Көркем шығармалар арқылы ұлттық тәрбие берудегі «Әке» бейнесі және оның дидактикалық сипаты
Автор: Улжан Адилова • Март 29, 2021 • Курсовая работа • 18,029 Слов (73 Страниц) • 1,297 Просмотры
Көркем шығармалар арқылы ұлттық тәрбие берудегі «Әке» бейнесі және оның дидактикалық сипаты
Мазмұны
Кіріспе | 3 | |
I | Көркем шығарманың дидактикалық сипаты | 7 |
1.1 | Қазақ әдебиетіндегі дидактикалық сипаттағы шығармалар | 10 |
II | Көркем прозадағы әкелер бейнесінің тәрбиелік мәні | 14 |
2.1 | «Абай жолы» роман-эпопеясындағы әке-Құнанбай: көркемдік және тарихи шындық | 14 |
2.1.1 | Абай – ұлттық тәрбиені жалғастырушы | 24 |
2.2 | «Ұшқан ұя» повесіндегі әке тәрбиесі | 27 |
2.2.1 | Бақытжан Момышұлы шығармаларындағы әке бейнесі | 46 |
Қорытынды | 49 | |
Пайдаланған әдебиеттер тізімі | 53 |
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Көркем әдебиет отбасы үшін үлкен тәрбиелік әлеуетке ие. Кейіпкерлер арасындағы жақсы қарым – қатынас суреттелген көркем шығармалар кейіпкерлері, бір жағынан, балаға еліктеу үшін үлгі ретінде, ал екінші жағынан – ата-аналардың педагогикалық мәдениетін жетілдіру мүмкіндігі саналады.
Бала әлемі отбасынан басталады. Алғашқы қадамдар, сөздер, баланың оқуға деген ынтасы ең алдымен отбасында пайда болады. Ата – ана мен бала қолындағы жақсы кітап бұл отбасында оқырмандық ахуал, рухани бірлік орнайтынының белгісі десек болады. Қашанда отбасы мен кітаптың байланысын жоғалтпау маңызды болып табылады.
Бала бойына құндылықтарды қалыптастыру олардың алатын рухани азығымен тікелей байланысты. Тұлғаны әлеуметтендіруде кітап үлкен рөл атқарады. Баланың кітап әлеміне кіруі бірінші кезекте балаларға арналған әдебиеттің көмегімен орын алады. Көркем шығармалар баланың ақыл-ойы мен қиялын нәрлейді, көркем шығармалар тұлғаның рухани дамуының қуатты құралы бола отырып, мінез-құлықтың жаңа әлемі мен моделін ашады.
Отбасы мен мектеп тарапынан балаға педагогикалық ықпал етудің қуатты құралдарының бірі ретінде көркем әдебиетті, әдеби кейіпкерлерді зерттеу тақырыбы өзекті болып табылады. Себебі «Адамзаттың ең ұлы қажеттілігі – жан қажеттілігі», - деген. Көркем әдебиет ақпаратты меңгеруге ғана емес, әдеби кейіпкерлердің адамгершілік қылықтарынан үйрену мен жиренуге әкеледі. Әдебиеттің көмегімен ата-аналар мен мұғалімдер балаларды адамгершілікке, ізгілікке үйрете алады.
Қазақ халқы қашанда бала тәрбиесіне аса бір сыни көзбен қараған. Ананың аялы алақанымен қатар әке де бала тәрбиесіне аса зор ықыласпен, айрықша ынта-жігермен ат салысқан. «Ана көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» деп халық мақалында айтылғандай, ер бала әкесінің іс-әрекеті, мінез-құлқына қарап еліктеген.
Жұмыстың негізгі мақсаты – көркем шығармадағы әке бейнесі арқылы ұлттық тәрбиенің қайнар көздерін ашу, шығарманың өн бойындағы құндылықтарды, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты қаламгерлердің көзқарасы мен ой тұжырымдарын ұрпақ тәрбиесіне үлгі ету.
Міндеттері:
- отбасы тақырыбына арналған көркем шығармалардың дидактикалық сипатын анықтау;
- кейінгі ұрпақ үшін өзекті де келелі мәселені халықтың аяулы, сегіз қырлы, бір сырлы перзенттері Абай, Бауыржан Момышұлы сынды жеке тұлғаның қалыптасуындағы әке тәрбиесінің әсерін зерттеу арқылы көрсету;
- Құнанбайдың әке ретіндегі көркем бейнесін роман-эпопеяға және ғылыми зерттеулерге сүйене отырып сомдау;
- Бауыржан Момышұлы шыншылдығының дәрежесі - оның адамгершілік кемелдігі дәрежесінің көрсеткіші және отбасы тәрбиесінің әсері екендігіне көз жеткізу.
...