Мұқағали Мақатаев
Автор: adelaida.u • Ноябрь 10, 2018 • Сочинение • 368 Слов (2 Страниц) • 892 Просмотры
Мұқағали Мақатаев. Осы бір есімді есіткенде бойыма нәзік лириканың, сырлы сұлу өлеңнің толассыз ағыны келіп құйылғандай болады да тұрады. Оның небір жанды баурайтын өлеңдері қай қазақтың да рухани байлығы десек қателеспегеніміз болар. Өмірін өлеңге арнаған ақиық ақынның ғұмырында жазған өлеңдері оны әдебиет майданының биігіне шығарды. Асулардан асырып, белестерге жеткізді. Қазақтың маңдайына туа біткен Мұқағали ақын - бүгінгінің жастарына, олардың шығармашылығына индивид үлгі. Оның туындыларын түбегейлі тегіс жатқа айтпаса да, қызыға оқитын оқырман аудиториясы да кең. Ақын өз шығармашылығында адам жанының ең асыл қасиеттері деп танылатын барша қырларды айқын көрсетеді. Адалдық, адамгершілік, адамдық, ерлік, елдік, дәстүріне деген жан тәніменен берілгендік сезімдері, сондай-ақ өмірдің өзі мен сан қырлы мәні менен сәні жайында біраз философиялық ойлар жиі көрініс табады. Ақын шығармасын оқи отырып сөз қадірін тереңінен ұғынып, санаңа берік етіп түйесің. Бұл оның қаламының сиқыры ма дерсіз. Иә, Мұқағали қаламы үшкір, ойы ұшқыр мұзбалақ ақын. Оған ақынның кез келген өлеңі мызғымас дәлел.
Мұқағали қысқа ғана ғұмырында тек ақын ғана емес, жазушы әрі аудармашы да бола білген үлкен талант иесі. Оның өмірге келуінің өзі – поэзия ғой, шіркін! Осындай нар тұлғалы алып перзентті дүниеге әкелген ақын анасы оның қалай өмірге келуі жайында былай дейді: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отыратынбыз.» Шындап келгенде турасы осы болғанмен, құжат
...