Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

М.әуезовтің драмалық шығармашылығы және кеңес дәуірі сыны

Автор:   •  Сентябрь 10, 2020  •  Автореферат  •  3,094 Слов (13 Страниц)  •  705 Просмотры

Страница 1 из 13

Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті

 Филология кафедрасы

ОӘЖ  8 Каз (07) М 79                                                 Қолжазба  құқығында

Садуақасова Бақыт

М.Әуезов шығармашылығының кеңестік дәуірдегі бұрмалануы және бүгінгі көзқарас

6М020500 «Филология»

Филология ғылымдарының магистрі ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

РЕФЕРАТЫ

Семей қаласы, 2016 жыл

Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің филология кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекшісі:                        филология ғылымдарының кандидаты

                                                             Р.М.Мұқажанова

                                                              

Ресми оппоненті:                             филология ғылымдарының кандидаты,

                                                             Доцент А.О. Тоқсамбаева

                       

Диссертациямен  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ғылыми кітапханасында танысуға болады (050010, Семей қаласы, Абай көшесі, 94).

Автореферат 2016 жылдың  «   »  мамырда  таратылды.

Диссертациялық кеңестің ғылыми

хатшысы филология

магистрі:                                                                     Кәкімжанова Ә.Л.


Диссертацияның көлемі –      бет

Ғылыми жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Ғылыми жұмыс мынандай тараулар мен тараушалардан тұрады:

Кіріспе

1.  М.әуезовтің драмалық шығармашылығы  және кеңес дәуірі сыны  

1.1 «Еңлік-кебек», «Қаракөз», «Бәйбіше – тоқал» драмалық шығармаларының тарихилығы мен көркемдігі

1.2. М.Әуезовтің «Хан кене», «Түнгі сарын», «Абай» драмалық шығармаларындағы дәуір шындығы

2. Әдебиет тарихын жасау  жолындағы табыс пен талқы  

3.   Заман талабы, кеңестік сын мен жазалау  

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі –

Кілт сөздері: фольклор, пьеса, драма, трагедия, жанр, қазақ кеңес әдебиеті, комедиялық образ, классикалық әдебиет, синкретизм, кеңестік идеология, текстология, әдебиет тарихы, әдебиет сыны.   

Зерттеудің  өзектілігі. Халықтық асыл мұраларды зерттеп, зар заман ақындары шығармашылығын сараптауда көптеген іргелі зерттеулерге жол сілтер өзек болған ғалым Мұхтар Әуезовтің ғылыми еңбектері өз алдына зерттеу объектісі болуға лайық мұра.

        Халықтың тарихына, рухани мұраларына зеректік М. Әуезовтің қаламгерлік міндетін арттырып, өмір бойы сан алуан ғылыми ізденістерге ұмтылдырды. Мұндай ізденістердің бірі және бірегейі жазушы ғалымның халықтық әдеби туындыларды зерттеуі болып табылады. Ол өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастап фольклор тарихынан мақаламен тың зерттеу еңбектер жазды. Бұл еңбектеріндегі негізгі мақсат, өзі атап көрсеткендей – «... ескі күннен бастап Абай мезгіліне шейін қазақ тіліндегі шыққан сырлы сөздің түрлерін айырып, жік-жікке бөліп, әрбір дәуірден қадау-қадау белгі қойып, сол белгілер бойынша тарих шаңы басып жатқан ескіліктің желісін созып шығу болды». Ойша қаламгер шығармашылықтың бағзы заманнан бері қарай қоңыраулатып келе жатқан көші қай» кезеңде қай асудан асты, қай деңгейге жетті, міне, соның ұлы сүрлеуін тауып алуды мақсат тұтқаны аян.

...

Скачать:   txt (32.7 Kb)   pdf (190.7 Kb)   docx (22.7 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club