Тәуелсіздік жолында
Автор: Nazira01 • Декабрь 19, 2018 • Реферат • 1,191 Слов (5 Страниц) • 647 Просмотры
Шығарма.
"Тәуелсіздік жолында"
Жоспар:
I. Кіріспе
Менің отаным- Қазақстан.
II.Негізгі бөлім
а) "Қаралы Желтоқсан".
б) "Қазақстан- егемен мемлекет".
III. Қорытынды
"Тәуелсіздікке- 25 жыл"
"Отан үшін күрес- ерге тиген үлес".
(Халық мақалы).
"Адамзаттың асылы да, ардақтысы да, қысылғанда тірек сүйенері де, қуанғанда сүйенері де туған жері- өз отаны. Ертеден ақындардың ел- жұртын, өзінің туып- өскен жерін жырға қосуы, батырлардың туған ел топырағында өлсем деп арман етуі тегін емес",- деген екен журналист, Құттыбек Баяндин.
Менің туған жерім, атамекенім- Қазақстан. Қазақстан қазір де егемендігін алған, тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасының халқының өмірі мен тарихы өте тереңде жатыр. Қазақ халқы ел болып бірігу, ұлт болып ұйысу жолында талай белестерден өтті. Ғасырдан астам уақытқа созылған қазақ пен жоңғар арсындағы қанды қырғын соғысы, соның салдарынан халық тартқан қасырет- "Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама" нәубетін, үш ғасырға созылған Ресей империясына тәуелді болған бодандықты, бодандық құрсауынан шығып, еркіндікті, егемендікті аңсаған ұлт- азаттық көтерілістерді, ұлт мүддесін қорғаған, ұлт мәртебесі үшін қызмет жасаған қазақтың аса білімді, еңбекқор азаматтарын, зиялы қауым өкілдерін жаппай қырған "репрессияны", аштық жайлаған жұтты бастан кешті. Тарих толқынына көз жүгірте берер болсақ, қазақ халқының басынан өткерген, азап шектірген оқиғалар өте көп. Және де сол оқиғалардың бірі- Қазақ елінің Ресей империясының құрамына енуі 1922 жылы 30 желтоқсанда Кеңестік Социалистік Республикалар одағының, яғни бірнеше республикалардан құрылған мемлекеттердің одағы құрылғанда жарияланды. Осы КСРО құрамына ең алғашқы болып кірген 15 мемлекет арасында Қазақстан да бар еді. Қазақстан КСРО-ның құрамында болған кездерде өзінің ұлттық тілінен, дінінен, тарихынан, салт- дәстүрінен айырыла жаздады. Қазақ жерінде орыс мектептерінің ашылуы, көптеген жұмыс орындары мен мекемелерінің орыс тілінде жұмыс жүргізуі қазақ халқының өз тілін ұмыта бастауына әкеп соқтырды. Қазақтың ұлттық мейрамдарын тойлауды тоқтату, мешіттерге қарғанда христиандық көзқарастағы шіркеулердің көп болуы халықтың діні мен салт- дәстүріне деген көзқарасты өзгертуіне алып келді. Әлеуметтік жағдайлармен қатар, экономикалық жағддайлар да мәз емес еді. Қазақстанның мемлекеттік қорына тапқан табысының тек 1% - ы ғана түскен еді. Қазақстан бірде-бір мәселені өз бетімен шеше алмады. Жылдан- жылға Қазақстанның Мәскеуден келген келген бұйрықтарға тәуелдігі арта берді.
Осындай халықтың әлеуметтік жағдайы нашарланған, ауыр кезеңде, өз халқына дем берген, халықтың көзін ашу үшін, барлық шараларды қолданған, патриоттық сана- сезімі жоғары халық арасынан шыққан ақын- жазушылар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері еді. Мысалы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатұлы, Сакен Сейфулин, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Жансүгіров сынды қазақ халқының жанашыр ақын- жазушылары. Олар өздерінің айбынды, жігерлі сөздердің арқасында халықтың жүрегіне үміт отын ұялатып, жасөспірімдердің еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттырған.
Тәуелсіздік үшін өткен ең сұрапыл да, соңғы болған көтерілістің бірі- Желтоқсан көтерілісі. Халқымыз "Отан үшін- отқа түс, күймейсің",- дейді. Осы Желтоқсан көтерілісінде өз елінің тәуелсіздігі үшін қасық қаны қалғанша күрескен, өз өмірлерін тәуеліздік үшін пида еткен жас патриоттар қаншама?!
1986 жылы 16-19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық күресінде қазақ жастарының арасында табандылығын, қайтпас қайсарлығымен, батылдығымен көзге түсіп, елі үшін өмірін қиған: Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова сынды ержүрек жас студенттердің ерлігінің арқасында Қазақстан тәуелсіздікке бір қадам жақындай түскен еді.
...