Көркем шығарманы талдау үлгісі Т.Әбдік «Тозақ оттары жымыңдайды» әңгімесі
Автор: 080519 • Январь 29, 2021 • Творческая работа • 339 Слов (2 Страниц) • 2,599 Просмотры
Көркем шығарманы талдау үлгісі
Т.Әбдік «Тозақ оттары жымыңдайды» әңгімесі
Тақырыбы | Ұлт тағдыры |
Жанры | Хикаят |
Идеясы | Нәсілшілдер айқасы (өркениеттің, демократияның, мәдениеттің еш жазығы жоқ араку тайпасының жеке әлемін бұзуы) |
Көркемдік әдіс | Сюрреализм (өркениет қарқынын түсіне алмай, бойын қорқыныш билеген адамның санасына үрей қалай билік жүргізетіндігі баяндалады (Янумака бейнесі), психологизм (араку тайпасын қырған ақ нәсілділерден қашқан Киякудің психологиялық жай-күйі табиғатпен астастыра суреттеледі). |
Негізгі сарындар (мотивтер) | Жалғыздық (Жалғыз қалған Киякудің көңіл-күйі суреттеледі. М/ы: жалғыздық дерті жайлаған жан дүниесіне бір сәуле енгендей болып, еңсесін көтерді); Қорқыныш, үрей сарыны (өркениеттен үрейленген, қорыққан Янумака шал жынданып өледі. Ақ нәсілдер жаққан электр шамдары «тозақ» болып елестейді. Шығарманың «Тозақ оттары жымыңдайды» деп аталуы содан; Жатсыну (Янумака шалдың Пауланы ұнатпауы, ортаға қабылдамауы, түбінде бір қорқыныштың болатынын сезуі); Сағыныш (Киякудің өзінің бұрынғы өмірін сағынуы, аңсауы. М/ы: Осы тұста көкірегіне қақыратқан бір дерті сағыныштан көзінің алды тұмандануы). |
Негізгі концептілер | Тағдыр, өмір мен өлім, тозақ, уақыт. |
Мифопоэтикалық немес мистикалық көріністер | Янумака шалдың қызыл оттардан, жалыннан шошуы, тозаққа түскендей болуы. |
Жазушының стильдік ерекшелігі | Табиғат пен адамның көңіл-күйін астастыра суреттеуі, шығарманы баяндауда лирикалық шегіністі, ретроспекция әдісін пайдалануы (М/Ы.Анасынан шыр етіп түскенде әкесі оған «Кияку» деп ат қойды). |
Символдық астарлы мән | Янумака шал көрген «тозақ оттары» арқылы түбінде араку тайпасының жойылып, ең соңында ақ нәсілдер өркениетінің үстемдік орнататынын астарлап жеткізеді. |
Мекеншақ (Хронотоп): уақыт пен кеңістік ұғымы | Шығармадағы мекеншақ категориясы кешегі мен бүгінгіні еске түсіру, сағыну, үрейлену шеңберінде беріледі. Басты кейіпкер Киякудің (доктор Эдуард Бейкер) өмір кезеңдері, көңіл-күй тебіренісі реалды (бүкіл шығарманың өң бойындағы кейіпкердің басынан кешкендері) және перцептуалды (ақ нәсілділерден қашқан кездегі кеңістік пен уақыт шеңберінде өткен үдеріс, яғни 1 аптаға созылған уақытта үңгір, орман, ескі сүрлеу арасында адасуы) уақыт шеңберінде жүзеге асады. |
Көркем шығарманың композициясы | Сюжеттің басталуы (экспозиция) – Палателидің Эдуард Бейкердің емханасына келуі Сюжеттің дамуы – журналист Палателли мен доктор Э.Бейкердің арасындағы сұхбат Сюжеттік байланыс – үндіс бала Киякудің алғаш рет өзін жауапты, аманат арқалаған адам кейпіне енуі Сюжеттің шарықтау шегі – жалғыз өзі аман қалған Киякудің «белгісіз кеңістікке ұмтылуы» Сюжеттік шешім – араку тайпасының соңғы өкілінің өлімі (Э.Бейкердің дәрігерлік қызметіндегі жалғыз сәтсіздік) |
Көркемдік амал-тәсілдер | Шығармада кейіпкерлердің кескін-келбетін, психологиялық жай-күйін суреттеуде айшықтау мен құбылту түрделі, күрделі синтаксистік тұтастықтар пайдаланылады. |
...