Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тәуелсіз кезеңіндегі шығармалар

Автор:   •  Октябрь 2, 2025  •  Доклад  •  566 Слов (3 Страниц)  •  39 Просмотры

Страница 1 из 3

Ермаханбет Айгерім

ҚТӘ-41

Тәуелсіз кезеңіндегі шығармалар

   Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті — жаңа дәуірдің жемісі. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап ұлттық әдебиет жаңа белеске көтерілді. Кеңестік дәуірде цензураға ұшыраған, ашық айта алмай келген ұлттық ой мен азаттық идеясы енді еркін өріс тапты. Қазақ әдебиеті үшін бұл кезең — тарихи әділеттілікті қалпына келтіру, ұлттық сананы жаңғырту және жаһандану дәуіріндегі жаңа бағыттарды игеру дәуірі болды.

   1991–2001 жылдар аралығындағы әдеби дамудың айрықша сипаты – Кеңес дәуіріндегі әдеби үрдіспен, әсіресе оның соңғы кезеңінде әдебиетке қосылған «ақтаңдақтармен» сабақтастығы болды. Қазақ әдебиетін біртұтас үлкен кітап ретінде елестетсек, сталиндік қуғын-сүргін жылдарында оның талай тараулары жойылып, көптеген асыл беттері жыртылып, жоғалып кете жаздағаны белгілі. Сол «ақтаңдақ» аталған парақтар қайта толықтырылып, әдебиет қазынасына орала бастады. Кеңес Одағы ыдыраудың қарсаңында, 1988 жылдың сәуірінде Шәкәрім Құдайбердіұлы, сол жылдың желтоқсанында Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов сияқты ірі тұлғалардың шығармашылық мұрасы халқына қайта табысталды. Бұдан бөлек, ондаған ақын-жазушылардың еңбектері бұрынғы «жабық қордан» шығарылды. «Қамбар батырдан» өзгесі түгелге жуық оқылуға рұқсат алып, кезінде тыйым салынған жыраулар мұрасы мен фольклорлық шығармалар ел игілігіне қайта қызмет ете бастады. Бұл құбылыс – ұлттық әдебиет үшін зор жетістік саналды.

   Ұлттық-демократиялық бағыттағы әдебиеттің қайта жаңғырып, түлеп шығуы тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиетке де, ғылымға да елеулі ықпал етті. Мағжанның поэзиясы, Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы, Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» еңбегі және өзге де асыл қазыналарымыз ұлттық сөз өнеріне жаңа серпін, тың тыныс, соны тақырыптар әкелді. Бұрын көп атала бермейтін, аталған күннің өзінде «буржуазияшыл-ұлтшыл» айыбынан қауіптеніп, «ұлттық гүлдену» мен интернационалдық «қоян-қолтық араласу» төңірегінен аса алмай жүрген ойлар енді еркіндікке шығып, сөз өнері халқымыздың тағдырына тікелей қатысты ұлттық мәселелерге ден қоя бастады. Ұлттық тақырып енді таптық жіктелуден, халықты бай мен кедей деп бөліп, бір-біріне қарсы қоюдан, бітіспес күреске айдап салудан арылды деуге болады. Ендігі жерде ұлттық идея, ұлы мұрат, ел тәуелсіздігі мен елдік мәселесі – қазіргі қазақ сөз өнерінің басты өзегіне, алтын арқауына айналды.

...

Скачать:   txt (7.8 Kb)   pdf (59.4 Kb)   docx (9.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club