Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мyсiлiм Базарбаевтын fылыми зерттеу және сыни енбектерi

Автор:   •  Октябрь 21, 2022  •  Дипломная работа  •  20,691 Слов (83 Страниц)  •  184 Просмотры

Страница 1 из 83

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Eліміз тәуелсіздік алғаннан бергі жиырма жылдан астам уақыт ішінде ғылымның барлық саласында еркін ойлауға, батыл болжамдар айтуға, нәтижелі ізденістерге баруға мол мүмкіндік жасалды. Cоның нақты дәлелі, әдебиеттану  ғылымы арнасында да көрініс табуда. Aлайда, соңғы жылдары шартты шектеулер мен жасанды перделер заман ағымына ілесіп, адамзат ойының алға дамыған рухани және ғылыми-теориялық қажеттіліктерін өтей алмайтындығын дәлелдеді.

Қазақ әдебиетін зерттеу, талдау, оқыту ісі жаңа міндеттерді жүктеді.  70 жыл бойы басқаша айтылып, басқаша уағыздалып келген әдебиет енді өз табиғатына лайық өмір сүріп, оның ерекшеліктері мен көркемдік, эстетикалық байлықтары терең ескеріліп, жаңаша зерттелуі қажеттігі туындады. Бұның өткендегі әдеби мұраға да, кешегі кеңес әдебиеті кезіндегі, бірыңғай саясатқа телінген әдебиетке де қатысы бар. Өткен ғасырлар әдебиетін, фольклор шығармаларын идеологиялық қосындылардан аршып алу біршама жеңіл болса, кеңес дәуіріндегі әдебиетті талдап айту едәуір қиынға түседі. Cебебі ежелгі әдебиеттің өз нұсқасы қанша дегенмен, сақталған. Aл, кеңес әдебиеті туа таптық ұран ұстаған, партиялық, коммунистік идеологияға сүйеніп өрбіген әдебиет болған соң, оның аты да, заты да мүлде басқаша қалыптасты. Бүкіл дүниежүзі әдебиетіне, әдеби тәжірибеге өзін қарсы қойып, жаңа заман адамдарының әдебиеті деп жариялады. Біркелкілік, ұқсастык,, көркем ойдың сүрендігі, айқай, ұранның басымдығы осыдан келіп шықты. Oйдан табылған социалистік реализм деп аталған көркемдік әдіс барлық халықтар әдебиетін бір қалыпқа салды. Oсындай жағдайда әрбір өнер адамының ойлау, жазу еркіндігі жойылды, нағыз таланттарға тұсау салынды. Kешегі замандағы орасан нөпір, дәмсіз-татусыз, қауқары жоқ туындылар соның салдары. Осы ойларды ғылыми еңбегінің өзегі етіп алған, қазақ әдебиеті тарихын зерттеуді дұрыс бағыттай білген, қазақ әдебиеті ғылымының өркендеуіне өлшеусіз еңбек еткен ғалым-зерттеуші – М.Базарбаевтың еңбек жолы қаптаған қаулылардың құрсауында қалған кезбен тұспа тұс келді.

Жұмыстың өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстанның кеңестік дәуір әдебиетін жаңаша бажайлаудың жобасын жасап, соның негізінде жасалған «20-30-жылдардағы қазақ әдебиеті», «40-50-60-жылдардағы қазақ әдебиеті» атты ұжымдық монографиялық зерттеулердің негізгі авторларының бірі және бас редакторы өзі болды. Ол әдебиеттің ақтаңдақ беттерін жинауға, насихаттауға басшылық жасай отырып, алаш әдебиетін зерттеуге мол үлес қосты.

Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен мұрасы туралы жазылған 1960 жылғы қолжазбаларын қайта қарап, толықтырып, ақынның өмірі мен шығармашылығын қамтитын «Шәкәрім ақын» атты ғылыми мақаласын           ұсынды. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде алғашқылардың бірі болып қалам тартты. Ғалымның еліміз тәуелсіздік алған соң, жаңаша көзқараспен жазған еңбектері «Замана тудырған әдебиет» (1997) атты жинағына енді. Ол еліміз егемендік алған соң, қазақ әдебиетінің тарихын қайта қарап, бұрынғы жазғандарын жаңа қырынан толықтырып үлгерді. Осы кітапқа енген «Аттила кім?», «Әдебиетші, ғалым, қоғам қайраткері» (Ә.Бөкейханов туралы), «Шәкәрім ақын», «Құдіретті өлең өнегесі. Мағжан Жұмабаевтың өлең әлемі» сынды тараулар ұлт әдебиетінің ақтаңдақ беттерін зерттеуге қосылған тың да, сүбелі үлес еді. Бұл кітапта ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы алаш әдебиеті жөнінде мол мағлұмат берілгендіктен жоғары оқу орындарында оқулықтың қызметін атқарды.

Тоқсаныншы жылдары М.Базарбаев тарихта Аттила, Атли, Этцель, Еділ, Аттылы аталып жүрген ұлы қолбасшы туралы алғашқылардың бірі болып қалам тербеген ғалым. Түркі дәуіріне дейінгі әдеби жәдігерлерді зерттеу еліміз тәуелсіздік алған соң күшейе түсті. Бұл тұста әдебиетшілер арғы тарих қойнауына үңіліп, түркі халықтарына ортақ жәдігерлерді зерттеуге кірісті. Осы бағытта қазақ әдебиетінің кешенді тарихын тиянақтау мақсатында он томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» зерттелді. Оның екінші томындағы түркі дәуіріне дейінгі әдеби жәдігерлер деп аталатын бөлімінде сақтардың «Алып Ер Тоңға», «Шу» дастандары мен ғұндардың «Аттила», «Көк бөрі», «Ергенекон» дастандары, «Хуастуанифт» әдеби жәдігерлері кеңінен зерттелді. Мұның өзі ғалым ұстанымдарының күн өткен сайын тереңдеп ене бастағандығын байқатады.

...

Скачать:   txt (281.5 Kb)   pdf (496.5 Kb)   docx (96 Kb)  
Продолжить читать еще 82 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club