Төрт түлік мал туралы өлең жырлары
Автор: Aknur Sembaeva • Сентябрь 9, 2020 • Сочинение • 436 Слов (2 Страниц) • 2,006 Просмотры
Қазақ халқының негізгі күнделікті тіршілік күн көрісінің көбі мал шаруашылығымен байланысты болды. Төрт түлігімізге жылқы, қой, сиыр және түйе жатады. Сонымен қатар, кезіндегі жаугершілік заманда төрт түлік халқымызға жеуге азық, ішергі сусын, киюге киім міндетін атқарды. Сол себептен әлі күнге дейін төрт түлігімізді пір тұтамыз. Халқымыздың төрт түлікті жоғары бағалағаны сонша жанымызға жақын жандарды солармен теңеп, әртүрлі теңеу сөздер айтқан. Мысал келтірсек, әдемі үлкен көзді қызды «Ботагөз», мықты, сымбатты жігітті, «Жігіттің нары» деп атайды. Анасы баланы еркелетіп «қозым», «ботам», «құлыным» дейді. Күнделікті кездескен уақытта «Мал – жан аман ба?» деп амандық сұрауы да малдың ел ішінде киелі орын алатындығының белгісі. Сондықтан да мал жайында көптеген мақал – мәтелдер, қанатты сөздердің қалуы да бекер емес.
Жалпы халқымыз ежелден әр малдың өзінше әулие иесі, пірлері бар деп сенді. Сол себепті мал туралы тілек тілесе де, малға өз бағасын берсе де әуелі малдың «иелеріне» жыр арнады:
Шаруаның бір түлік пірі – Шопан,
Келтірмей қу, пір ата, қойға топан.
Ай мүйізді шоқпақтай, Шүйделері тоқпақтай,
Тегене құйрық қошқарлы, Малды берсең, қойдан бер...
Шопан ата — қой атасы. Қазақта дәулеттің ұйытқысы қой екендігінде дау жоқ. Елдің ырысы да, байлықтың кіндігі де осында. Қойдың қи-тезегіне дейін береке; өзіне төсеніш, жыртынды жер мен жайылымға тыңайтқыш, малшы-шопандарға қысқы-жазғы отын. Бір сөзбен айтқанда, бұл өңірде қой тұнып тұрған қазына-байлық іспеттес.
Шаруаның бір пірі – Қамбар ата,
Тілегенде, өзің бер ақтан бата. . .
Өңкей ала шұбардан,
Жал, құйрығы шұбалған
Айғыр берсең байсалды,
Үйірі толған байталды,
Өңкей мама бие бер
Сауған сайын иіген...
Қамбар ата – жылқы
...