Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Казахскому языку"

Автор:   •  Декабрь 23, 2020  •  Контрольная работа  •  819 Слов (4 Страниц)  •  433 Просмотры

Страница 1 из 4

Бекжан Ақдидар

            Талдау үлгісі: 1. Сөйлемнің номинативті немесе еістікті екендігін анықтаңыз. 2. Логико-грамматикалық типін атаңыз. 3. Сөйлемді базистік, түпкі немесе екінші дәрежелі коммуникативтік талапқа сай трансформацияланған сөйлем екендігін анықтаңыз. 4. Егер екінші коммуникативтік талапқа сай сөйлем болса, трансформациялану себепті атаңыз. 5. Базистік қалыпқа сай құрыңыз.

1. Мынадай да болады: сенің институт бітіруің мүмкін, бірақ ұстаздық мектебінен өтпеуің мүмкін.

  1. Бұл сөйлем етістікті сөйлем, оған негіз болатын етістік сөз табынан жасалған.
  2. Логика-грамматикалық типі: қимыл мен оның сынының, объектісінің қатынасын білдіретін сөйлем.
  3. Екінші дәрежелі коммуникативті талапқа сай құрылған сөйлем.
  4. Мұнда ойды, яғни ұстаздық мектептен институт бітірсең де өтпей қалуың мүмкін екендігін оқырманға түсіндіру үшін, соны назарға алып, актуалдап тұрғандығын көре аламыз.
  5. Базистік қалпы: Сен институт бітіріп, бірақ ұстаздық  мектептен өтпей қалатын жағдайлар да болады.

2. Әуезовті қайталау ешкімнің қолынан келмейді. [Зейнолла Қабдолов «Әуезов»,55].

  1. Етістікті сөйлем.
  2. Логика-грамматикалық типі: іс иесі зат пен қимыл-әрекеттің қатысын білдіретін сөйлем.
  3. Бастапқы базистік құрылымдағы сөйлем.
  4. Сөйлем трансформацияланбаған.

3. Баққандары - осы тұсқа жақын Балқияның отауы. [Смағұл Елубаев «Ақ боз үй», 11].

  1. Етістікті сөйлем.
  2. Логика-грамматикалық типі: қимыл-іс пен сынының, объектісінің қатынасын білдіретін сөйлемдер.
  3. Екінші дәрежелі коммуникативті талапқа сай құрылған сөйлем.
  4. Балқияның отауын бағып, қарап жүргендіктерін актуалдап, соған акцент түсіру, соны ерекшелеп көрсету үшін трансформацияланып берілген сөйлем.
  5. Базистік қалпы: Олар осы тұсқа жақын Балқияның отауын бағып жүр.

 4. Әзберген, қолы байлаулы еңкиіп есіктен кіргенде байқағаны: төрде көзі шақшиып жапалақтай бір тұтам боп шырылдауық Шәріп отыр, оның оң жағында – маңдайы қасқиып Пахраддин, сол жағында – аруақтай аппақ, сақалын саумалаған Лабақ ахун. [Смағұл Елубаев «Ақ боз үй», 26].

  1. Етістікті сөйлем.
  2. Логика-грамматикалық типі: қимыл-іс пен сынының, объектісінің қатынасын білдіретін сөйлемдер.
  3. Екінші дәрежелі коммуникативті талапқа сай құрылған сөйлем.
  4. Әзбергеннің шырылдауық Шәріпті, маңдайы қасқиған Пахраддинді, сақалы саумалаған Лабақ ахунды бірден есіктен кіре сала байқағандығын актуалдап, соны баса назарға алып көрсету үшін трансформацияланған сөйлем.
  5. Базистік қалпы: Әзберген еңкиіп есіктен кіргенде  төрде сөзі шақшиып жапалақтай бір тұтам боп отырған Шәріпті, оң жағындағы қасқиған Пахраддинді, сол жағындағы аруақтай аппақ, сақалын саумалаған Лабақ ахунды байқады.

5.Содан кейін бір таң қалғаны – Шолпан жұлдызы болды. [Смағұл Елубаев «Ақ боз үй», 460].

  1. Етістікті сөйлем.
  2. Логика-грамматикалық типі: қимыл-іс пен сынының, объектісінің қатынасын білдіретін сөйлемдер.
  3. Екінші дәрежелі коммуникативті талапқа сай құрылған сөйлем.
  4. Оның Шолпан жұлдызына таңғалғандығын актуалдап көрсету мақсатында құрылған сөйлем.
  5. Базистік қалпы: Ол содан кейін Шолпан жұлдызына таңғалды.

6. Сопыйаның қазақшаға судай болатыны Талдыбұлақта қазақ ішінде туып, жастайынан қазақ балаларымен бірге ойнап өсіпті.

  1. Етістікті сөйлем.
  2. Логика-грамматикалық типі: қимыл-іс пен сынының, объектісінің қатынасын білдіретін сөйлемдер.
  3. Екінші дәрежелі коммуникативті талапқа сай құрылған сөйлем.
  4. Оның  Талдыбұлақта қазақ ішінде қазақ өскендік қазақшаға судай екендігін баса назарда көрсету үшін акцент қойып трансформацияланған сөйлем.
  5. Базистік қалпы: Талдыбұлақта қазақ ішінде туып, жастайынан қазақ балаларымен бірге ойнап өскендіктен Сопыйаның қазақшасы судай болатын.

  Талдау үлгісі: 1. Мәтін үзіндісіндегі сөйлемдерді актуалды мүшелеңіз. 2. Үзіндідегі субстантивтенген сөздердің коммуникативтік қызметін саралаңыз. Етістікті сөйлемдерді атап: 1. Сөйлемнің номинативті немесе еістікті екендігін анықтаңыз. 2. Логика-грамматикалық типін атаңыз. 3. Сөйлемді базистік, түпкі немесе екінші дәрежелі коммуникативтік талапқа сай трансформацияланған сөйлем екендігін анықтаңыз. 4. Егер екінші коммуникативтік талапқа сай сөйлем болса, трансформациялану себепті атаңыз. 5. Базистік қалыпқа сай құрыңыз.

...

Скачать:   txt (11.6 Kb)   pdf (373.8 Kb)   docx (11.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club