще 99 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club